155
Белгілі бір бұлшық еттің қозу табалдырығын анықтаған соң
тітіркендіргіш күшін біртіндеп көбейтсе, бұған сəйкес бұлшық
еттің жиырылу күші біртіндеп өседі, бірақ тітіркендіргіштің күші
белгілі бір деңгейге жеткен соң бұлшық еттің жиырылу күші одан
əрі күшеймейді.
Осыған орай тітіркендіргіштің ең төмен (минималдық) жəне
ең жоғары (максималдық) табалдырық күші болады. Бұлшық еттің
құрамындағы моторлық бірліктің əрқайсысының қозу табалдырығы
əртүрлі. Сол себепті минималдық табалдырық ең қозғыш моторлық
бірлікті қоздырады, ал максималдық табалдырық бұлшық еттегі
барлық миоциттердің қозу табалдырығынан жоғары болатындықтан
бəрін жиырылтады. Мұнымен бірге бұлшық еттің жиырылу күші
тітіркендіргіштің жиілігіне байланысты. Еттің оптимум жəне песси-
мум жиілігі болатыны жəне оның себептері белгілі. Ұзын бұлшық
ет талшықтары қысқаларына қарағанда, қаттырақ жиырылады.
Қажыған еттің жиырылу күші біртіндеп азаяды.
Моторлық бірліктердің мөлшері адамның қартаюы барысында
кеми түседі (
39-сурет жəне
12-тараудағы 73-суретте көрсетілген).
Дегенмен, жекелеген бұлшық ет талшықтарының атрофиясын
ішінара алдын алуға жəне жаттығулар арқылы қалпына келтіруге
болады. Ал жоғалған талшықтарды қалпына келтіру мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: