281
Тыныштық күйде сыртқы температураның қолайлы темпера-
турадан жоғарылауы (18°С жуық) кезінде
жылу өткізу конвекция
арқылы күшейеді. Тек ауа температурасы 30°С-тан асқанда, яғни
тері температурасына жуықтағанда жылу шығару жылудың булану
жолы арқылы күшейе бастайды. Ыстық күндері қоршаған ауа мен
тері арасында температура айырмасы аз болғандықтан жылудың
конвекциямен жоғалуы минимальді болады. Сыртқы температу-
ра дене температурасынан асқанда (33°С жуық)
жылу алмасудың
бағытталуы қарама-қарсы жағдайға ауысады жəне дененің беткей
орналасқан ұлпалары жылуды қоршаған ортадан алады. Күн радиа-
циясы организмге қосымша термиялық күш түсіреді.
Жұмыс күйінде жылу шығарудың негізгі жолы тері беткейінен
тердің булануы болып табылады. Сыртқы температураның
жоғарылау мөлшері бойынша бұл механизмдердің рөлі арта түседі.
Тердің булану жылдамдығы тер түзілу жылдамдығымен жəне
қоршаған орта факторларының арасында
ауаның салыстырмалы
ылғалдылығы ең маңызды болатын кейбір физикалық сипаттамалар-
мен анықталады. Тердің булану жылдамдығы тері ылғалдылығы (Рт)
мен атмосфералық ауа ылғалдылығы (Ра) арасындағы айырмасына
байланысты. Тер түзілу жылдамдығының артуы Рт жоғарылауын ту-
дырады жəне осылайша аталмыш сыртқы жағдай кезінде тердің бу-
лануын жылдамдатады. Жоғары ауа ылғалдылығы кезінде тері мен
ауа арасындағы ылғалдылық градиенті (Рт-Ра) азаяды жəне тердің
булануы баяулайды. Қоршаған ауадағы су буының қысымы 40 мм
сынап бағанасына жоғарылағанда тері беткейінен тердің булануы
нөлге тең. Сондықтан тіпті,
ауаның жоғары температурасы, бірақ
оның оның салыстырмалы ылғалдылығы аз кезде спортшы ауаның
төмен температурасы мен жоғары ылғалдылығы кезіндегідей
қиындықты сезінбейді. Субмаксималды аэробтық жүктеме кезінде
жылу шығарудың 5%-ға жуығы ауа тасымалдау жолдарында судың
булануы есебінен жүреді. Қоршаған
ортаның ылғалдылығының
жоғарылауы кезінде жылу шығарудың бұл механизмі де əлсірейді.
Сайып келгенде, қоршаған ортаның жоғары температура-
сы ауа мен тері арасындағы, сонымен
бірге тері мен дене ядрола-
ры арасындағы температуралық градиентті азайтады. Бұл жылу
шығарудың қиындауына əкеледі. Аталмыш қиындықтарнеғұрлым
сыртқы температура тері температурасына жуық болған сайын
соғұрлым көп болады. Қоршаған ауаның жоғары ылғалдылығы бу-
282
лану жолымен жылудың жоғалуына кедергі келтіреді.
Ұзақ уақыт
жəне күш сала орындалатын спорттық əрекеттер кезінде ауа тем-
пературасы мен ылғалдылығының бір мезгілде жоғарылауы дене
температурасының шектен тыс жоғарылауына əкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: