Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет43/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Бой жазу 
Жаттығуларды (жаттықтыру немесе əсіресе, жарыс) орындау 
алдында температуралық гомеостазды реттеу үшін сөре алдыңғы 
(алдын ала) тірек-қимыл жəне кардиореспираторлық жүйелер 
дайындығының, яғни бой жазудың маңызы зор. 
Бой жазу немесе бой қыздыру дегеніміз – жарысқа немесе 
жаттықтыру сабағының негізгі бөліміне түсер алдында орындала-
тын жаттығулар. Бой жазу сөре алдыңғы күйді жақсартуға мүмкіндік 
береді, бабына келу үдерістерінің жылдамдауын қамтамасыз етеді 
жəне жұмысқа қабілеттілікті жоғарылатады. Бой жазудың жарыс не-
месе жаттықтыру əрекетіне жағымды ықпал ету механизмдері сан 
алуан:
1. Бой жазу вегетативтік жүйке орталықтарының, үлкен 
ми сыңарлары қыртысы сенсорлық жəне моторлық жүйке 
орталықтарының қозғыштығын жоғарылатады, ішкі секре-
ция бездерінің қызметін күшейтеді. Осының арқасында келесі 
жаттығуларды орындау кезінде қызметтердің оптималды реттелу 
үдерістерінің тездетілуі үшін жағдай жасалады. 
2. Бой жазу оттегі тасымалдау жүйесінің (тыныс алу жəне 
қан айналу) барлық буындарының қызметін күшейтеді: ӨВ, 
альвеолалардан қанға О
2
диффузия жылдамдығы, ЖЖЖ мен 
жүректің минуттық қан көлемі, қан қысымы, веноздық қайтарылу 
жоғарылайды, өкпедегі, жүрек, қаңқа бұлшық еттеріндегі 
капиллярлық (қылтамырлық) торлар кеңейеді. Бұлардың барлығы 
ұлпалардың оттегімен жабдықталуының күшеюіне жəне сəйкесінше, 
бабына келу кезеңінде оттектік тапшылықтың азаюына, «өлі нүкте» 
күйінің алдын алып немесе «екінші тыныс алудың» ашылуының 
жылдамдауына əкеледі. 
3. Бой жазу тері қан айналымын күшейтеді жəне тер бөліну 
табалдырығын төмендетеді, сондықтан ол жылу шығарылуын 
жеңілдетіп, келесі жаттығуларды орындау кезінде дененің шектен 
тыс қызуының алдын алып жылу реттелуге жағымды ықпал жа-
сайды.
4. Бой жазудың көптеген жағымды əсерлері дене жəне 
əсіресе, жұмыс атқарушы бұлшық еттер температурасының 
жоғарылауымен байланысты. Сондықтан бой жазуды көбіне, бой 
қыздыру деп те атайды. Ол бұлшық ет тұтқырлығының төмендеуіне, 


90
олардың жиырылуы мен босаңсуы жылдамдығының жоғарылауына 
мүмкіндік береді. Бой жазу тер шыққанша жүргізілу қажет. Осыдан 
спорттық ортада қалыптасқан термин – «денені қыздырудан» соң 
тер бөліну жылу реттелудің қажетті деңгейін ұстап тұруға, соны-
мен қатар бөліп шығару қызметтерінің жақсы қамтамасыз етілуіне 
əкеледі.
А. Хилл бойынша бой жазу нəтижесінде сүтқоректілердің дене 
температурасының 2°С-қа көтерілуі кезінде бұлшық ет жиырылу 
жылдамдығы шамамен, 20%-ға артады. Мұнда жүйке талшықтары 
бойымен 
импульстердің 
өту 
жылдамдығы 
жоғарылайды, 
қан тұтқырлығы төмендейді. Сонымен қатар биохимиялық 
реакциялардың өту жылдамдығын анықтайтын ферменттер 
белсенділігінің жоғарылауы арқасында (ең алдымен, бұлшық етте) 
метаболизмдік үдерістер жылдамдығы күшейеді. Дене температу-
расы 1ºС-қа артса жасушалар метаболизмі жылдамдығы шамамен, 
13%-ға артады. Қан температурасының жоғарылауы бұлшық еттің 
оттегімен қамтамасыз етілуін жеңілдететін оксигемоглобин диссо-
циация қисығының оңға жылжуын тудырады (Бор эффектісі).
Тыныштық күйде бұлшық еттер жүректің минуттық қан 
көлемінің 15%-ын, ал бұлшық ет жұмысы кезінде 88%-ын алаты-
ны белгілі (О.Wade, I.M.Bishop, 1962). P.Hedman (1977) мəліметтері 
бойынша тыныштық күйде бұлшық ет температурасы 33-34°С-қа, 
ал бой жазудан кейін 38,5°С-қа дейін көтеріліп, ұлпаларда тотығу 
үдерістері жүруі үшін қолайлы болады (S.Israel, 1979). Зат алмасу 
үдерістерінің жəне ферменттік катализдің максималды жылдамдығы 
37-38ºС температурада байқалады. Температураның төмендеуі 
кезінде ол дереу баяулайды (Ж. Крю, 1979). Ван Гофф теориясы 
бойынша ұлпалардың температурасының 10°С төмендеуі алмасу 
үдерістері қарқындылығының 50% азаюына əкеледі.
Сонымен қатар бой жазу əсерлері тек дене температурасының 
жоғарылауымен ғана түсіндірілмейді. Массаж, инфрақызыл 
сəулемен сəулелендіру, ультрадыбыс, диатермия, сауна, ыстық ком-
престер көмегімен туындайтын пассивті процедуралармен бой 
қыздыру активті бой жазудағы сияқты жұмысқа қабілеттіліктің 
жоғарылауына əкелмейді. Бой жазу кезінде бұлшық еттер 
«қыздырынып» қана қоймай, ең бастысы ЖЖЖ, артериялық қан 
қысымы жəне т.б. функциялық көрсеткіштердің жоғарылауы 
нəтижесінде бой жазудан кейін жоғары пульста (160-тан 200 екп/


91
мин. дейін) «жұмыс істеуге» əкеледі. Сөре алдыңғы шектен тыс 
қозуды кетіру үшін қалпына келтіруші массаж, ал апатия кезінде 
мобилдейтін массаж пайдалы. Массаждың физиологиялық əсерінің 
тиімділігі психикалық реттеуші жаттықтыру құралдарын пайдалану 
кезінде арта түседі.
Бой жазу мен тынығудан соң жарысқа қатысу кезінде пульс 
130 екп/мин. төмен болмау керек, бұл əсіресе, циклдік спорт 
түрлеріне (жүгіру, ескек есу, жүзу, веложарыс, шаңғы жарыс жəне 
т.б.) қатысатын спортшылар үшін ерекше маңызды. Əйтпесе, ба-
бына келу үдерістері созылып жəне əлсіз дайындалған немесе ауы-
рып жазылған спортшыларда оң жақ қабырға астында немесе жүрек 
тұсында ауырсыну немесе құрсақ қуысында шаншу, түйілу туын-
дайды.
В. М. Смирнов, В. И. Дубровскийдің 18 спорт түрлеріне жүргізген 
зерттеулері бойынша көбіне, спортшы (циклдік спорт түрлерінде, 
күрес, бокс жəне т.б.) жарыстарға шыққанда пульстары 160-тан 200 
екп/мин. жəне одан жоғары, ал өкпе вентиляциясы 100-160 л/мин. 
жəне одан жоғары болады.
Активті бой жазудың маңызды нəтижесі максималды бұлшық ет 
əрекеті жағдайында тыныс алу, қан айналу жəне қозғалыс аппараты 
қызметтерінің реттелуі мен үйлесуі болып табылады. 
Бой жазу арнайы жаттығулардан (жүгіру, секіру, жалпы дамыту-
шы жаттығулар, созғылау жаттығулары, т.б.) тұрады жəне: 1. Жал-
пы; 2. Арнайы сияқты 2 бөлімнен құралады.
Жалпы бой жазу спорттың барлық түрлерінде бірдей бо-
луы мүмкін. Ол дене температурасының жоғарылауы, ОЖЖ 
қозғыштығы, оттегі тасымалдау жүйесі қызметінің, бұлшық ет жəне 
басқа мүшелер мен ұлпалардағы зат алмасудың күшеюіне əкелетін 
əртүрлі жаттығулардан тұрады. 
Арнайы бой жазу спорт түрлерімен тығыз байланысты. Ол 
өзінің сипаты бойынша орындалатын əрекетке жуықтау болуы 
тиіс. Жұмысқа сол негізгі (жарыс) жаттығуларды орындау кезіндегі 
қатысатын жүйелер мен дене мүшелері қатысуы керек. Бой жазудың 
бұл бөліміне ОЖЖ қажетті «құрылуларын» қамтамасыз ететін 
координациялығы жағынан күрделі жаттығуларды кіргізген жөн.
Бой жазудың ұзақтығы, қарқындылығы жəне бой жазу мен негізгі 
əрекет арасындағы интервал көптеген факторлармен: орындалатын 
жаттығу сипатымен (спорт түрімен), спортшының функциялық 


92
(жаттықтырылу дəрежесімен) жəне эмоциялық күйімен, сыртқы 
жағдайлармен (ауа температурасы, ылғалдылығы жəне т.б.), жасы, 
жынысы жəне жарыс масштабымен (облыс біріншілігі, Қазақстан 
чемпионаты, құрлық (Азия, Еуропа) біріншілігі, Əлем немесе 
Олимпиадалық ойындар) анықталады. Бой жазудың ұзақтығы жеке 
түрге тəн болады. Бой жазу мен жарыс арасындағы үзіліс 15 ми-
нуттан аспау керек. Үзілістің неғұрлым ұзақ интервалы барлық 
физиологиялық жүйелердің, əсіресе, кардиореспираторлық жəне 
жылу реттелу жүйелерінің қалпына келуіне əкеледі. Мысалы, 45 
мин. үзілістен кейін бой жазудың əсері жоғалатыны, бұлшық ет 
температурасының бастапқы, бой жазу алдыңғы деңгейге оралаты-
ны байқалған. 
Бой жазудың əр спорт түрінде жəне түрлі сыртқы орта 
жағдайларында рөлі бірдей емес. Əсіресе, ұзақтығы салыстыр-
малы аз жылдамдықты-күштік жаттығулар алдында бой жазудың 
жағымды ықпалы байқалады. Бой жазу бұлшық ет күшіне қандай 
да бір нақтылы жағымды ықпал етпесе де, бірақ жеңіл атлетикалық 
лақтыру сияқты жылдамдықты-күштік күрделі координациялық 
жаттығулардың нəтижесін арттырады. Орташа жəне қысқа 
арақашықтыққа жүгіруге қарағанда, ұзақ қашықтыққа жүгіру ал-
дында бой жазудың жағымды ықпалы айтарлықтай азырақ көрінеді. 
Осымен қатар жоғары ауа температурасында ұзақ арақашықтыққа 
жүгіру кезінде бой жазудың жылудың реттелуіне теріс ықпалы 
байқалған.
Адамның кез келген дене жүктемесін орындауға, соның ішінде 
бой жазу кезінде де энергия жұмсайтыны белгілі, сондықтан оның 
қажытпайтындай болуын ескеру қажет. Осыған орай бой жазудың 
жалпы бөлімінде спортшы жаттықтыру (жүн киім жақсырақ) киімін, 
ал желді салқын күні желден қорғайтын костюм қоса кию керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет