150
Саваннада жер оттылығының биіктілігі ылғалдану деңгейі мен
топырақтың құрамына байланысты. Дәндердің түрлерінің шектеулі
мөлшері басым.
Дәнерден басқа саваннаның жер оттылығында кейбір қияқтар, қос
жарнақты өсімдіктердің әр түрлері кездеседі.
Жауын-шашын
қосындысына
және
құрғақ
маусымның
ұзақтылығына байланысты саваннаның бірнеше формациялары
ажыратылады: дымқыл саванналар (жауын-шашын қосындысы жылына
800 — 2 000 мм, сиретілген жер отының биіктігі — 1,5 — 3 м), құрғақ
саванналар (жылына 500 — 1 200 мм және 1,5 — 2 м), тікенді саванналар
(жылына 250 — 750 мм және 30 — 50 см, сирек — 1 м).
Саванна өсімдіктеріне мынандай бейімдеулер тән:
■
қомақты тереңдікке өтетін құнарлы тамыр жүйесі;
■
ирек немесе имек діңкетері бар ағаштары көбінесе тырбық, кең
жайылған ұшар бастары бар;
■
кеңінен таралған ұшар бастар пішіні шатыр тәріздес, мысалы,
Африка саванналарында көптеген мамыргүлдердің;
■
діңгектерінде көбінесе қалың қабық дамыған;
■
ағаштар мен бұталардың арасында жапырақтәріздес пішіндер көптеп
кездеседі,
бірақ
қатты
склерофильді
жапырақтарымен
мәңгіжасылдар да кездеседі, мысалы, Австралия эвкалипттері.
Достарыңызбен бөлісу: