323
Биіктікке акклиматизацияланған жазық тұрғындарында тау-
ларда болу кезінде
перифериялық тамыр кедергісі төмен бола-
ды. Коронарлық тамырлар, ми тамырлары жəне т.б. тамырлардың
кеңеюіне гипоксия стимул жасайды.
Мұндай өтемелі тамыр-
лар кеңеюі болмаса, қан көлемінің артуы, оның тұтқырлығының
жоғарылауы жəне оттегімен төмен қанығуы жүрек
жұмысына
өте көп жүктеме түсіруші еді. Биік таулы жердің тұрғылықты
тұрғындарында жазық тұрғындарына қарағанда
артериялық қан
қысымы біршама төмен болады. 3000 м жоғары биіктікте өмір
сүретін адамдарда өкпе тамырларында
кедергінің жоғары болуы-
мен жəне жүректің оң жақ қарыншасының гипертрофиясымен
жүретін
кіші (өкпелік) қан айналу шеңберінде қысым жоғарылайды.
Бұл өкпедегі вентиляция мен перфузияның неғұрлым бірқалыпты
қатынасын қамтамасыз етеді. Осының салдарынан альвеолалық ауа
мен артериялық қан арасындағы О
2
қысымы айырмашылығы азая-
ды. Жоғарыда көрсетілген өзгерістер жазыққа оралған кезде тек өте
біртіндеп барып жоғалады.
Достарыңызбен бөлісу: