172
«Түбіртек» деп аталатын бадананың қысқа сабағы қабыршақтар
түріндегі жапырақтарды және астыңғы
бөлікте қосалқы тамырларды
апарады. Құнарлы заттар етті қабыршақтарда – түрі өзгерген
жапырақтарда жиналады.
Баданалардың екі негізгі түрі бар – жарғақты және қабыршақты
(жабынқыштық).
Жарғақты баданаларда әрбір сыртқы қабыршақ өзінің
шеттерімен бірге өсіп, ішкі қабыршақты қамтиды (түйінді пияздың
баданасы);
қабыршақты
(жабынқыштық)
баданаларда
тар
қабыршақтар шеттерімен тек қана жанасады немесе бір-бірін сәл ғана
жауып тұрады (лалагүлдің баданасы). Сонымен қатар, екі түрдің де
белгілері үйлесетін баданалардың аралық түрлері де кездеседі.
Алдында қарастырылған
жерасты баданалардан басқа, жерүсті
баданалар бар, олар ұсақтау және
баданшалар деп аталады. Баданшалар
өркеннің қолтықбүршіктерінен түзіледі, жерге түсіп, тамыр жаяды.
Түйнекбадана — жайылып өскен жуан сабағы және өткен жылғы
жапырақтардың (қамысгүл, әлекшөп) құрғақ қабыршақ тәрізді жарғақ
негіздемелері бар жерасты түрі өзгерген қысқа өркен. Түйнекбадананың
қолтықбүршіктерінен
«балалар» дамиды (жаңа түйнекбаданалар).
Өзгерген өркендер — онша көрінбейтін жапырақтары бар
ұзартылған өркендер. Өзгерген өркендер қысқа мерзімді,
кейде қатты
жуандалатын төменгі жапырақтарда жиналатын заттардың қорына
қатысады. Өзгерген өркендердің негізгі функциясы – вегетативтік
көбеюге қатысу.
Кладодийлер — әдетте жалпақ фотосинтездейтін сабағы және
түсетін жапырақтары бар түрі өзгерген өркендер. Егер кладодийлер
сыртқы түрі бойынша жапырақтарға ұқсаса,
онда оларды
филлокладийлер деп атайды.
Филлокладийлер жарғақ немесе қабыршақ
тәрізді жапырақтардың қолтықтарында дамиды – Шпренгер қасқыржемі
(Asparagus sprengeri), қауырсынды қасқыржем
(Asparagus plumosus),
понтий кірпішөбі
(Ruscus aculeatus). Филлокладийдің астыңғы жағында
немесе оның шеттері бойынша гүлшоғыр, ал кейін жапырақтарда
жемістердің пайда болуы иллюзиясын жасап, жемістер дамиды.
Түрі өзгерген қатты сүректенген қысқартылған өркендер –
долананың
(Crataegus), шомырттың
(Prunus spinosa), қарамаланың
(Gleditsia) тікенектері түрі өзгерген
жапырақтар - бөріқарақаттың
(Berberis) тікенектерімен және тікенектерге қарағанның
(Caragana) мен
бозқарағанның
(Robinia
pseudoacacia)
түрі
өзгерген
бөбежапырақтарымен қатар қорғаныш қызметін орындайды.
Өсімдіктердің жабысқақ
қылқандарының, сол сияқты тікенектердің
тегі өркенді болуы мүмкін – пассифлорада
(Passiflora),
173
жүзімде
(Vitisvinifera),
асқабақта
(Cucurbitapepo),
қарбызда
(Citrulluslanatus), қиярда
(Cucumis) жапырақты болуы мүмкін — дуал
бұршақта
(Vicia sepium), шалғын чинада
(Lathyrus pratensis) және
басқаларда. Қылқандар кеңістікте тігінен бекітуге арналған.
Түрі өзгерген жапырақтар шықшөп
(Drosera), шыбынжек жапырақ
(Dionaea muscipula), непентес
(Nepenthes), дүңгіршек
(Utricularia) және
т.б.сияқты
жәндікқоректі
өсімдіктерде
аушы
мүшелердің
функцияларын орындай алады.
Достарыңызбен бөлісу: