15. Он Бесінші Сөз
Ақылды кісі мен акылсыз кісінін, менің білуімше, бір
белгілі парқын
көрдім.
Əуел — пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нəрсені қызық
көрмей жүре алмайды, сол қызықты нəрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты
уақыты болып ойында қалып.
Сонда есті адам, орынды іске қызыгып, құмарланып, іздейді
екен-дағы,
күнінде айтса құлақ, ойласа көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен
өмірдің өкініші де жоқ болады екен.
Есер кісі орнын таппай, не болса сол, бір баянсыз, бағасыз нəрсеге қызығып,
құмар болып, өмірінің қызыкты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады
өкен-дағы, күнінде өкінгені пайда болмайды екен. Жастықта бұл қызықтан соң
жəне бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай
көріп жүріп бірер
қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші
талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен.
Үшінші — əрбір нəрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға құмарлық пайда
қылатын нəрсе екен. Əрбір құмарлық өзіне бір түрлі дерт болады екен, уа əрбір
құмар болған нəрсеге жеткенде, яки əне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде,
бір түрлі мастық пайда болады екен.
Əрбір мастық
бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың көзін байлап,
төңіректегі қараушылардың кезін ашып, "ананы, мынаны" дегізіп, бойды
сынататұғын нəрсе екен.
Сол уақытта есті кісілер үлкен
есі шықпай, ақылды қолдан жібермей,
бойын сынатпай жүріп ізденеді екен.
Есер кісі ер-тоқымын тастап, бөркі түсіп қалып, етегі атының к...н жауып
кетіп, екі көзі аспанда, жынды кісіше шаба беруді біледі екен, соны көрдім.
Егерде есті кісілердің
қатарында болғың келсе, күнінде бір мəртебе,
болмаса жұмасында бір, ең болмаса, айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол
алдыңғы есеп алғаннан бергі өміріңді қалай өткіздің екен, не білімге, не
ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің?
Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?