319
О
2
мен СО
2
парциалдық кернеуіне бейімделу болып табылады.
Биіктік гипервентиляциясы альвеолалық ауадағы жəне сəйкесінше,
артериялық
қандағы О
2
парциалдық қысымының түсуіне кедергі
келтіреді. Бірақ биіктікте болған сəтте байқалған артериялық
қандағы О
2
парциалдық кернеуінің төмендеу дəрежесі бірнеше
апта бойы акклиматизация барысында тұрақты болып қалады.
Биіктікте қысқа мерзімдік болу кезінде ӨВ өсуімен бірге артериялық
қандағы СО
2
парциалдық кернеуінің төмендеуі жалғаса береді. Де-
генмен, биіктікке ұзақ мерзімдік акклиматизация нəтижесінде ол
жоғарылайды. Ол тыныштық күйдегі сияқты əсіресе,
бұлшық ет
жұмысы кезінде айқындалады.
Қан мен дененің басқа сұйықтықтарындағы
қышқылдық-
сілтілік тепе-теңдік биіктікте бірнеше күн болу барысында қаннан
бүйректер арқылы (бикарбонаттардың) сілтілердің күшті экскре-
циясы мен олардың зəрмен кетірілуі арқасында біртіндеп қалпына
келеді. Қаннан бикарбонаттардың күшті экскрециясы оның рН
қалыпты (7,40 жуық) мөлшерге дейін қалпына келгенде тоқтайды.
Алкалоздың төмендеуі өкпе вентиляциясының əрі қарай күшеюіне
əкеледі.
Жоғары биіктікке акклиматизацияланған
адамдар қанында
буферлік негіздер (сілтілік резерв) мөлшерінің азаюының теріс əсері
бар: метаболизмдік қышқылдардың (ең алдымен, сүт қышқылының)
түзілуімен жəне олардың қанға бөлінуімен байланысты бұлшық
ет жұмысы кезінде туындайтын ацидозға қарсы тұру қабілеті
төмендейді. Бұл жұмыс қабілеттіліктің төмендеуі себептерінің бірі
болуы мүмкін.
Артериялық қандағы лактат концентрациясы стандартты
субмаксималды аэробтық жүктемені орындау
кезінде биіктікке ак-
климатизация барысында төмендейді. Əрі сол адамға тəн қандағы
лактаттың максималды концентрациясы да ұзақ мерзімдік биіктікке
акклиматизация үдерісінде біршама азаяды.
Қан плазмасының көлемі биіктікте алғашқы бірнеше күндер
болу барысында жазықтағы көлеммен салыстырғанда төмен болады.
Сондықтан гематокрит көрсеткіші артқан жəне қандағы эритроцит-
тер мен гемоглобин концентрациясы жоғарылаған. Мұнда неғұрлым
биіктік жоғары болса, соғұрлым плазма жоғалту күштірек (гемокон-
центрация дəрежесі жоғары) болады.
Плазма көлемінің бас кезінде төмендеуі гипервентиляция мен тер
320
бөлінудің күшеюі нəтижесінде жалпы дегидратация салдарынан бо-
лады. Тауларда болғандағы алғашқы күндері суды жеткіліксіз пайда-
лану дегидратацияны күшейтуі мүмкін. Бұл кезеңдерде қатты шөлдеу
сезімі болмайтындықтан тіпті, сұйықтыққа
субъективті қажеттілік
туындамаса да оны қабылдау керек. Биіктікте əрі қарай болу
үдерісінде қан айналымдағы плазма көлемі бастапқы («жазықтағы»)
деңгейге дейін қалпына келеді. Орта биіктік жағдайында бұл үшін
бірнеше ай қажет болады.
Қандағы эритроциттер мен гемоглобин мөлшері биіктікте
болудың алғашқы күндері гемоконцентрациямен
байланысты
жоғарылайды. Гемоконцентрация артериялық қандағы оттегінің
қалыпты мөлшерін ұстап тұруды қамтамасыз етеді жəне осыған
орай организмнің гипоксиялық жағдайға тез бейімделуінде маңызды
рөл атқарады.
Тауда алғашқы күндері болғанда қандағы эритроциттер санының
шынайы артуына əкелетін
эритропоэз күшейеді. Ол 3000 м-ден
жоғары биіктікте 3-4 күн болғанда-ақ байқалады. Қан айналымдағы
үлкен өлшемдегі эритроциттер мен ретикулоциттер саны арта-
ды. 4800 м-ге дейінгі биіктікте эритроциттердің
жалпы саны мен
сəйкесінше концентрациясының артуы дəрежесі таулардың биіктігі
жəне онда болу ұзақтығымен сызықтық тəуелділікте болады. 6000
м-ге дейінгі биіктіктің артуы кезінде эритропоэз төмендейді. Шыңға
өрмелеушілерде (альпинистерде) 7000 м-ден асатын биіктікте
бірнеше күн болған соң эритроциттер мөлшері 8,5 млн/мм³-ге жетеді.
15-кестеде көрсетілгендей таудың тұрғылықты тұрғындарында
неғұрлым мекен орнының биіктігі артқан сайын соғұрлым эритро-
циттер мөлшері көбірек болады.
15-кесте
Достарыңызбен бөлісу: