Коньки тебу спорты. Коньки тебумен айналысу тек жылдамдық,
төзімділік, қозғалыс координациясын ғана дамытып қоймай жəне
организмді шынықтырып, суық тиюден болатын ауруларға қарсы
тұру қабілеттерін арттырады.
Ұзындығына байланысты арақашықтық субмаксималды (500,
1000, 1500 м) жəне жоғары қарқындылықты (5000 жəне 10000 м) бо-
лып бөлінеді.
482
Конькишы қозғалысына, əсіресе, бұрылу кезінде координация-
сы бойынша күрделі циклдік сипат тəн. Коньки тірек бетінің аз бо-
луы, жоғары жылдамдық, сырғанау (таю) мен кеуденің еңкіш кейпі
конькишінің тепе-теңдік сақтауына қиындық туғызады жəне оның
қимыл əрекетін күрделендіре түседі.
Конькимен жүгіру кезінде энергия шығыны арақашықтық
ұзындығына, жүгіру, орын ауыстыру жылдамдығына жəне
метеологиялық жағдайларға байланысты бола келе ерлерде 4400-
4800 ккал, əйел адамдарда 3700-4100 ккал құрайды. Соңғы жылда-
ры барлық үлкен жарыстар жабық спорт сарайларында өткізілетінін
атап өткен жөн. ОМП ерлерде 78 мл/кг/мин, əйелдерде 54 мл/кг/мин-
қа тең.
Конькимен жүгіру кезінде өкпе вентиляциясы 100-160 л/мин,
оттегі пайдалану 4-4,5 л/мин болады. Оттектік қарыздылық, əсіресе,
500-1500 м жүгіру кезінде орын алады. Конькишілерде тыныштық
күйде пульс ерлерде 40-50 екп/мин, ал əйел адамдарда ол бірнеше
төмен келеді.
Жүгіру кезінде ЖЖЖ дереу артып, 190-200 екп/мин-қа дейін
жетіп жəне одан да асып түсуі мүмкін. Қандағы лактат концентрация-
сы 16 ммоль/л-ге дейін жəне одан жоғары болады.
Велосипед спорты. Арақашықтық ұзындығына тəуелді велоси-
педпен жүру максималды, субмаксималды, жоғары жəне қалыпты
қарқындылықты жұмыстарға бөлінеді. Велосипедшілер максимал-
ды қуаттылықты жұмыстар тректе 200 жəне 500 м, субмаксималды
1000 м арақашықтықта, жоғары 5000, 10000, 20000 арақашықтықта
жəне қалыпты – шосседе 100 км жəне одан жоғары орындалады.
Жарыс кезінде тыныс алудың біраз қиындауына қарамастан,
өкпелік вентиляция веложарысушыларда 60-120 л/мин. жəне одан
жоғары, ал оттегінің сіңірілуі 5 л/мин. жəне одан асады. Ерлерде
ОМП 75 л/кг/мин-қа тең болады.
Энергия шығыны ер адамдарда 5400-6000 ккал, ал əйел адам-
дарда 4100-4600ккал-ға тең. Тас жолшы-велосипедшілерде ЖЖЖ
тыныштық күйде орта есеппен 45-50 екп/мин. болса, ал жарыс
кезінде ЖЖЖ жарыс темпіне, рельефіне, климаттық жағдайларға,
функциялық дайындығына байланысты бола келе, 140-190 екп/
мин жəне одан да жоғары мəнге жетіп жығылады. Мəреге жеткенде
ЖЖЖ 200 екп/мин жəне одан да асуы мүмкін. Велошабандоздарда
артериялық қан қысымы төмен, яғни гипотония тəн.
483
Қызыл қан элементтері қалып (норма) бойынша болады, кейде
ғана көп тəуліктік веложарыстарға қатысқан спортшыларда анемия
байқалып жəне зəрлерінде белок анықталған.
Ескек есумен (академиялық, каноэде жəне байдаркамен) кез кел-
ген жаста шұғылдануға болады. Ол жалпы дамытатын жаттығулар
қатарына жатады, сонымен қатар активті дем алудың жақсы құралы
болып саналады.
Ескектер қозғалысы координациясы жағынан күрделі, ол
орындықтың қозғалмалығымен жəне академиялық қайықтардың аз
тұрақтылығымен байланысты. Бұл спортшыны үнемі тепе-теңдікті
ұстап тұруға міндеттейді, əсіресе, бұл 2, 4, 6 орынды қайықтарда
маңызы зор.
Академиялық есу əсіресе, проприоцептивті, сипап сезу,
вестибулярлық рецепторлар, перифериялық көру мен есту анализа-
торларына үлкен талаптар қояды.
Ескек есу қаңқа бұлшық еттерін, əсіресе арқа бұлшық еттерін,
жоғары иық белдеуін, іш бұлшық еті мен аяқ бұлшық еттерін, яғни
ірі бұлшық еттерді дамытады. Академиялық есуде энергияның жал-
пы шығыны айтарлықтай. Ол ерлерде 5200-5600 ккал, ал əйел адам-
дарда 4200-4800 ккал тең. ОМП ер адамдарда 62 мл/кг/мин.
Ескекшілердің тыныс жиілігі қозғалыс ырғағымен сəйкес келеді
жəне ол орта есеппен минутына 30-40-қа тең. Жарыс кезінде ты-
ныс алу өзгереді, мысалы мəреге келгенде ол артады, яғни жиілей
түседі. Ескекшілер үшін дұрыс тамақтану аса маңызды. Білікті
ескекшілерде өкпелік вентиляция 150 л/мин-қа дейін жетеді, бұл
тыныс тереңдігінің артуы есебінен мүмкін болады. Бұл спортшы-
ларда тыныс алу бұлшық еттері жақсы дамыған. ӨТС ерлерде 6 л
жəне одан жоғары, əйел адамдарда 4 жəне одан көп болуы ықтимал.
Ескекшінің жұмысы əдеттегідей анаэробты режимде өтеді.
Жоғары білікті спортшыларда оттегіні пайдалану 5-5,5 л/мин-қа
жетуі мүмкін. 1500-2000 м арақашықтықта ескек есу кезінде оттектік
сұраныс орта есеппен 50-60 л-ге, оттектік қарыздылық оттектік
сұранысқа қатысты 20-30%-ға теңболады. ЖЖЖ тыныштық күйде
орта есеппен, 40-50 екп/мин, ал жарыс кезінде 160-200 екп/мин.
жəне одан да асуы мүмкін.
Ескекшілерде суда ескекті есу кезінде қысқа уақыттық күштену
(ышқыну) орын алады, бұл оң жақ жүрекшеге вена қанының келуін
қиындатуынан жүрек жұмысын біршама ауырлатады. Күштену со-
484
нымен қатар веноздық қан қысымының жоғарылауына əкеледі.
Қарқынды жаттығулардан (жарыстардан) жəне салқындаудан (аса
тоңазудан) кейін, əсіресе, көктем, күз айларында ескекшілер зəрінде
белок сирек пайда болмайды.
Жүзу. (Жүзу физиологиясы туралы толығымен 10-тарауда
баяндалған болатын). Спорттық жүзудің 4 түрі бар: еркін стиль
(кролль-құлаштап жүзу), арқамен жүзу, брасс жəне баттерфляй.
Жарыстардағы арақашықтық 50-ден 1500 м-ге дейін. Мұнда 50, 100,
200 м арақашықтыққа жүзу субмаксималды қарқындылықты, 400,
800, 1500 м жоғары қарқындылықты, 15, 25 км-ге теңізде жүзу орта-
ша қарқындылықты жаттығуларға жатады.
Жүзу температура 25,5-28,5°С болатын сулы ортада жүзеге асы-
рылады, бұл жұмысқа қабілеттілікке айтарлықтай ықпал етеді.
Сонымен қатар, жүзу жүзгіш денесінің горизонталды қалпымен
сипатталатын болғандықтан жүрек пен өкпе қызметтеріне
айтарлықтай ықпал етеді, себебі денені вертикалды қалыпта ұстап
тұруға энергия жұмсалмайды. Осының барлығы жүзгішке құрлықта
орындай алмайтын үлкен көлемді жұмыстарды ұзақ уақыт орындауға
мүмкіндік береді. Жүзгіштің денесі мен су температурасы əртүрлі
болғандықтан су рецепторлар үшін тітіркендіргіш болып табыла-
ды. Сонымен қатар жүзу жылдамдығы артқан сайын жоғарылап
отыратын су кедергілеріне төтеп беріп отырады. Қалқымалылық
қозғалысты орындау техникасына, спортшы салмағына жəне
бұлшық ет пен май ұлпаларының арақатынасына байланысты. Жүзу
кезіндегі тыныс жиілігі жүзу тəсіліне байланысты минутына 30-45
жетуі мүмкін. Мұнда өкпелік вентиляция минутына 90-100 литр
жəне одан көп, оттегіні сіңіру 5,0-5,5 л болуы ықтимал. ОМП ерлер-
де 67 мл/кг/мин, ал əйелдерде – 57 мл/кг/мин, энергия шығыны ер
адамдарда 4200-4800 ккал, ал əйелдерде – 3600-4100 ккал болады.
Қанның қызыл элементтері қалыпта болады, алайда, қарқынды
жаттығулар кезінде кейде гемоглобиннің төмендеуі (анемия)
байқалады.
Лактат мөлшері жарыстан немесе жаттығудан кейін 14-16
ммоль/л жəне одан жоғары болуы мүмкін. Жүзгіштерде ұзақ
уақыттық қарқынды жаттығу мен бассейндегі судың төмен темпе-
ратурасынан соң зəр құрамында белоктың байқалуы сирек құбылыс
емес.
485
Достарыңызбен бөлісу: |