Сауықтыру дене жаттығуларының негізгі түрлері жəне
олардың организмге əсері
Дене тəрбиесінің негізгі құралына дене жаттығулары,
жаратылыстың табиғи күштері мен гигиеналық факторлар жа-
тады. Дене жаттығулары – дене тəрбиесі міндеттерін шешуге
қажетті адамның қимыл əрекеті, яғни бұл саналы түрде орындалған
қимылдар жəне қозғалтқыш əрекеттер. Оның негізгі міндеті –
450
халықты сауықтыру жəне жұмысқа қабілеттіліктерін арттыру. Дене
жаттығулары бұлшық ет жүйесін, қан айналымын жəне тыныс алу
мүшелерін дамытады.
Сауықтыру дене жаттығуларының негізгі түрлері
Сауықтыру дене жаттығуларының сан алуан түрлерін қолдану
адам денсаулығын сақтау мен жақсартуға əкеледі. Сонымен қатар
олар қоғамда жалпы білім беру, танымдық (туризм), реабилитация-
лық (емдік дене шынықтыру), кəсіби (өндірістік гимнастика, кəсіби-
қолданбалы дене дайындығы) сияқты басқа да міндеттерді шешеді.
Дене жаттығулары моторлық-висцералдық рефлекстерді сти-
мулдай отырып, ұлпаларда зат алмасу үдерістерінің жылдамдауына,
гуморалдық үдерістердің белсенуіне əкеледі (30-кесте).
30-кесте
Организм мүшелерінің тыныштық күйде жəне дене
жүктемелері кезінде тотығу поцестеріне қатысуы (Баркрофт
бойынша сағатына см
3
О
2
)
Мүше
Максималды
тыныштық
(наркоз)
Максималды дене
жұмысы
Көлденең-жолақты
бұлшық ет
12,9
59
Жүрек
2,0
254,0
Сілекей бездері
0,9
1,1
Бауыр
7,9
21,1
Ұйқы безі
0,7
1,4
Бүйрек
1,6
4,2
Дене жаттығуларына гимнастика, ойындар, туризм жəне спорт,
дене тəрбиесінің негізгі құралдарына дене жаттығулары, гимнасти-
ка, ойын, туризм, спорт, табиғи факторлар жатады.
Гимнастика түрлері негізгі жəне гигиеналық гимнастика,
спорттық гимнастика, акробатика, көркемдік гимнастика, өндірістік
гимнастика жəне емдік гимнастика болып табылады.
Ойын оқушыларды жылдамдыққа, төзімділікке тəрбиелейді.
Туризм – оқушыларды төзімділікке, ұжымдыққа, еңбек сүйгіш-
451
тікке жəне қолайсыз сыртқы жағдайларда кездесетін қиындықтарды
жеңуге тəрбиелейді.
Спорт – оқушылардың денсаулығын нығайтатын, дене күшін,
қозғалыс дағдыларын жəне моральдық-еріктік қасиеттерін дамыта-
тын дене тəрбиесінің құралы.
Гимнастика – арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам
денсаулығын нығайту жəне оның денесінің үйлесімді дамуы
үшін қолданылатын дене шынықтыру мен əдістемелік тəсілдер.
Қазақстанда гимнастиканың (грекше gymnastіke, gymnazіo – жаттығу
жасаймын, жаттықтырамын) акробатика, көркем гимнастика жəне
спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамуда.
Гимнастиканың əртүрлі түрлерінің (таңертеңгілік гигиеналық
гимнастика, өндірістік гимнастика, судағы гимнастика) сауықтыру
əсері бар.
Таңертеңгілік гигиеналық гимнастика күні бойы организм
қызметінің белсенуіне əкелетін, яғни таңертең ұйқыдан кейін
организмнің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіруді тездететін
(активті, пассивті жəне аралас) дене жаттығулары. Ұйқы кезінде
адамның орталық жүйке жүйесі де тынығады. Бұл кезде жүректің
соғысы азайып, тыныс алуы баяулайды, бұлшық еттері босаңсып,
организм толық демалады. Ұйқыдан оянғаннан кейін орталық жүйке
жүйесі мен əртүрлі мүшелердің қызмет белсенділігі арта бастайды.
Алайда, белсенділікке көшу үдерісі ұзаққа созылып кеткен жағдайда
оның жұмыс қабілеттілігіне (дене жəне ой еңбегінде де) елеулі əсер
ететіні ақиқат. Ондайда адамның ұйқысы ашылмай, дел-сал күйде
жүреді, ашушаң болады. Ал таңертеңгілік гигиеналық жаттығуларды
орындау барысында қозғалысқа түскен бұлшық еттер мен буындар
ұйқыдан кейінгі миды тежелу күйінен арылтады, жұмыс атқарушы
бұлшық еттерден түскен афферентті импульстар арқылы ОЖЖ то-
нусын жоғарылатады, сезім мүшелері белсенділігін арттырады,
жүрек бұлшық еті жұмысын белсендіріп, веналық қан айналысын
жылдамдатады, тыныс алу тереңдігін ұлғайтады, лимфа айналы-
мын күшейте, ұлпалардың ісінуінің алдын алады. Нəтижесінде ішкі
мүшелердің жұмыс істеу қабілеті жақсарып, өзін сергек сезінген
адамның еңбекке деген ынтасы да артады. Таңертеңгілік гигиеналық
жаттығуларды келесі принциптерге сүйене отырып істеген жөн. Ең
бастысы – жалпы бұлшық ет атаулының, дененің неғұрлым көбірек
қозғалысқа түскені дұрыс. Жаттығулар бірте-бірте күрделене
452
түсуге тиіс: бірақ бұл алғашқы жаттығуларға қатысты емес. Əйтсе
де жаттығу комплексін аяң жүрістен бастайды. Аяң кезінде адам
организміне үлкен күш түспесе де, жүйке орталықтары біртіндеп
қалыпты деңгейге келеді де, тыныс алу органымен жүрек өз қызметін
қайтадан жандандырады. Жаттығуды керілуден бастауға да бола-
ды: бұл нұсқа көбіне денсаулығы нашар, қартаң адамдарға дұрыс.
Мұндай жағдайда аяңдау екінші жаттығудың орнына жүреді. Одан
кейінгі жаттығулар анатомиялық принцип бойынша бүкіл дененің
бұлшық еттерінің əртүрлі бөліктеріне қаншалықты əсер ететіндігіне
қарай таңдалып алынады. Таңертеңгілік дене жаттығулары су про-
цедураларымен ұштасса, ол тері рецепторларына əсер ете отырып
организмнің шынығуын қамтамасыз етеді.
Соңғы уақытта ақыл-ой мен дене еңбегі өнімділігін артты-
рып, кəсіби аурулардың азаюына əкелетін өндірістік гимнасти-
ка кең таралып келеді. Жұмыс бастар алдында кіріспе гимнасти-
каларын қолдану организмнің бабына келуіне əкеледі, кішкене
дене шынықтыру (физкультура) минуты мен үзілістері белсенді
тынығудың жақсы жолы болып табылады, ал қалпына келтіру гим-
настикалары жұмыстан кейін организмнің қалпына келу үдерістерін
жақсартады. Оқушылар сабақтан кейін орындайтын өндірістік
гимнастикалар кешені 1 ауысымда 1-2 рет болатын 3-7 минуттық
бірнеше жаттығулардан тұрады. Əсіресе, аталмыш гимнастикалар
ұзақ отырып, қолдың ұсақ бұлшық еттерінің қатысуымен монотон-
ды жұмыс істейтін сағат зауыттарына, тігін фабрикаларына, ком-
пьютер залдарына, кеңселерге жəне мектептерге (əсіресе, 1-4 сы-
нып) аса қажет. Өндірістік гимнастиканың мақсаты – жұмыстан
кейін бұрынғы күйге жетудің маңызды əдісінің бірі активті тынығу.
Активті тынығу феноменін, яғни активті əрекеттен демалыс кезінде
жұмыс қабілеттілігінің жоғарылауын И. М. Сеченов ашқан болатын
(активті тынығу туралы 5-тарауда толығымен баянадалған).
Емдік гимнастика адам денсаулығының қалпына келуін
қамтамасыз етеді. Ол сырқаттың түріне байланысты тар көлемді ар-
найы бағытталған болады.
Қазтабанмен, күрекшемен жүзу жəне судағы гимнастика – ем-
деу жəне алдын алу мақсаттарында дене жаттығулары мен судың
температуралық əсерінің үйлесуі. Суда болу жылу берілу мен зат ал-
масуды айтарлықтай жоғарылатады, гемодинамиканы белсендіреді.
Жүзу мен суда дене жаттығуларын орындау, судағы ойындар
453
организмге жалпы əсер етеді, зақымдар, контрактура, каксартроз,
т.б кезінде буындардың қозғалысын жақсартады, бұлшық еттердің
жаттығу дəрежесін арттырады, ауырсыну синдромдарын жояды, со-
нымен қатар 26-28,5°С су температурасы кезінде шынықтырғыш
фактор ретінде əсер етеді жəне температура 38°С жоғары болғанда
бұлшық еттердің релаксациясын тудырады.
Гидрокинезотерапия веналардың варикоздық (түйнеліп кеңеюі)
аурулары, остеохондроз, семіздік, колит, холецистит, қант диабеті
жəне т.б. аурулар кезінде қолданылады. Судағы сабақ 15-45 минут-
тан аптасына 3-4 рет жүргізіледі. Жүктеме мөлшері, жаттығуларды
қайталануы, олардың саны жəне т.б. біртіндеп ұлғайтылып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |