Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет100/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

ȺɪɚΩɚɲɵΩɬɵΩ
 
ɤɦ
ɌɵɧɵɲɬɵΩ
ʘǬǹǰǬʡȇ
ǽʛǾ
ʙȇȄʙȇǷȇǹȇʖ
ǶǺǹȂDZǹǾǼǬȂǴȋǽȇ

Ǹǯ
%
49-суретƏртүрлі арақашықтықта жүгіру соңындағы сүт қышқылы 
концентрациясы (Я. М. Коц бойынша)
Төзімділікке жүйелі жаттықтыру үдерісінде бұлшық еттердегі 
жəне қандағы лактат мөлшері бірдей максималды емес аэробтық 


193
жүктемені орындау кезінде прогрессивті (ілгерілей) төмендейді. Кез 
келген бірдей абсолютті аэробтық жүктеме кезінде спортшыларда 
спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда артерия қанындағы 
лактат концентрациясы төмен болады. Бұл төмендеуді бірнеше фак-
торлар анықтайды.
Біріншіден, төзімді спортшыларда қаңқа бұлшық еттерінің 
аэробтық потенциалы жоғары. Осының арқасында жаттықпаған 
адамдарға қарағанда олардың бұлшық еттері сүт қышқылын аз 
өндіреді, себебі энергия түзілудің жоғары дəрежеде аэробтық жолы 
қолданады. Мұны бірдей жұмыс кезіндегі бұлшық еттердегі лактат 
концентрациясының жаттықтырудан кейін төмендеуінен көруге бо-
лады.
Екіншіден, спортшыларда оттегі тасымалдау жүйесі неғұрлым 
тез бабына келеді. Ұзақ аэробтық жаттығу кезінде қандағы 
лактаттың жоғары концентрациясы оттегі тапшылығымен байла-
нысты жұмыстың алғашқы минуттарында байқалатыны белгілі. 
Жаттықпаған адамдармен салыстырғанда төзімді спортшыларда 
қандағы лактат концентрациясының жоғарылауы жұмыстың бас 
кезінде айтарлықтай азырақ болады.
Үшіншіден, төзімділікке жаттығатын спортшылар бұлшық 
еттерінде түзілген сүт қышқылын утилдеудің күшеюі байқалады. 
Бұған барлық бұлшық ет талшықтарының жоғары аэробтық потен-
циалы жəне əсіресе, баяу бұлшық ет талшықтарының жоғары пайы-
зы, сонымен қатар жүректің ұлғайған салмағы əкеледі. Баяу бұлшық 
ет талшықтары миокард сияқты сүт қышқылын энергиялық субстрат 
ретінде белсенді қолдануға қабілетті. Бұдан басқа бірдей (оттегі 
пайдалану тең болатын) аэробтық жүктеме кезінде жаттықпаған 
адамдарға қарағанда спортшыларда бауыр арқылы қанның өтуі 
жоғары болады. Бұл да бауырдың қаннан сүт қышқылын неғұрлым 
қарқынды экстракциялауына жəне оның əрі қарай глюкоза мен гли-
когенге айналуына мүмкіндік туғызады (Кори циклі).
Төртіншіден
спортшыларда 
спортпен 
шұғылданбайтын 
адамдарға қарағанда ұлғайған қан айналымдағы қан көлемі көп 
сұйылуы есебінен бұлшық еттен қанға түсетін лактат концентраци-
ясын төмендетеді.
Сайып келгенде, төзімділікке жаттықтыру тек аэробтық 
мүмкіндіктерді жоғарылатып қана қоймай (ОМП) жəне қандағы 
сүт қышқылының айтарлықтай ұлғаюынсыз жүретін үлкен ұзақ 


194
аэробтық жүктемені орындау қабілетін дамытады. Бұл салыстыр-
малы үлкен ұзақтықты жаттығуларға маманданған спортшыларда 
төзімділікті жоғарылатудың маңызды механизмдерінің бірі.
Соңғы жылдары сипатталған өзгерістердің жалпы көрсеткіші 
ретінде лактацидемиялық анаэробтық табалдырықты (ЛАТ) 
өлшеу, немесе артерия қанында 4 моль/л лактат концентрациясына 
алғаш жететін (ЛАТ
4
), немесе артерия қанындағы лактат концентра-
циясын əрі қарай жоғарылату кезінде жылдам өсуінен басталатын 
(ЛАТ
и
) ең аз жүктемені анықтау кең қолданылады. Лактацидемиялық 
анаэробтық табалдырық вентиляциялық анаэробтық табалдырыққа 
(ВАТ) жуық. Анаэробтық табалдырықты басқаша анаэробтық алма-
су табалдырығы (АНАТ) деп атайды. 
Анаэробтық табалдырық организмнің аэробтық мүмкіндіктері-
нің көрсеткіші болып табылады: неғұрлым аэробтық мүмкіндіктері-
нің көрсеткіші көп болса, бұл табалдырық та соғұрлым жоғары 
болады. ОМП мен бір жағынан ұзақ арақашықтықтағы спорт 
нəтижелері, екінші жағынан, анаэробтық табалдырық арасында 
тура тəуелділік бар. Əртүрлі мамандану өкілдерінде анаэробтық 
табалдырық бірдей емес: ол ең жоғары төзімділікті жаттықтыратын 
спортшыларда болады. Жоғары білікті төзімді спортшыларда ол 
ОМП 70-80% аса оттегі пайдаланумен жүретін жүктемелер кезінде 
ғана, ал жаттықпаған адамдарда ОМП 45-60% тең оттегі пайдала-
нумен жүретін жүктеме кезінде-ақ жетеді. Айтулы марафоншылар 
анаэробтық табалдырықтан төмен деңгейде (қандағы лактат кон-
центрациясы 4 ммоль/л аз) олардың жеке-дара ОМП 80-85% сəйкес 
келетін оттегі пайдалану жылдамдығымен арақашықтықты жүгіріп 
өтеді.
Оттегіні пайдалану ОМП деңгейінде жəне шекті ұзақтығы 
бірнеше минутқа дейін болатын (1500 м-ге жүгіру, академиялық 
есу, т.б.) салыстырмалы қысқа мерзімдік максималды аэроб-
ты жүктемені орындау кезінде іс басқаша белгілі жағдайда бола-
ды. Мұндай жаттығуларды орындау кезінде бұлшық еттік энергия 
өндіруге анаэробтық гликогенолиз айтарлықтай үлес қосады, бұл 
жұмыс атқарушы бұлшық еттерде сүт қышқылының көп мөлшерде 
түзілуіне əкеледі. Спортшыларда спортпен шұғылданбайтын 
адамдарға қарағанда максималды аэробтық жұмыс (критикалық 
аэробтық қуаттылық) қуаттылығы айтарлықтай жоғары болады. 
Осының салдарынан спортшыларда спортпен шұғылданбайтын 


195
адамдарға қарағанда ОМП деңгейіндегі жұмыс кезіндегі қандағы 
лактат концентрациясы (сəйкесінше, 140 жəне 90 мг% немесе 15 
жəне 10 ммоль/л жуық) жоғары. Мұндай жаттығуларда нəтиже 
неғұрлым жоғары болған сайын, яғни спортшы арақашықтықта 
ұстап тұра алатын максималды аэробтық қуаттылық жоғары болған 
сайын соғұрлым арақашықтық мəресінде қандағы лактат концентра-
циясы жоғары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет