Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


ІV ТАРАУ СПОРТТЫҚ ƏРЕКЕТ КЕЗІНДЕГІ ОРГАНИЗМ КҮЙІНІҢ



Pdf көрінісі
бет42/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

ІV ТАРАУ
СПОРТТЫҚ ƏРЕКЕТ КЕЗІНДЕГІ ОРГАНИЗМ КҮЙІНІҢ 
ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Бұлшық ет əрекеті организмнің көптеген физиологиялық 
жүйелерінің айтарлықтай өзгерістерін тудырады. Бұл өзгерістер ди-
намикасында: 
1. Сөре алдыңғы күй; 
2. Негізгі (жұмыс) кезең; 
3. Қалпына келу кезеңі сияқты 3 негізгі кезеңдерді бөліп 
көрсетуге болады.
Сөре алдыңғы күй жұмыстың басталуының (жаттығудың 
орындалуының) алдындағы функциялық өзгерістермен сипаттала-
ды. 
Жұмыс кезеңі ең бастапқы кезеңінде қызметтердің тез 
өзгеруімен сипатталатын бабына келу күйінен жəне келесі одан 
кейін негізгі физиологиялық қызметтер салыстырмалы өзгеріссіз 
болатын (нақтылап айтқанда, баяу өзгеретін) тұрақты жұмыс 
қабілеттілік күйінен тұрады. Жаттығуды орындау үдерісінде оны 
əрі қарай қажет жағдайдағы қарқындылық деңгейінде жалғастыра 
алмаумен немесе сол жаттығуды мүлде жалғастыра алмаумен, яғни 
жұмыс қабілеттілігінің төмендеуімен көрінетін қажу пайда болады. 
Бастапқы, жұмыс алдыңғы деңгейге дейін қызметтердің 
қалпына келуі жаттығуды тоқтатқаннан кейінгі белгілі бір уақыт 
мерзімі барысындағы организмнің күйін сипаттайды.
Организм күйінің көрсетілген кезеңдерінің əрқайсысына түрлі 
жүйелер, мүшелер мен тұтас бүкіл организмнің физиологиялық 
қызметтерінің ерекше динамикасы тəн. Бұл кезеңдердің болуы, 
олардың ерекшелігі мен ұзақтығы орындалатын жаттығулар сипаты-
мен, қарқындылығымен, ұзақтығымен, оның орындалу жағдайымен 
жəне сонымен қатар спортшының жаттықтырылу дəрежесімен 
анықталады. 
Сөре алдыңғы күй
Бұлшық ет əрекетінің орындалуына дейін оны күту үдерісінде 
организмнің түрлі қызметтерінің бірқатар өзгерістері жүреді. Бұл 


86
өзгерістердің организмді алдында тұрған əрекеттерді табысты 
орындауға даярлауда маңызы зор.
Ерте сөре алдыңғы күй жарысқа дейін бірнеше күн, сөре 
алдыңғы күй спорттық жарыстар атмосферасына түскен кезде, 
сөрелік күй сөреге бірнеше минут немесе секунд қалғанда туын-
дайды. Спортшының сөре алдыңғы функциялық күйі өзгерістерін 
алдыдағы жұмыстардың орындалуы үшін қозғалыс жəне вегетатив-
тік қызметтердің мобильденуімен жүретін организмнің биологиялық 
мақсатқа лайықты бейімделу реакциялары ретінде қарастырған жөн. 
Бұл өзгерістер ОЖЖ қозғыштығының жоғарылауымен, бұлшық ет 
əрекетінің сол түріне тəн қозғалыс доминантасының жасалуымен 
сипатталады.
Сөреге, дене жүктемелеріне спортшының даярлығы дегеніміз 
– дене жүктемесіне қажетті сапаны қамтамасыз ететін тыныштық 
күйден қысқа уақытта жұмысқа көшуге, қолайлы жұмыс 
қабілеттілігіне жетуге, жұмыстың бір түрінен немесе қарқындылығы 
басқа деңгейге ауысуға дайындығы. Сөре алдыңғы күй кез келген 
жұмыс əрекетіне тəн. Ол жоғары жетістіктерге жету спортында анық 
көрінген. 
Қызметтердің сөре алдыңғы өзгерістері бұлшық ет жұмысы
басталуына дейін, яғни бірнеше минутқа, сағатқа жəне жауапты 
жарыстар кезінде тіпті, күндерге созылатын белгілі бір кезеңдерде 
жүреді. Кейде функциялық өзгерістері ерекше айтарлықтай бо-
лып келетін сөренің алдындағы (жұмыстың алдындағы) соңғы 
минуттарға тəн жеке сөрелік күйді бөліп қарастырады. Ол жұмыс 
басындағы қызметтердің жылдам өзгеру фазасына (бабына келу 
кезеңіне) тікелей ауысады.
Сөре алдыңғы күйде организмнің түрлі физиологиялық 
жүйелерінің сан алуан қайта құрылулары жүреді. Бұл қайта 
құрылулардың көпшілігі сол жұмыс кезінде жүретін қайта 
құрылулармен ұқсас: тыныс алу жиілейді жəне тереңдейді, яғни 
ӨВ өседі, газ алмасу (О
2
пайдалану) күшейеді, жүректің жиы-
рылуы жиілейді жəне күшейеді (жүректің минуттық қан көлемі 
өседі), артериялық қан қысымы жоғарылайды, бұлшық ет пен 
қандағы сүт қышқылы концентрациясы артады, дене температура-
сы жоғарылайды жəне т.б. Осылайша организм əрекеттің басталуы-
на дейін қайсыбір «жұмыс деңгейіне» ауысады жəне бұл көбіне 
жұмыстың табысты орындалуына мүмкіндік береді (К. М. Смирнов, 
1986).


87
Сөре алдыңғы қызметтердің өзгерістері өзінің табиғаты жағынан 
шартты рефлекстік жүйкелік жəне гуморалдық реакциялар болып 
табылады. Аталмыш жағдайда шартты рефлекстік тітіркендіргіштер 
ретінде орындалатын əрекеттің орны, уақыты, сонымен қатар 
екінші сигналдық, сөздік тітіркендіргіштер болып саналады. 
Мұнда эмоциялық реакциялар маңызды рөл атқарады. Сондықтан 
организмнің функциялық күйінің неғұрлым шұғыл өзгерістері 
спорттық жарыстар алдында байқалады. Мұнда сөре алдыңғы 
өзгерістер дəрежесі мен сипаты көбіне, спортшы үшін сол жарыстың 
маңыздылығымен тура байланыста болады. 
Сөре алдында оттегі пайдалану, негізгі алмасу, ӨВ тыныштық 
күйдің кəдімгі деңгейінен 2-2,5 есе жоғарылауы мүмкін. Қысқа 
қашықтыққа жүгірушілерде, тау шаңғышыларында сөре кезінде 
ЖЖЖ минутына 160 екп/мин-на жетуі мүмкін. Бұл мидың лим-
бия жүйесімен (гипоталамус, ми қыртысының лимбиялық үлесі) 
белсенетін симпатикалық-адреналдық жүйе қызметінің күшеюімен 
байланысты. Бұл жүйелер белсенділігі жұмыстың басталуына дейін 
артады. Ол норадреналин жəне адреналин концентрациясының 
жоғарылауынан көрінеді. Катехоламиндер жəне т.б. гормондар 
ықпалынан бауырдағы гликоген, май қорындағы майлардың ыды-
рау үдерістері жылдамдайды. Сондықтан жұмыстың басталуына 
дейін қанда глюкоза, бос май қышқылдары сияқты энергиялық суб-
страттар мөлшері жоғарылайды. Холинэргиялық жүйкелер арқылы 
симпатикалық белсенділіктің күшеюі қаңқа бұлшық еттеріндегі 
гликолизді интенсификациялап, олардың қантамырларының кеңеюін 
(холинэргиялық вазодилятация) тудырады. 
Сөре алдыңғы өзгерістер деңгейі мен сипаты көбіне, сол 
жаттығудың өзін орындау кезінде жүретін функциялық өзгерістердің 
ерекшеліктерімен сəйкес келеді. Мысалы, неғұрлым жүгіру 
арақашықтығы қысқа болған сайын, яғни жаттығуды орындау 
кезінде ЖЖЖ жоғары болған сайын сөре алдында орташа ЖЖЖ 
соғұрлым артады. Орташа қашықтыққа жүгіруді күту кезінде 
систолалық көлем қысқа қашықтыққа жүгіру алдындағы мөлшерге 
қарағанда, салыстырмалы көбірек артады. Сонымен сөре алдыңғы 
физиологиялық қызметтердің өзгерістері негізінен арнайы болады. 
Сөре алдыңғы күйдің ерекшеліктері көбінесе, спорттық жұмыс 
қабілеттілікті анықтауы мүмкін. Барлық жағдайлардың бəрінде сөре 
алдыңғы күйде орын алған өзгерістер спорттық нəтижеге жағымды 


88
ықпал жасай бермейді. Психологиялық сөре алдыңғы күйдің: 
жауынгерлік даярлық күйі, старттық қызба (лихорадка) жəне сөрелік 
апатия (мең-зеңдік) сияқты 3 түрін бөліп көрсетеді. Жауынгерлік 
даярлық күйі жүйке орталықтары лабилділігі (мүмкіндігі) мен 
қозғыштығының қалыпты жоғарылауымен сипатталады. Жеке 
мүшелер мен жүйелердің функциялық күйі жұмысты орындауға 
даярлықты қамтамасыз ететін оптималды деңгейде болады. Қалыпты 
эмоциялық қозу жоғары спорттық нəтижеге жетуге мүмкіндік 
береді. Старттық қызба күйі қозғыштықтың, тітіркендіргіштіктің 
жоғарылауымен, оқытушымен (жаттықтырушымен) жəне жолдаста-
рымен конфликті (даулы) қатынасқа бейім тұруымен ерекшеленеді. 
Қарапайым қозғалыс рефлексінің жасырын (латентті) кезеңінің аза-
юы мен ажырату тежелуінің əлсіреуі айқын (объективті) байқалады. 
Шұғыл көрінген қозу ықпалынан спорттық жұмыс қабілеттілігінің 
жоғарылауы сияқты төмендеуі де байқалуы мүмкін. 
Шектен тыс сөрелік қозу (күшті жəне ұзақ қозу) спорттық 
нəтиженің төмендеуіне келіп саятын сөрелік апатияға əкеледі. 
Бұл жағдайда қорғану тежелу үдерістері басым бола бастайды. 
Ішкі мүшелер, қозғалыс қызметі көрсеткіштері төмендейді. Шек-
тен тыс қозу сияқты сөрелік апатия да психогендік факторлар 
кешенімен қалпына келуі мүмкін. Спортшының психологиялық 
күйінің қалпына келуінде аутогендік жаттықтырудың маңызы зор. 
Аутогендік жаттықтыру ерте сөре алдыңғы күйде физиологиялық 
жəне психологиялық қызметтерді қалпына келтіруде ерекше мəнге 
ие.
Сөре алдыңғы реакциялар жасқа байланысты өзгереді. Төменгі 
сынып балалары мен жасөспірімдерде сөре алдыңғы өзгерістер 
дəрежесі мен орындалатын жүктеме мөлшері арасында заңдылықты 
байланыстар əрқашан байқала бермейді. Кəмелеттік жаста неғұрлым 
сөре алдыңғы өзгерістер көп болған сайын, соғұрлым орындалатын 
жұмыс немесе жарыс күрделірек болып келеді. Бұл функциялық 
күйді реттеуде екінші сигналдық тітіркендіргіштердің рөлінің 
жоғарылауы салдарынан болып табылады. Төменгі сынып балалары 
мен жасөспірімдерде сөре алдыңғы өзгерістердің барабар (адекват-
ты) еместігі немесе аз айқындалуы шартты рефлекстік қозғалыс ре-
акцияларын нақты ажырату мен нығайту үшін қажетті тəжірибенің 
жеткіліксіздігімен байланысты болады. 


89


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет