Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет99/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Артерия қанындағы О
2
мөлшері. Спортшыларда дене 
жаттығуларымен шұғылданбайтын адамдардағы сияқты кез келген 
қуаттылықты аэробтық жүктеме кезінде артерия қанындағы оттегі 
мөлшері тек төмендеп қоймай тыныштық күйіне қарағанда тіпті, 
жоғары да болады. Мысалы, максималды қуаттылықты аэробтық 
жұмыс кезінде ең бастысы оттегімен гемоглобиннің пайыздық 
қанығуының төмендеуімен байланысты артерия қанындағы 
оттегінің біраз төмендеуі (0,2 мл О
2
/100 мл қанға жуық) жұмыс 
гемоконцентрациясы нəтижесінде гемоглобин (2,5 мл О
2
/100 мл 
қанға) концентрациясының жоғарылауы есебінен артық мөлшермен 
өтеледі.
Төзімділікке 
жаттығатын 
спортшыларда 
спортпен 
шұғылданбайтын адамдарға қарағанда эритроциттердегі 2,3-ДФГ 
концентрациясы 15-20% жоғары болады. Осының арқасында төзімді 
спортшылардың ұлпалық капиллярларында гемоглобинмен оттегінің 
берілуі жеңілдетілген. Бұл қанның оттегі тасымалдау қызметінің 
тиімділігін жоғарылатады.


192
Қандағы сүт қышқылы. Төзімділік жаттығуларында жарыс 
арақашықтығының ұзындығы мен қандағы лактат концентрация-
сы арасындағы сызықтық емес кері тəуелділік бар, яғни неғұрлым 
арақашықтық ұзынырақ (оның өту ұзақтығы көбірек) болған сайын, 
соғұрлым қандағы лактат концентрациясы азырақ болады (49-су-
рет).
Қандағы сүт қышқылының мөлшері бұлшық ет жұмысын орын-
дау кезінде 3 негізгі факторларға: 
1) оттегі тасымалдау жүйесінің жұмыс атқаратын бұлшық 
еттердің оттегі тұтынуын қанағаттандыру қабілетіне; 
2) аэробтық жəне анаэробтық (гликолиздік) энергия өндірудегі 
жұмыс атқарушы бұлшық еттердің мүмкіндіктеріне;
3) жұмыс атқаратын бұлшық еттерден қанға түсетін сүт 
қышқылын организмнің утилдеу қабілеттеріне байланысты болады.
0
0
20
40
60
80
100
8
16
24
32
40


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет