481
Біліктілігі жоғары шаңғышы-жарыскерлер арақашықтықтарды
бағындыруда өздерінен біліктіліктері төменірек спортшыларға
қарағанда оттегіні 15-20%-ға азырақ пайдаланатынын Ю. Х. Кальюс-
то көрсетіп өткен.
Жарысушы-шаңғышының жаттығу немесе жарыс кезінде
бұлшық еттерінің басым бөлігінің қатысуына орай энергиялық
шығындар да көбірек болады. Шаңғышы-жарыскердің жұмыс типі
трасса профилі мен климаттық жағдайларға (ауа температурасы,
қар, шаңғының майлануына) байланысты аэробты-анаэробты, ал
егер жаттығу, əсіресе жарыс, орта биіктікте өтсе, онда жұмыс режимі
анаэробты болады.
Жоғары жылдамдықпен таудан сырғанаған жəне көтерілген
кезде оттегі пайдаланудың артқанына қарамастан энергияның бір
бөлігі анаэробты реакциялар арқылы шығарылады. Бұған қандағы
сүт қышқылы концентрациясының айтарлықтай жоғарылауы дəлел
болады.
Энергияның жалпы шығыны 4200-ден 6000 ккал-ға дейін
мөлшерді құрайды. 50 км жəне одан ұзақ шаңғы марафондарында
энергия шығыны бұл шамадан едəуір асып түседі. ОМП ерлерде 83
мл/кг/мин, ал əйелдерде 63 мл/кг/мин болады. Тыныс алу алма ке-
зек аздап екі адымдап жүру кезінде ырғақты 1:1, 1:2 болса, ал бір
мезгілде орындалған жүрістерде тыныс шығару таяқпен серпіле
итерілгенде жəне кеуде еңкейгенде жүзеге асырылады. Тыныс
алу мен қозғалыстың дұрыс үйлесуі əрқашан жұмыс тиімділігін
жоғарылатады. Шаңғышы-жарысушыларда тыныс бұлшық еттері
жақсы дамыған. Осыған орай оларға тыныс қозғалыстарының
жоғары амплитудасы мен ӨТС (ерлерде 5,5-7,5 л-ге дейін, əйелдерде
3,5-4,5 л) жоғары мəні тəн. Оттегіні пайдалану білікті шаңғышыларда
олардың ОМП-ның 85-90%-ын құрайтын 4-5 л/мин-қа жетеді.
Жазықта шаңғы тебуде бұл шама ОМП 80%-нан аспайды, биікке
көтерілгенде ол 100%-ға дейін жоғарыласа, төмен түскенде 50-55%-
ға дейін кемиді.
Достарыңызбен бөлісу: