178
4. Айырғыш бойынша Сарғалдақ және Бұршақ тұқымдастары
өкілдерінің тектері мен түрлерін анықтаңыз.
Алдын ала айырғышты,
шартты белгілерді пайдаланудың ережелерімен танысыңыз. Өсімдіктер
дәйекті түрде анықталады: алдымен ірі таксондарды: бөлімін, классын,
тұқымдасын, тегін, кейін түрін анықтайды.
Жұмыстың нәтижелерін ресімдеу
1. Сарғалдақ
және бұршақ тұқымдастары өкілдерінің гүл
құрылымының суретін салыңыз, гүл бөліктерінің атауын жазыңыз.
2. Схема арқылы сабақта белгіленген екі өсімдік өкілдерінің сыртқы
түрінің суретін салыңыз.
3. Сабақта
белгіленген өсімдіктердің тегі мен түрлерінің
диагностикалық белгілерін тұжырымдаңыз.
Бақылау сұрақтар
1. Тегеурінгүл
(Delphinium) тегінің және Бәрпі
(Aconitum) тегінің
диагностикалық белгілерін атаңыз.
2.
Жатаған сарғалдақты (Ranunculus repens) тектің басқа түрлерінен
қалай айыруға болады?
3. Көпгүлді сарғалдақ
(Ranunculus polyanthemos) және Күйдіргі
сарғалдақ
(Ranunculus acris) түрлерінің диагностикалық белгілерін атап
шығыңыз.
4.
Маралоты (Thalictrum) тегін сипаттаңыз.
5. Қандай жағдайларда гүл композициясын безендіруге Сарғалдақ
(Ranunculus) тегінің және Бәрпі
(Aconitum) тегінің өкілдерін қолданбау
жөн?
6. Сарғалдақ тегінің қандай түрлерінде тұтас жапырақтар кездеседі?
№7 зертханалық-практикалық жұмыс
КІРЕСГҮЛДІЛЕР (CRUCIFERAE, НЕМЕСЕ
BRASSICACEAE), ҚАЛАМПЫРЛАР
(CARYOPHYLLACEAE)ТҰҚЫМДАСТАРЫНЫ
Ң ӨСІМДІК ТҮРЛЕРІН АНЫҚТАУ
Достарыңызбен бөлісу: