21 өнімді құрайды. Маусым — көктем (мамыр).
Нұсқа 3. Мəдени жəне демалыс саябағы саласында орналасқан балалар
кафесі үшін ұннан пісірілетін, ұннан жасалатын қиын кондитерлік
өнімдердің ассортиментін əзірлеу (50 кісілік орын) Шығарылатын өнімнің
көлемі ауысым ішінде 650 дана өнімді құрайды. Маусым — күз
(қыркүйек).
2. 1.2-кестені толтыру (кестені толтыру үлгісі —1.3-кестені қараңыз).
3. Практикалық тапсырмалар нəтижесін ұсыну.
4. Студенттің жетістік күнделігін толтыру (1-қосымшаны қараңыз).
Тапсырмаларды орындау
бойынша әдістемелік ұсыныстар
Ұннан пісірілетін, ұннан жасалатын қиын кондитерлік өнімдердің
ассортиментін əзірлеудің түрлері өте көп жəне олар өз рецептерімен, түрлі
формасымен, өңделуі жəне дəмімен ерекшеленеді.
Ұннан пісірілетін, ұннан жасалатын қиын кондитерлік өнімдердің
ассортиментін əзірлеу кезінде мынадай факторлар есепке алынады:
■ шығарылатын өнімнің, қоғамдық тамақтандыру кəсіпорыны класы
жəне түрлері, беріктігі, кəсіпорынның мамандандырылуы жəне
орналасқан жері, келушілердің сұранысы жəне құрамы;
■ ұннан пісірілетін, ұннан жасалатын қиын кондитерлік өнімдерді
дайындау технологиясы жəне шикізат түрлері (пісірілген жартылай
фабрикаттардың түлері);
■ тұтынудың маусымдылығы (ұннан пісірілген, ұннан жасалатын қиын
кондитерлік тағамдардың маусымға байланысты креммен жəне кремсіз
қатынасы
);
■ қоғамдық тамақтандыру кəсіпорынының əрбір түрі жəне класы үшін
ассортименттік ең аз шамасы (7-қосымша қар.). Ассортимент
маусымдық, тапсырмалық жəне фирмалық өнімдердің есебінен кеңеюі
мүмкін;
■ келушілердің сұранысына сəйкес жаңа ұннан пісірілетін, ұннан
Кесте 1.2.Ұннан пісірілетін, ұннан жасалатын қиын кондитерлік өнімдердің
ассортиментін әзірлеу (тапсырма бойынша)
Рецептура нөмірі
Өнімнің атауы
Шығыс, г
Ауысымдағы өнімнің
саны, дана.