Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет225/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

77-сурет. ОМП немесе VO
2
max 65% тең қарқындылықты циклдік 
жаттығулар кезіндегі адреналин, норадреналин, глюкагон, кортизол жəне 
глюкоза концентрацияларының өзгерістері (A. Giovanelli мəліметтері 
бойынша)
Эмоциялық стресс – бұл қақтығысты өмір жағдайларында, адам-
ның əлеуметтік жəне биологиялық қажеттіліктерін қанағаттануын 
ұзақ уақыт шектейтін, айқын көрінетін психоэмоциялық бастан 
кешулері. Ересектерге қарағанда балалар эмоциялық стреске жиі 
ұшырайды, өйткені олар сезімтал жəне эмоциялы жараланғыш, 
жағдайларға 
бейімделушілігі 
төмен. 
Эмоциялық 
стресс 
гомеостаздың бұзылуына байланысты бейімделушіліктің кемістігі 
ретінде қарастырылады. 
Спортшыларда эмоциялық стресс неғұрлым мақсатқа жету 
маңыздырақ жəне қолжетімді ақпараттар мен иелігінде бар уақытта-
ғы энергия азырақ болған сайын соғұрлым айқынырақ көрінеді. 
Жаңа элементтер мен жағдайдың белгісіздігі спортшы организміне 
стресс əсерін жоғарылатады. 
Жүйке үдерістері күшті жəне салмақты, өз күштеріне сенімді, 
мол тəжірибелі спортшыларда жүйке-психикалық шектен тыс 
ширығу күйі анық байқалмайды. Оларда 1-кезең жылдам өтеді, 
2-кезең ұзақ əрі тұрақты болады, ал 3-кезең өте сирек кездеседі.
Дайындықтары азырақ, жүйке жүйесі əлсіз немесе салмақсыз спорт-
шыларда, керісінше, 1 жəне 3-кезеңдер айқын көрінсе, 2-кезең аса 
байқалмайды. 


448
Əрекеттің монотондылығы (бірсарындылығы)
Басқа адамдарға сияқты спортшыға да жаңа ақпараттарды, 
қимыл жəне тактикалық міндеттерді шешудің жаңа жолдарын іздеу 
жағымды эмоцияның көзі болып табылады. Біртекті қимыл актілерін 
ұзақ уақыт орындау кезінде (мысалы, орташа қуаттылықты циклдік 
жұмыс кезінде) ақпараттар келуінің айтарлықтай азаюынан зерігу, 
жаттығуға қызығушылықтың кемуі, қызметтік мүмкіндіктердің 
төмендеуі туындайды. 
Əрекеттің монотондылығы – көптеген қарапайым стереотипті 
қозғалыстардан тұратын біркелкі жұмыстан туындаған күй. 
Мұндай жұмыс адамда психикалық белсенділік күйінің 
төмендеуін, немқұрайлылық, шаршау, ұйқы басуын, ЖЖЖ мен 
ТЖ сиреуін, жұмыс атқаратын бұлшық еттердің ЭМГ амплитудасы 
төмендеуін, жұмысқа қабілеттіліктің азаюын тудырады. 
Монотония күйінің туындау механизмдерінің бірі əдеттену бо-
лып табылады. Егер қандай да бір стимул (тітіркендіргіш) көп мəрте 
қайталана берсе, онда оған зейін əлсірейді, реакция төмендейді, 
яғни оның жаңалығы жоғала бастайды. Қарапайым қимыл 
дағдыларының автоматизациясы үдерісінде эмоциялық күйзеліс 
прогрессивті (ілгерінді) түрде төмендейді. Мұнда қоршаған ортадан 
миға қабілеттілікті арттыратын сенсорлық сигналдар келмеген кезде 
мидың жоғары бөлімдері белсенділігінің төмендеуін тудыратын ми 
бағанының бейарнайы тежелу бөлімдері белсендіріледі. Монотонды 
əрекет кезінде қозғалыстарды басқаруда мидың оң жəне сол жақ жар-
ты шарларының рөлі өзгереді. Оңқай спортшыларда мидың доми-
нантты болатын сол жақ жарты шары белсенділігінің төмендеуі жəне 
жетекші болып табылмайтын оң жақ жарты шар рөлінің жоғарылауы 
байқалған. Бұл жұмысты əрі қарай жалғастыруға мүмкіндік береді, 
бірақ оны əсерін азырақ тиімді етеді. 
Түрлі адамдар монотонды жұмысты əртүрлі қабылдайды. 
Монотонияға қарсы тұрудың басты факторы жүйке жүйесінің 
туа біткен қасиеттері болып табылады. 
Бұл жағдайларда жүйке үдерістері күшті, салмақты жəне 
баяу болып келетін флегматиктер табысты жұмыс атқара алады. 
Жоғары білікті шаңғышы-жарыскерлер, стайер-желаяқтар мен тас 
жол-велосипедшілерді зерттеу барысында аталмыш спорт түрлері 
бойынша спортшылардың негізгі үлесін флегматиктер алатыны 
дəлелденген. 


449
Спортшының жеке бас ерекшеліктерінің де маңызы бар. Экстра-
верттерге қарағанда интроверттер монотонды жұмыстарды жеңіл 
атқара алады. Бұл терминдерді Швейцария психологі Карл Густав 
Юнг қолданысқа енгізген.
Экстраверттерге: 
1. Адамдармен тез араласуға бейім тұратын;
2. Публика алдында сөз сөйлегеннен қысылмайтын;
3. Кез келген əрекетін сыртқы ортамен бөлісетін адамдар жата-
ды, ал интроверттерді:
1. Жалғыздықты сүйетін;
2. Өз-өзімен сөйлескенді ұнататын;
3. Ішкі əлемінде өмір сүретін жандар құрайды. 
Монотондылықпен күрес үшін спортшылардың орын ауыс-
тыру жылдамдығын түрлендіру, əртүрлі арақашықтық, бəсеке 
жағдайларын тудыру жəне т.б. қолданады. Соңғы уақытта фартлек 
жаттығулары қолданысқа ие. Фартлек – жаттығуды қайталау бары-
сында орындау жылдамдығы өзгеріп отыратын жаттығу. Əртүрлі 
ритмді фартлек бұл 45-60 минут аралығында кроссқа жүгіру кезінде 
өзінің мүмкіндігіне қарай бірнеше рет жылдам қарқында жүгіруді 
іске асырады. Аталмыш жаттығу əдісі ХХ ғасырдың 30-жылдары 
Швециядан бастау алып, көбіне ұзақ қашықтық желаяқтар арасында 
қолданылады. Бұл басты мақсат қашықтық пен уақыт емес, рақаттану 
болып табылатын жаттығудың еркін түрі. Жаттығу сабақтарын 
көбіне ауылды жерлерде өткізеді. Спортшы маршрут сияқты 
жүгіру жылдамдығын да өзі таңдайды. Көптеген жаттықтырушылар 
фартлекті қандай да бір спорт түріндегі монотондылықты бұзу үшін 
қарқындылығы жоғары жаттығу жүктемелеріне немесе интервалды 
жаттығу программасына қосымша ретінде қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   221   222   223   224   225   226   227   228   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет