290
бүйрек каналдарында натрий реабсорбциясы күшейген. Бұл зəрмен
натрий иондарының экскрециясы кідіруін қамтамасыз етеді. Бұл
үдерісте қан плазмасында альдостерон концентрациясы мен ренин
белсенділігінің жоғарылауы маңызды рөл атқарады.
Дене жаттығуларының алғашқы минуттарында плазма көлемі
дереу азайып, кейіннен тердің көп бөлінуіне қарамастан төмендеу
қарқынының баяулай бастайтынын атап өткен жөн. Альдостерон кон-
центрациясы, керісінше, жаттығу барысында бір қарқындылықпен
жоғарылап отырады
(59-сурет).
Ыстық жағдайларда жұмыс кезінде бүйректің қанмен жеткіліксіз
жабдықталуы организмде натрийдің кідіруі механизмдерін күшейтуі
мүмкін. Мұндай кідіру организмнің су балансын сақтауға мүмкіндік
береді, өйткені плазма көлемі жəне қалған жасушадан тыс сұйықтық
олардағы натрий иондарының мөлшеріне пропорциялы болады.
Ауа температурасы жоғары жағдайларда жұмыс кезіндегі бүйрек
вазоконстрикциясы мен жоғары дене температурасы нəтижесінде
зəрде белоктың пайда болуы (жұмыс протеинуриясы) мүмкін бола-
тын бүйрек шумақтарында өткізгіштіктің күшеюін тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: