13
Золяның гельге ауысуы (басқа факторлармен бірге) споралар мен
тұқымдардың ыстыққа төзімділігін, қына, мүк және басқа
қырыққұлақтардың құрғақшылыққа төзімділігін (сусыздануды ауа-
құрғақ күйге шыдау қабілеттілігі), ұзаққа созылған теріс температура
кезеңінде өсімдіктердің аязға төзімділігін (қолайсыз қысқы жағдайлар
кешеніне шыдау қабілеттілігі) түсіндіреді.
Қолайсыз жағдайларда цитоплазманың золядан гельге ауысуы ғана
емес, сонымен қатар оның құрылымының сусыздану, тығыздануына
әкелетін сапалы өзгерістер де болады. Қолайлы жағдайларда (сумен
қамтамасыз етілу, температураның көтерілуі және т.б.) цитоплазма
гельден золяға ауысады, ал спора, тұқым, бүкіл өсімдіктер өсу
процестерін жалғастыруға мүмкіндік алады. Осылайша, мысалы,
бірнеше жыл гербарийде жатқан кейбір мүктер сумен жеткілікті
қамтамасыз етілген жағдайда өсуін жалғастыруға қабілетті.
Цитоплазмада көптеген ферменттер, айырбас өнімдері, иондар,
сонымен қатар микрофиламенттер мен микротүтіктерді құрастыру үшін
қысқартылатын ақуыздар мен ақуыз мономерлері бар.
1.1.1. Жасуша қабырға
Жасуша қабырғаның негізгі құрастырушы молекуласы тізбекке
созылған d-глюкозаның 3 -11 мың қалдықтарынан құрылған
полисахаридты көрсететін
целлюлоза немесе
өзек (С
6
Н
10
О
5
)
Ш
болып
табылады.Талшықтардың
жіп
тәрізді
молекулалары
сутегі
байланыстары есебінен бір-бірімен (100 молекула шамасында) өзара
әрекет жасай келе, мицелланы құрастырады; 20 мицелла микрофибрилға
біріктірілген, ал 250 микрофибрилл макрофибрилды құрастырады(1.4
сурет).
Целлюлозаның
микро-
және
макрофибриллдері
клетка
қабырғасында гемицеллюлоза, пектин заттары мен ақуыздан
тұратынматрикс - аморфты, желе тәрізді массаға батырылған.
Гемицеллюлоза,немесе
жартылай өзеккөмірсу сипатындағы
полимерді білдіреді,бірақ целлюлозадан гөрі полимерлеу деңгейі төмен.
(мономерлер150-ден 300-ге дейін).
Достарыңызбен бөлісу: