Төмен жиілікті биологиялық ырғақтар тобына: аптаға жуық,
айға жуық, маусымдық, жылға жуық, көп жылдық ырғақтар жата-
ды. Осылардың əрқайсысының негізінде қандай да бір функциялық
көрсеткіштің нақты тіркелген тербелісі жатады. Мысалы, аптаға
жуық биологиялық ырғаққа зəрмен бөлінетін кейбір физиологиялық
белсенді заттардың деңгейі, айға жуыққа – əйелдердің етеккір циклі,
маусымдық биологиялық ырғаққа – ұйқы ұзақтығының, бұлшық ет
күшінің, сырқаттанудың, т.б. өзгерістері сəйкес келеді.
Көптеген ішкі ырғақтардың басқарушысы рөлін атқаратын адам
организміндегі ең маңыздыларының бірі – циркадты биологиялық
ырғақ барынша зерттелген. Циркадты ырғақтар түрлі жағымсыз
факторлардың əсеріне өте сезімтал келеді жəне осы ырғақты жоятын
жүйенің жұмысының бұзылуы организмдегі сырқаттың алғашқы
симптомдарының бірі болып табылады. Адам организмінде 300-
ден аса физиологиялық қызметтердің циркадалық тербелістері
анықталған. Барлық бұл үдерістер уақытпен келісілген. Тəулік
барысындағы ОЖЖ əртүрлі күйі көп жағдайда организмнің басқа
физиологиялық жүйелерінің түрлі белсенділігін анықтайды. Ересек
адамда қан айналу, тыныс алу көрсеткіштері, дене температурасы
жəне т.б. қызметтері түнгі сағат 2-4-ке дейін минималды болады.
Физиологиялық үдерістер оптималды активті болып, күндізгі сағат
1-2-ге дейін сақталады. Көптеген тəулікке жуық үдерістер күндізгі
сағат 4 пен 8 аралығында максималды жəне түнде немесе ерте таңғы
сағаттарда минималды мəндерге жетеді. Мысалы, адамның дене тем-
пературасы түнде ең төменгі температураны көрсетеді. Таңға жуық
ол жоғарылайды жəне күннің екінші жартысында максималдық
мəнге жетеді.
331
Адам организміндегі физиологиялық қызметтердің тəуліктік
тербелісінің негізгі себебі зат алмасуды төмендететін немесе
жоғарылататын жүйке жүйесі қозғыштығының кезеңдік өзгерісі
болып табылады. Зат алмасу өзгерісінің нəтижесінде түрлі
физиологиялық қызметтердің өзгерістері де туындайды. Мыса-
лы, тыныс жиілігі түнге қарағанда күндіз жоғары, түнгі уақытта ас
қорыту мүшелерінің қызметі төмен болады.
Дене температурасының тəуліктік динамикасы толқын тəріздес
сипатта болатыны анықталған. Шамамен, кешкі сағат 6-да темпера-
тура максимумға жетсе, ал түн ортасында төмендейді: оның мини-
малды мəні түнгі сағат пен таңғы 5 аралығында болады. Тəулік ба-
рысында дене температурасының өзгерісі адамның ұйқыда болуына,
немесе қарқынды жұмыспен шұғылдануына байланысты емес.
Дене температурасы биологиялық реакциялар жылдамдығын
анықтайды, күндіз зат алмасу барынша қарқынды жүреді. Тəуліктік
ырғақпен ұйқы жəне ояну тығыз байланысты. Ұйқыға өзіндік ішкі
сигнал дене температурасының төмендеуі болады. Тəулік барысын-
да ол 1,3°С-қа дейінгі амплитудамен өзгереді. Бірнеше тəулік бойы
əр 2-6 сағат сайын дене температурасын тіл астынан өлшей отырып,
ұйқыға кету моментін, ал температуралық шыңдар бойынша макси-
малды жұмысқа қабілеттілік кезеңдерін анықтауға болады. Күндіз
ЖЖЖ өседі, артериялық қан қысымы жоғары, тыныс алу жиірек
болады. Келесі күні оянған соң ЖЖЖ, артериялық қан қысымын
жоғарылататын, барлық организм қызметін белсендіретін қанда
адреналин мөлшері жоғарылайды, осы уақытта қанда биологиялық
стимуляторлар жинақталады. Кешке қарай бұл заттардың
концентрациясының төмендеуі тыныш ұйқыға жағдай жасайды.
Ұйқының бұзылуы көбіне, толқу мен абыржумен қатар жүретіні
белгілі: мұндай жағдайларда қанда адреналин жəне т.б. биологиялық
белсенді заттардың концентрациясы жоғарылайды, организм ұзақ
уақыт «жауынгерлік дайындық» күйінде болады. Биологиялық
ырғаққа бағына əр физиологиялық көрсеткіш тəулік барысында өз
деңгейін айтарлықтай өзгерте алады.
Биологиялық ырғақтар адам өмірін дұрыс регламенттеудің
(тəртіппен белгіленудің) негізі болып табылады, себебі жоғары
жұмысқа қабілеттілік пен өз-өзін жақсы сезінуге өмір ырғағы
организмнің физиологиялық қызметінің ырғағына сəйкес келген
жағдайында ғана жетуге болады. Осыған орай еңбек (жаттықтыру)
332
пен тынығу, сонымен қатар ас қабылдау режимін дұрыс ұйымдастыру
қажет. Тамақтанудың дұрыс режимінен ауытқу артық салмаққа
əкеліп, ол өз кезегінде организмнің өмірлік ырғағын бұзып, зат алма-
су өзгерістерін тудырады. Мысалы, егер жалпы калориясы 2000 ккал
асты таңертең қабылдаса, салмақ азаяды, ал егер сол тамақты кешкі
сағаттарда қабылдаса, онда салмақ артады. 20-25 жастағы дене
салмағын сақтау үшін жеке тəуліктік энергия жұмсалуына сəйкес
жəне біраз қарын ашу сезімі байқалатын сағаттарда күніне 3-4 рет
тамақтану керек.
Бірақ бұл жалпы заңдылықтар биологиялық ырғақтардың жеке
ерекшелігінің əр алуандығын ашып көрсетпейді. Барлық адамдарға
жұмыс қабілеттіліктің бір типті тербелістері тəн емес. Осыған орай
адамдарды таңертеңгілік («бозторғайлар»), күндізгілік («кептерлер»)
жəне кешкілік («жапалақтар») деп үш түрге бөледі. «Бозторғайлар»
деп аталатын адамдар тобы күннің бірінші жартысында, ал
«жапалақтар» кешке жақсы жұмыс атқарады. «Бозторғайлар»
кешқұрым ұйқылары келіп ұйықтауға ерте жатады, бірақ ерте тұрып
өздерін сергек жəне жұмысқа қабілетті сезінеді (62-сурет). Олардың
ауқымды жұмыс қабілеті түске дейін байқалады. Ал «жапалақтар»
керісінше, кеш жатып кеш оянады, іске баяу қосылады, жұмысқа
қабілеті кешке қарай, көбінесе, түнде көтеріледі. «Кептерлер»
аралық типке жатады, оларда «бозторғайлар» мен «жапалақтардың»
қасиеттері болады. Олар ерте тұрғанды ұнатпайды, оған қоса кеш
жатқанды да жаратпайды. «Кептерлердің» жұмысқа қабілеттілігінің
екі шыңы: 10-12 жəне 15-18 сағаттарда байқалады. Мұндай типті
адамдар 7-8 сағат ұйықтағанды, қалыпты күн режимін сақтағанды
ұнатады. Адам егер (күніне 3-5 рет) ыстық тағам мен адаптогендер,
дəрумендік комплекстер қабылдаса, ал дене жүктемелерін оларға
бейімделуі бойынша біртіндеп арттырып отырса тезірек акклимати-
зацияланады. Жылы аймақтан келген студенттердің суық климаттық
жағдайға бейімделу барысында орын алған иммунологиялық
ауытқулар кезінде пантогематоген жəне аралия адаптогендерін
қабылдау иммунитет жүйесінің функциялық белсенділігінің
жоғарылауын қамтамасыз еткен.
Бұл жағдайларды сақтамаса десинхроноз (өзіндік паталогиялық
жағдай) туындайды. Десинхроноз құбылысы əсіресе, ыстық жəне
ылғалды климатта немесе орта биіктік жағдайында жаттыққан
спортшыларда байқалады. Сондықтан халықаралық жарыстарға
333
ұшып баратын спортшы жақсы дайындалу қажет. Қазір үйреншікті
биоырғақтарды сақтауға бағытталған тұтас шаралар жүйесі бар.
Адамның биологиялық сағаттары үшін тек тəуліктік емес жəне
де төмен жиілікті (мысалы, апталық) ырғақтарда дұрыс жол табу
маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |