213
жаттықтыру бұлшық ет талшықтары саркоплазмалық кеңістігінің
ұлғаюымен көп мөлшерде байланысты
саркоплазмалық типті
жұмыс гипертрофиясына əкеледі.
Елеулі
маңызды өзгерістер мұнда, сонымен қатар бұлшық
ет талшықтарының жеке фибрилдер аралық құрылымдық
компоненттерінде, əсіресе,
митохондрияда жүреді. Төзімділікке
жаттықтыру үдерісінде бұлшық ет
талшықтарының митохондрия-
лық мембранасын құрайтын белоктар синтезі күшейеді. Нəтижесінде
бұлшық ет талшықтары ішіндегі митохондрия саны мен өлшемі ар-
тады. Жоғары білікті спортшыларда, мысалы, орталық жəне шеткі
митохондрияның көлемдік тығыздығы жаттықпаған адамдарға
қарағанда сəйкесінше, 50 жəне 300% көп. Спортшы жəне спортпен
шұғылданбайтын əйелдерде митохондрияның көлемдік тығыздығы
мен өлшемі ер адамдарға қарағанда азырақ келеді. Қаншалықты ми-
тохондрия саны мен көлемі артқан сайын (жəне сəйкесінше тотығу
метаболизмі митохондриялық ферменттер белсенділігі жоғары),
соншалықты бұлшық еттердің оған қанмен жеткізілген оттегіні
утильдеу қабілеті жоғары болады.
Бұлшық ет талшықтарының капиллярлануы. Төзімділікке
жаттықтыру бұлшық ет талшығын қоршап жатқан капилляр-
лар санының артуын тудырады, сондықтан ең əуелі бір бұлшық
ет талшығына келетін капиллярлар саны өседі.
Сондықтан
талшықтардың жуандауына (гипертрофиясына) қарамастан капил-
лярдан неғұрлым олардың ішіндегі алыстау (орталық) митохондрияға
дейін арақашықтық қалай дегенмен жаттықтыру алдындағы
арақашықтықпен салыстырғанда азаймайды. Жаттықпаған адам-
дарда бұлшық ет талшығының көлденең кесіндісінің 1 мм²
капиллярлардың орташа саны 325, ал жаттыққан адамдарда 400 бо-
лады.
Жақсы жаттыққан спортшыларда
бұлшық ет талшығы
5-6 капиллярлармен қоршалуы мүмкін. Ер адамдарда бұл сан
əйелдерге қарағанда бірнешеге жоғары болады. Баяу жəне жыл-
дам талшықтарда ортақ капиллярлар болуы мүмкін, бірақ орта
есеппен жылдам талшықтарға қарағанда (спортшылардағы сияқты
жаттықпаған адамдарда да) баяу талшықтар айналасындағы капил-
лярлар тығыздығы жоғары, ал жылдам гликолиздік (ІІ-В) талшықтар
айналасына қарағанда жылдам тотығатын (ІІ-А) талшықтар айнала-
сында көп болады.
214
Капиллярланудың күшеюінің тек төзімділік жаттығулары
кезінде өте белсенді болатын бұлшық еттерде байқалатынын жəне
жаттығуды орындауда белсене қатыспайтын
бұлшық еттерде бол-
майтынын баса айтып өткен жөн.
Бұлшық ет капиллярларының жоғары тығыздығы диффузия
беткейін арттырады жəне қан тамырларынан бұлшық ет жасу-
шаларына молекулалар өтетін жолды қысқартады. Бұл аэробтық
бұлшық ет жұмыс қабілеттілігінің жоғарылауына əкеледі,
сөйтіп
жұмыс атқарушы бұлшық еттерде қан айналымының жоғары
сыйымдылығын қамтамасыз етеді жəне капиллярлық-жасушалық
мембраналар арқылы энергиялық заттардың, ең əуелі оттегінің та-
сымалдануын жеңілдетеді. Осыдан неліктен стайер-спортшылар-
да (ұзақ қашықтыққа жүгірушілерде)
спортпен шұғылданбайтын
адамдарға жəне спринтерлерге (қысқа қашықтыққа жүгірушілерге)
қарағанда максималды бұлшық еттік қан айналымы мен капиллярлық
диффузиялық қабілеттің айтарлықтай жоғары болатыны түсінікті.
Достарыңызбен бөлісу: