Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Қозғалыстың автоматтандырылуы (дағдылы əрекеттенуі)



Pdf көрінісі
бет75/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Қозғалыстың автоматтандырылуы (дағдылы əрекеттенуі)
Спорттық қозғалыстар техникасын толық жетілдіру қозғалыс 
актісінің көптеген бөлімдерінің автоматтандырылуымен, яғни 
адамның еріксіз, мақсатқа лайық жəне ішкі ортаның əсерінен 
дағдылы əрекеттенуімен өте тығыз байланысты. Адам организмінде 
еріксіз туындайтын рефлекстік актілер көптеп кездеседі. Бұлар – 
вегетативтік жəне кейбір қозғалыс қызметтерін (кірпік қағу, жұту, 
т.б.) реттейтін түрлі туа пайда болған шартсыз рефлекстік реакция-
лармен байланысты біріншілік автоматизмдер, осымен қатар бұрын 
саналы, ерікті өтіп, тек одан кейін ғана автоматты түрде іске асы-
рылуы мүмкін болатын реакциялар, яғни екіншілік автоматизмдер 
де бар. Міне, осыларға соның ішінде қозғалыс дағдылары жатады. 
Қалыптасқан қозғалыс дағдылары берік бекітілген уақытша байла-
ныстармен сипатталады жəне олардың көптеген бөлімдері еріксіз, 
яғни автоматты түрде орындалады.
Адамдағы ұсақ бұлшық еттік құрылымдар қызметі жеке 
функциялық моторлық бірліктер немесе олардың кішігірім топтары 
секілді көбіне, сезілмейді. Арнайы жаттықтырусыз көптеген жеке 
бұлшық еттер қызметі де сана сферасында көрінбейді. Тек тұтас дене 
мен ірі мүшелердің ғана қозғалыстары анық сезіледі. Дағдылардың 
вегетативтік компоненттері санада өте əлсіз көрініс береді.
Жүйке жүйесінде қозғалыстың автоматтандырылған жəне 


149
автоматтандырылмаған компоненттерін басқару үдерістері бір-
бірімен тығыз байланысты. Үйрету жəне жаттықтыру кезінде 
қозғалыстың орындалуының жалпы сипатына саналы бақылау 
жасаудың маңызы өте зор. Спортшының қозғалыстың жал-
пы құрылымымен байланысты алдына қойған міндеттерін са-
налы қалыптастыруы жүйке орталықтарындағы, бұлшық еттер 
мен вегетативтік мүшелердегі адамға жете сезілмейтін көптеген 
автоматтандырылған үдерістерге жағымды ықпал етеді. Дене 
жаттығуларын орындау ерекшеліктерін санаға дейін жеткізуде (мы-
салы, спортшының жіберген қателігінің сипаты) үдеріс кезінде не-
месе жаттығуды дереу аяқтағаннан кейін алынған жедел ақпараттың 
маңызы зор (В. С. Фарфель). Дағдылы əрекеттенген қозғалыс 
актісінің бөлімдері қозғалысты аяқтаған соң жекелей немесе кейін 
толығымен сезілуі мүмкін болатынын атап өткен жөн. Мысалы, ке-
неттен оқыс жағдайдағы қақпашы немесе күрескер əрекеті.
Адамдағы сезім алаңы салыстырмалы тар болып келгендіктен, 
ол бір мезгілде көптеген сипаты бойынша əртүрлі қозғалыс актілері 
компоненттерін қабылдай алмайды. Сезім алаңын моторлық актінің 
бір бөлімі алса, одан сол уақытта басқасы шығады. Сондықтан 
қозғалыс техникасын үйрету кезінде неғұрлым бұл компоненттердің 
көпшілігін автоматты түрде орындағанға дейін жеткізу керек. Сон-
да спортшының сезім алаңында жаттығуды орындаудың негізгі 
міндеттерімен байланысты ең басты қозғалыстар енетін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет