Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет143/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Тер түзілуі жəне тер бөлінуі. Адамда жылу шығару, ең бастысы 
тыныс алу жиілеуі жолымен емес, тер бөліну есебінен жүреді. Тер 
бөліну жолымен булану энергияның көп шығындалуымен байланыс-
ты емес. Дегенмен, ұзақ көп тер бөліну сусыздануға (кеберсінуге) 
жəне тұздардың жоғалуына əкеліп, электролиттер балансын бұзады. 
Баланстың қалпына келтірілуіне тұз жəне микроэлементтерді пайда-
лану қажет етіледі.
Адам терісінде қызметі симпатикалық жүйке жүйесімен 
реттелетін 2 млн астам тер бездері бар. Олар терінің жергілікті 
температурасына да жəне ми орталықтары облыстары темпера-
турасына да сезімтал келеді. Тер бөліну ішкі жəне перифериялық 
температуралардың жоғарылауы кезінде максималды болады.
Тер түзілуі жəне тер бөлінуі жылдамдығы көптеген факторларға 
байланысты. Олардың ішінде ең бастылары энергия өндірілу 
жылдамдығы мен қоршаған ортаның физикалық жағдайлары (ауа 
температурасы мен ылғалдылығы) болып табылады. Егер сол 
бір дене жүктемесі түрліше сыртқы температура (өте төмен жəне 
өте жоғары температураны есептемегенде) кезінде орындалса
дененің ішкі температурасы бірдей болып тұрады, ал тер бөліну 
орташа тері температурасының сызықтық қызметі ретінде артады. 
Керісінше, тұрақты сыртқы температура кезінде орташа тері темпе-
ратурасы тұрақты, ал тер бөліну жылдамдығы өз кезегінде жүктеме 
қуаттылығы қызметі болып табылатын дененің ішкі температура-
сымен сызықтық байланысты болады. Сəйкесінше, неғұрлым орын-
далатын жұмыс қуаттылығы көп болса, соғұрлым сол орташа тері 
температурасы кезінде тер бөліну жылдамдығы жоғары болады. 
Сайып келгенде, тер бөліну жылдамдығы ішкі дене температурасы-
на сияқты жəне оның қабық температурасына тəуелді болады. 
Жоғары ауа ылғалдылығы тіпті, салыстырмалы төмен ауа тем-
пературасы кезінде де тер булануын қиындатады: тиімді тер булану-
ынсыз тер түзілу күшейеді. Тыныштық күйде 43°С ауа температура-


285
сы кезінде егер ауа ылғалдылығы 30-дан 84%-ға дейін жоғарыласа, 
тер секрециясы 3 еседен көбірек артады. Ауыр емес жұмыс кезінде 
ауа ылғалдылығының 30-дан 57%-ға дейін жоғарылауы тер түзілу 
жылдамдығын 2 есеге арттырады. 
Қарқынды спорттық əрекет кезінде тер бөліну жылдамдығы 
өте жоғары болады. Мысалы, ауа ылғалдылығы салыстырмалы аз 
жағдайда марафондық жүгіру кезінде жаттыққан спортшының тер 
бөліну жылдамдығы 20-25 мл/мин-қа (1200-1500 мл/сағ.) жетеді. 
Басқа осыған ұқсас жағдайларда ауа қозғалысы жылдамдығының 
артуы тер бөліну үдерісін жылдамдатады. Желсіз ауа-райында ауа 
ылғалдылығы жоғары кездерде тер булануы баяулайды, тер түзілу 
жылдамдығы төмендейді. Бұл дене температурасының қосымша 
көтерілуіне əкеледі. 
Ыстық жағдайларда болу барысында тер түзілу жылдамдығы 
біртіндеп төмендейді («қажу»). Бұл тіпті, судың жоғалуын толығы-
мен ішілген сумен толықтарған жағдайда да байқалады. Ыстық 
құрғақ ауа кезіне қарағанда жоғары ауа ылғалдылығы жағдайларында 
тер түзілу жылдамдығының төмендеуі неғұрлым айқын көрінеді. 
Тер түзілудің мұндай «қажу» үдерісінің табиғаты əлі ашылмаған. 
Егер адамның саунада (құрғақ ыстық ауа) қайталап болуынан кейін 
тер түзілуінің «қажуы» жүрсе, ал бұлшық ет жұмысы əлі де бол-
са, онда жеткілікті қарқынды тер бөлінуін тудыруға қабілетті келеді. 
Теріні дамыл-дамыл сүрту немесе ауа қозғалысы жылдамдығын ар-
тыра отырып, құрғату бұл жағдайларда тер бөліну үдерісін жылдам-
датады. 
Бірдей дене жүктемесі мен сыртқы температура кезінде ер 
адамдарға қарағанда, əйелдерде тер бөліну азырақ болатынын атап 
өткен жөн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет