455
жетіле түсуі орын алады. Көру қабылдауы негізінен алаңдағы
ойыншының əрекеті мен жүріс-тұрысын анықтайды.
Спорттық ойындар үдерісінде ептілік,
қозғалыс координация-
сы мен моторика қалыптасады. Секіру, лақтыру, бүгу, жазу, ай-
налу, бұрылу, жұлқа көтеру (серпу), көтеру жəне т.б. əрекеттер
шұғылданушының өсуіне, дамуына жəне сымбатына жағымды
ықпал етеді.
Қазіргі дене тəрбиесінде ойындар кең қолданысқа ие жəне олар
дене жаттығулары арасында белсенді тынығудың айтарлықтай
бөлігін құрайды.
Туризм – (франц.
tourіsme,
tour – серуендеу, жол жүру) – табиғат
аясында сан алуан табиғи қимыл əрекеті, адамның бос уақытындағы
саяхаты, белсенді тынығудың бір түрі. Туризм – халықтың
рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, жүйке жүйесін,
күш-қуатын
қалпына келтіру, т.б.) қанағаттандырудың ең тиімді
жолы. Туризм адамдардың қарым-қатынасын,
танымдық қабілетін
арттырып, мəдениет пен өнердің дамуына, ел экономикасының
өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, ел мəртебесін əлемге
танытуға
мүмкіндік туғызады. Ел ішінде саяхат жасау ішкі (ұлттық) туризм,
ал шетелге саяхатқа шығу халықаралық (шетелдік) туризм; саяхат
мақсатына қарай: экологиялық,
ойын-сауық, танымдық, спорттық,
балалар туризмі; əлеуметтік мақсатына қарай: іскерлік (конгресс,
жəрмеңке), этникалық, діни туризм болып бөлінеді. Спорттық туризм
түрлеріне су, тау, жаяу, шаңғы жəне велотуризм жатады. Туризмнің
сауықтыру ықпалы 3 маңызды факторларға: сыртқы орта, климаттық
жағдай (көктем, жаз, қыс, күз) жəне əрекет түрлеріне (жаяу, шаңғы,
су жəне т.б.) байланысты.
Жаяу жорықтардың аса маңызы зор. Олар кез келген ауа
райы мен жыл мезгілінде барлық жастардағы адамдарға арналған
белсенді тынығу ретінде қолданылады. Осыған орай жаяу жорықтар
сауықтырудың жақсы жолы болып табылады. Туристер көбіне, биіктік
айырмасы 500-1500 м болатын, 5-7 км/сағ. жылдамдықпен күніне
20-60 км жүріп өтеді. Эстетикалық-танымдық жорық 4-5 км/сағ.-қа
тең орташа жылдамдықпен жүзеге асырылады жəне психологиялық
босаңсу, демалу əсерін тудырады.
31-кестедетуристік маршруттарға
тəн ұзақтық, темп пен жорық ұзындығы көрсетілген.