Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Спорттық техниканы үйрету принциптерін физиологиялық



Pdf көрінісі
бет77/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Спорттық техниканы үйрету принциптерін физиологиялық 
негіздеу
Спорттық техниканы үйрету тиімділігі əсіресе, жүйке мен бұл-
шық ет əрекетімен байланысты организм қызметінің физиологиялық 
заңдылықтарын ескерген жағдайда ғана сақталуы мүмкін болатын 
бірнеше оқытудың педагогикалық принциптерімен тығыз байланыс-
ты.
Қозғалыс техникасын біртіндеп күрделендіру техникасы. 
Спорттық қозғалыстарды жүзеге асыру барысында бір мезгілде 
көптеген бұлшық еттер əрекетін басқаратын өте күрделі уақытша 
байланыстар қызмет атқарады. Бұл байланыстар бұрын түзілген 
қозғалыс рефлекстерін кең қолданудан біртіндеп қалыптасады. 
Мұнда қозғалыстың жеке фрагменттерін меңгере отырып, оны 
үйренген күрделі қозғалыс актісі тұтас жүйесіне енгізуге мүмкіндік 
беретін даярлық жаттығуларының маңызы зор. 
Орталық жүйке жүйесі экстраполяция механизмі бойын-
ша өздерінің сипаты бойынша жаңа қозғалыс əрекеттерін тек са-
лыстырмалы шектеулі мөлшерде ғана сол сəтте бағдарламалауға 
қабілетті болады. Егер үйренген жаттығу бұрын жүре пайда 
болған тəжірибемен жеткіліксіз байланыста болса, онда програм-
малау (бағдарламалау) үшін орталық жүйке жүйесіне кері байла-
ныс арқылы арнайы ақпарат түсуі қажет. Адам сəйкесінше, алдын 
ала даярлықсыз осы қозғалыс əрекетін іске асыратын бұлшық ет 
əрекетінің күрделі өзара қарым-қатынасын дұрыс программалай ал-
майды. Егер мұндай жаттығу жаттықтырушы көмегімен бірнеше рет 
қайталанса, орталық жүйке жүйесіне кері байланыс арқылы бұлшық 
ет жұмысы мен дене мүшелері жағдайының бірізді өзгерістері дина-
микасы туралы мəліметтер түссе, бұл жүйке орталықтарында кейін 
спортшыға қозғалысты өз бетімен орындауға қолданатын əрекеттің 
бағдарламасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жаттығуды көп рет жүйелі қайталау принципі. Қозғалыс 
дағдысының негізі болып табылатын уақытша байланыстар 
жаттығуларды міндетті түрде қайталау кезінде қалыптасады жəне 
жетіле түседі. Мұнда қайталау саны мен қайталау арасындағы 
интервалдар сияқты жаттықтыру сабақтарының арасындағы 
интервалдардың маңызы зор. Қайталаудың жеткіліксіз болуы-
мен қатар қажудың дамуымен байланысты өте көп қайталау да 


152
дағдының қалыптасуын қиындатады. Сонымен қатар жаттықтыру 
сабақтарының арасында интервалдар қатынасын да ескеру қажет. 
Бір сабақтағы жаттығулардың қайталау санын жəне сабақ жиілігін 
жаттықтыру дəрежесінің өсуіне байланысты көбейтуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет