160
Әрбір жұмыс үстелде төсеніш және жабын шынылар, іреуіш инелер,
кішкентай қысқыш, шыны таяқша, таза су құйылған стақан, шыныларды
сүртуге арналған майлық, сүзгіш қағаздың тілімдері болуы тиіс.
Көздіктің және объективтердің оптикалық шыныларын сүрту үшін
тек қана арнайы фланельді немесе мақта-мата жұмсақ майлықты
қолдану керек.
Жарықты орнату – өте жауапты сәт. Терезеден түсетін табиғи
жарықты пайдалану жөн, бірақ тура сәулелер көзге зиян келтіреді.
Жарықты электр шамдардан баптауға болады, сонымен қатар күзгі
жарық
шамдарын
да
пайдалануға
болады.
Қазіргі
оқу
микроскоптарының жиынтықтарына электр желісінен, не кіріктірілген
аккумулятордан жұмыс істейтін жарық түсіргіш құрылғысы кіреді.
Егер микроскоп жарық түсіргіш құрылғымен жабдықталмаса, онда
жарықты айнаның көмегімен келесі жолмен баптайды:
— микроскопты сол жақ иыққа қарсы қояды;
— револьверлік дискіні айналдырып, заттық үстелдің тесігі үстінде
х8 есе үлкейтетін объективті орнатады. Револьвердің бекітілуі тиісті
шертпек бойынша анықталады.
— конденсорды тірелгенше көтереді (егер ол микроскоптың
құрылымымен қарастырылса);
— конденсордың астындағы диафрагманы толығымен ашады (егер
ол микроскоптың моделінде орнатылса);
— жарықтың объективке және көздікке өтуі үшін айнаны
айналдырады: жарық айқын және барлық көз аясында бірқалыпты
болуы тиіс;
— орнатылған жарық сабақтың соңына дейін бұзылмауы тиіс. Егер
ол кездейсоқ бұзылса, алдын ала болмашы ғана үйкейтетін объективке
аударып, барлық операциялар дәл сол реттілік бойынша қайталайды.
Достарыңызбен бөлісу: