Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Қанның қышқылдық-сілтілік тепе-теңдігі



Pdf көрінісі
бет101/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Қанның қышқылдық-сілтілік тепе-теңдігі. Қандағы сутек 
иондарының концентрациясы (рН) ең көп дəрежеде ондағы сүт 
қышқылының мөлшеріне, сонымен қатар СО
2
парциалдық кернеуіне 
жəне қанның буферлік мүмкіндігіне тəуелді келеді. Тыныштық күйде 
спортшылар артериялық қанындағы рН спортпен шұғылданбайтын 
адамдармен бірдей болады. Бұлшық ет жұмысы кезінде ол сүт 
қышқылының концентрациясымен анықталатындықтан қан лакта-
тына қатысты жаттықтыру əсері туралы сөз болған жағдайлар рН 
үшін де тəн. Төзімділікке жаттығатын спортшыларда рН төмендеуі 
неғұрлым айтарлықтай жүктемелер кезінде жүреді жəне жаттықпа-
ған адамдарға қарағанда аз болады. Осымен қатар спортшылар-
да спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда максималды 
аэробтық жүктеме кезінде рН төмендеуі көп орын алады. Шекті 
жағдайларда жоғары білікті спортшыларда артериялық қандағы рН 
7,0-ге дейін жəне тіпті, одан да (əсіресе, көбіне ескек есушілерде) 
төменге түсуі мүмкін. 
Қанның буферлік қосылыстары оның қышқылдық-сілтілік тепе-
теңдігін реттеудегі маңызды механизмі болып табылады. Тыныштық 
күйде қандағы стандартты бикарбонат мөлшері орта есеппен спорт-
шыларда жаттықпаған адамдардағы сияқты (сəйкесінше, 24,3 
жəне 24,4 мэкв/л) болады. Дегенмен оның төмендеуі спортшы-
ларда спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда неғұрлым 
елеулі жүктемелер кезінде жүреді. Бұл ең алдымен, қандағы лактат 
концентрациясы өзгерісіндегі сипатталған айырмашылықтармен 
түсіндіріледі: спортшыларда спортпен шұғылданбайтын адамдарға 
қарағанда лактацидемия дəрежесі төмен болады.
Артерия қанындағы СО
2
парциалдық кернеуі өте үлкен 
жүктемелер кезінде біршама төмендейді. Мұнда спортшыларда 
тыныс алудың неғұрлым жетілген реттелуімен байланысты олар-
да спортпен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда біраз азырақ 
төмендейді. 


196
Қан глюкозасы. Спортшылар мен спортпен шұғылданбайтын 
адамдарда тыныштық күйде қандағы глюкоза концентра-
циясы бірдей. Салыстырмалы қысқа мерзімдік төзімділікке 
жаттығулар кезінде тыныштық деңгейіне қатысты ұлғаю тенден-
циясы байқалады, ал ұзақ жаттығулар кезінде біртіндеп төмендеу 
(тыныштық күйде 80-100 мг%-дан 50-60 мг%-ға дейін) көрініс 
береді. Төзімділікке жаттықтыру нəтижесінде қандағы глюкоза 
концентрациясының мұндай төмендеуі азая бастайды, кешірек пай-
да болады жəне қандағы глюкоза мөлшерінің төмендеуі (гипогли-
кемия) кезіндегі жұмыс кезеңі неғұрлым ұзарады. Жоғары білікті 
спортшыларда тіпті, марафондық жүгіруден кейін де қандағы глю-
коза концентрациясының төмендеуі байқалмайды.
Қорытындылай келе, жаттықтыру үдерісінде жүретін жəне 
төзімділіктің жоғарылауына əкелетін қандағы негізгі өзгерістер:
1) қан айналымдағы қан көлемінің ұлғаюына (көп мөлшерде 
эритроциттерге қарағанда плазманың жалпы көлемінің жоғарылауы 
есебінен, яғни гематокрит төмендеуінен);
2) максималды емес аэробтық жүктеме кезінде жұмыс 
лактацидемиясының (жəне сəйкесінше ацидемия) төмендеуіне (жал-
пы түрде мұны анаэробтық табалдырықтың жоғарылауы ретінде 
анықтауға болады);
3) максималды аэробтық жүктемелер кезінде жұмыс 
лактацидемиясының (жəне сəйкесінше ацидемия) жоғарылауына 
келіп тіреледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет