177
Бақылау сұрақтар
1.
Өсімдіктердің экологиялық тобына анықтама беріңіз. Ортаның
қандай негізгі факторларына қатынасы бойынша экологиялық топтарды
атап көрсетеді?
2.
Түрлі мекен орталардың жарық режимінің жағдайына
байланысты жапырақтардың сыртқы құрылымының ерекшеліктерін
келтіріңіз.
3.
Ашық мекен орта өсімдіктерінің: өгейшөп және түймешетен
жапырақтарындағы эпидерма құрылымының егжей-тегжейлерін
салыстырыңыз. Олардың ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
4.
Суға қатынасы бойынша түрлі экологиялық топтардың
анатомиялық құрылымының ерекшеліктерін сипаттаңыз. Суккуленттер
мен
склерофиттер
арасындағы
ұқсастықтарды
және
айырмашылықтарды атап шығыңыз.
5.
Жарықсүйгіш пен көлеңкесүйгіш өсімдіктердің анатомиялық
және морфологиялық құрылымындағы айырмашылықтарды атаңыз.
№6 зертханалық-практикалық жұмыс
САРҒАЛДАҚ (RANUNCULACEAE),
БҰРШАҚ
(FABACEAE, НЕМЕСЕ
PAPILIONACEAE)
ТҰҚЫМДАСТАРЫНЫҢ
ӨСІМДІК
ТҮРЛЕРІН
АНЫҚТАУ
Жұмыстың мақсаты: Сарғалдақ және Бұршақ тұқымдастарының
тектері мен түрлерін анықтауды үйрену.
Достарыңызбен бөлісу: