97
дау барысында оттегі пайдалану жылдамдығының тез артуымен си-
патталатын бабына келу кезеңінен кейін ұзақтығы өте аз болса да,
бірақ біртіндеп жоғарылайтын келесі кезең басталады. Сондықтан
бұл жаттығулардағы
екінші жұмыс кезеңін «шартты» тұрақты
күй ретінде белгілеуге болады.
Жоғары қуаттылықты аэробтық
жаттығуларда сол жұмыс уақытындағы оттектік сұраныс пен оның
қанағаттануы арасында толық тепе-теңдік болмайды. Сондықтан
олардан кейін неғұрлым жұмыс қуаттылығы мен ұзақтығы жоғары
болған сайын, соғұрлым көп оттектік қарыз тіркеледі.
Максималды аэробтық қуаттылықты
жаттығуларда бабына
келудің қысқа кезеңінен соң оттегі пайдалану ОМП (оттектік төбе)
деңгейіне жетеді жəне сондықтан оның одан əрі артуы мүмкін бол-
майды. Кейде тек жаттығудың соңына таман төмендейтін ол əрі
қарай осы деңгейде қалады. Сондықтан максималды аэробтық
қуаттылықты жаттығулардағы екінші жұмыс кезеңін
«жалған»
тұрақты күй кезеңі деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: