212
Екіншіден,
тіпті,
көптеген
айлар
бойы
төзімділікке
жаттықтырудың өзі дегенмен төзімділікке қатысты айқын əсерлерді
тудыра отырып, яғни спорттық нəтижені, ОМП, баяу талшықтардың
жуандығын жəне тотығу метаболизмі ферменттерінің белсенділігін
жоғарылатса да, бұлшық еттердегі жылдам жəне баяу талшықтардың
қатынасын өзгертпейді.
Үшіншіден, қарқынды жаттықтырылған бұлшық еттерде тотығу
потенциалы жəне т.б. биохимиялық сипаттамасы жоғары болса да
осы жəне аз жаттықтырылған бұлшық еттердегі баяу жəне жылдам
талшықтардың пайызы бір маманданған спортшыларда мөлшермен
бірдей болады. Аяқ бұлшық еттеріне көп жүктеме түсе орындалатын
жаттығушыларда бұл бұлшық еттердегі баяу талшықтардың пайызы
қол бұлшық еттердегі шамасындай болады.
Төртіншіден, монозиготалы (генетикалық идентивті) жəне дизи-
готалы (генетикалық идентивті емес) егіздерді зерттеу нəтижелері
біріншілерде бұлшық еттердегі талшықтардың екі типі қатынасының
(тіпті, егер екеуінің бірі спортпен белсенді шұғылданып, ал
екіншісі шұғылданбаса да) өте таяу, ал екіншілерде бұлшық ет
композицияларының көп вариациялы болуының мүмкін екендігін
көрсетеді.
Сонымен бірге төзімділікке жаттықтыру кезінде жаттықтырыл-
ған бұлшық ет композициясында бəрібір де белгілі арнайы қайта
құрылулар жүреді. Спортшының жүктеме түскен бұлшық еттерінде
жылдам гликолиздік талшықтар (ІІ-В) жоқ десе де болады жəне жыл-
дам талшықтардың негізгі массасын жылдам тотығатын талшықтар
(ІІ-А) құрайды. Осылайша төзімділікке жаттықтыру баяу жəне жыл-
дам бұлшық ет талшықтарының өзгеріссіз қатынасы кезінде жылдам
талшықтардың басым бөлігінің (немесе бəрін) жылдам тотығатын
талшықтарға (ІІ-А) айналуына себепші болады. Бұл ұзақ төзімділік
жаттығуларын орындауға неғұрлым бейімделген жəне негізінен
аэробтық метаболизмге қабілетті талшықтардың жалпы пайызын
арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: