Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет113/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

51-сурет. Энергиялық алмасу ферменттерінің бірі – 
сукцинатдегидрогеназа (СДГ) белсенділігіне төзімділік жаттығуларының 
əсері (Images courtesy of John Faulkner and Timothy White)
Спорттық практикадағы төзімділік түсінігі. Төзімділік 
(шыдамдылық) дене сапасы спортшының жалпы дене дайындығы 
мүмкіндігін спорттық көрсеткіштерде жəне күнделікті өмірде 
қолдануымен анықталады. Төзімділік қасиеті адамның қан ай-
налу, тыныс алу, жүйке жүйесі қызметі жəне дене қуатын сақтау 
мүмкіндігімен анықталатындығы белгілі.
Төзімділік дене сапасы ретінде:
– жұмысты шаршамай бір қалыппен ұзақ орындау мүмкіндігімен;
– шаршау жағдайында жұмысты орындау жылдамдығының аза-
юымен көрінетін екі түрде анықталады.
Спорттық ғылымда төзімділікке спортшының шаршауға қарсы 
тұра білу мүмкіндігі деп анықтама берілген. Төзімділік дене са-
пасы барлық спорт түріне қажет. Ол бір спорт түрлерінде уақыт 


217
көрсеткіші бойынша (орташа жəне қашықтыққа жүгіру, спорттық 
жүріс), бірінде қозғалысты таза дұрыс орындап шығу (гимнасти-
ка, т.б.), ал енді бірінде үлкен жаттығу жүктемелерін орындай білу, 
жаттығу арасында жылдам қалыпқа келу арқылы көрініс береді.
Спорттық тəжірибеде төзімділік жалпы жəне арнайы деп екіге 
бөлінеді.
Жалпы төзімділік деп адам организмінің барлық мүмкіндіктері-
нің берілген жүктемені орташа қарқынмен ұзақ уақыт бірқалыпты 
жұмыс істей алуы жағдайын айтады.
Төзімділік дамуы:
– адам организмінің тыныс алу мүмкіндігі;
– жүгіру техникасын меңгеру сапасы;
– күш, жігердің даму сапасы жағдайлары арқылы анықталады.
Төзімділіктің негізі организмнің аэробты мүмкіндігі болып са-
налады. Оның көрсеткіші ретінде өкпенің тіршілік сыйымдылығы 
(ӨТС, л/мин) – өкпенің оттегін максималды қабылдау мүмкіндігі 
алынады.
Адамның жалпы төзімділігі организмнің жүрек-қантамырлар, 
тыныс алу жүйелері қызметі мен спортшының өзіне қажетті 
қозғалыс түрлерін үнемді пайдалану, сонымен қатар жүктемелерді 
орындағаннан кейін пайда болатын шаршау түрлеріне қарсы тұра 
білу мүмкіндіктерімен анықталады.
Арнайы төзімділік – cпортшының маманданған спорт түріне тəн 
атқарылатын жұмысты ұзақ уақыт жəне жоғарғы қарқында орындай 
алу мүмкіндігі. Мысалы, циклдік спорт түрлерінде арнайы төзімділік 
спортшының белгіленген қашықтықты белгілі бір жылдамдықта өту 
мүмкіндігімен анықталады. 
Кейінгі уақытта мамандар спринтерлік төзімділікті жеке көрсетіп 
жүр. Оған 1 минут уақыт аралығына дейінгі орындалатын 100-400 
метрге жүгіру, 500 метрге конькимен сырғанау, 50-100 метрге жүзу 
алынып отыр.
Арнайы төзімділіктің физиологиялық көрсеткіші спортшының 
анаэробты мүмкіндігі болып табылады. Бұл төзімділіктің тек 
энергиялық көрсеткіші болып табылады.
Арнайы жəне жалпы төзімділікспортшының барлық дене 
дайындығы көрсеткіші, психологиялық дайындығы, спорттық 
шеберлігі дəрежесі көрсеткіштері жиынтығымен пайдалы іске асы-
ра алу қабілетімен анықталады.


218
Адамның жалпы төзімділігін арттыруға арналған негізгі 
жаттығу түрлерінің бірі жүгіру болып табылады (15-тарауда 
жүгіру туралы толық баяндалған).
Төзімділікті арттыруға арналған басқа жаттығулар ішінде ең 
қарапайымы жəне қолдануға ыңғайлысы – жүгіру жаттығулары. 
Жүгіру жаттығуларымен жылдың барлық мезгілінде жеке-жеке 
немесе топталып жаттығуға болады. Жүгіру жаттығулары арнайы 
құралдар мен орындарды қажет етпейтіндігімен қолайлы.
Жүгіру кезінде адам организміне пайдалы əсер етуші жағдайлар 
көп болады, аяқпен жерге басу кезінде дененің төменгі бөлігіндегі 
қанның жоғары көтерілуіне жақсы жағдай туындайды, қан айналы-
сы жақсарып, қан жүру мүмкіндігі артады. 
Жүгіру жаттығулары адамның салауатты өмір сүруге 
бейімделуіне, денсаулығын нығайтуға көмектесетін дене тəрбиесі 
түріне жатады (Д. Оңғарбаева жəне əріпт., 2013).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет