Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы



Pdf көрінісі
бет31/65
Дата31.01.2023
өлшемі3 Mb.
#64220
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65
Байланысты:
潫óá ìếñá¡¿´ - Çíá®

43. Қырық Үшінші Сөз
Адам ұғылы екі нəрсеменен: бірі — тəн, бірі — жан. Ол екеуінің
орталарында болған нəрселердің қайсысы жибили
208
қайсысы кəсиби
209
оны
білмек керек.
Ішсем, жесем демектің басы — жибили, ұйық-тамақ та соған ұқсайды. Аз
ба, көп пе, білсем екен, көрсем екен деген арзу
210
, бұлардың да басы — жибили.
Ақыл, ғылым — бұлар — кəсиби. Көзбенен көріп күлақпен естіп, қолмен
ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады.
Ол хабарлардың ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсызы ұнамсыз
қалпыменен, əрнешік өз суретіменен көңілге түседі. Ол көңілге түсіруші
бағанағы бес нəрседен өткен соң, оларды жайғастырып көңілде суреттемек.
Ол — жанның жибили қуаты дүр, бірі ұмытпастық жақсы нəрседен көңілге
жақсы əсер хасил болып, жаман нəрседен көңілге жаман əсер хасил болу
секілді нəрселер. Бұл қуаттар əуелден кішкене ғана болады. Ескеріп баққан
адам үлкейтіп, ұлғайтып, ол қуаттардың қуатын зорайтады. Ескерусіз қалса, ол
қуаттың қайсысы болса да жоғалады, тіпті жоғалмаса да, аз-маз нəрсе болмаса,
үлкен еш нəрсеге жарамайтын болады.
Кімде-кім сырттан естіп білу, көріп білу секілді нəрселерді көбейтіп алса,
ол — көп жиғаны бар адам: сынап, орыңдысын, орынсызын — бəрін де
бағанағы жиған нəрселерінен есеп қылып, қарап табады. Бұлай етіп бұл
харекетке түсінген адамды ақылды дейміз.
"Құдай Тағала өзі ақыл бермеген соң қайтейік?" демек, " Құдай Тағала сені
менен мені бірдей жаратып па?" демек — Құдай Тағалаға жала жауып, өзін
құтқармақ болғандығы. Бұл — ойсыз, өнерсіз надан адамның ісі.
Оған Құдай Тағала көрме, есітпе, естіген, көргеніңді ескерме, есіңе сақтама
деп пе? Ойын күлкімен, ішпек-жемек, ұйықтамақпен, мақтанмен əуре бол да,
ішіңдегі қазынаңды жоғалтып алып, хайуан бол деген жоқ.
Кейбіреулер айтады; "Ақыл жибили болмаса да, талап — жибили. Талап
берген адам ақылды тапты. Талабы жоқ кісі таба алмады" — дейді. О да бекер.
Талап балада да бар, оған талас қылуға болмайды. Бағана айттық қой, жан
қуаты басында кішкене болады, ескермесе жоғалып та кетеді, ескерсе, күтіп
айналдырса зораяды деп. Жан қуатыменен адам хасил қылған өнерлері де
күнде тексерсең, күнде асады. Көп заман тексермесең, тауып алған өнеріңнің
жоғалғандығын жəне өзіңнің ол мезгілдегіден бір басқа адам болып кеткеніңді
білмей қаласың. Қай жоғалған өнер ал, мен жоғалдым деп, хабар беріп
жоғалады. Енді қусаң, бағанағы əуелгі табуыңнан қиынырақ тиеді.
Жан қуаты дейтұғын қуат — бек көп нəрсе, бəрін мұнда жазарға уақыт
сыйғызбайды. Бірақ əрбір өнердің тыстан тауып алып ішке салғанын, соның
208
еріксіз болатын тілек
209
еңбекпен табылған нəрсе
210
тілек, мақсат, арман


тамырын берік ұстап тұруға жараушы еді. Көп заман ескермеген адамнан ол
бағанағы өнердің өзінің ең қызықты, қымбатты жерлері жоғала бастайды.
Онан соң көп заман өтсе, сол өнерді сақтайтұғын қуаттың өзі де жоғалады.
Онан соң қайта кəсіп қылуға болмайды.
Бұл қуаттың ішінде үш артық қуат бар, зинһар соны жоғалтып алу жарамас,
ол жоғалса, адам ұғылы хайуан болды, адамшылықтан шықты.
Біреуі орысша "подвижной элемент"— деп аталады. Ол не нəрсе? Не
көрдің, не есіттің, əрнешік білдің, соны тездікпенен ұғып, ұққандықпенен
тұрмай, арты қайдан шығады, алды қайда барады, сол екі жағына да ақылды
жіберіп қарамаққа тез қозған жібереді. Егер бұл болмаса, көп білуге көп оқу
оңды пайда да бермейді. Керекті уақытында ойламай, керекті уақытында
қылмай, керекті уақытында айтпай, дəйім уақытынан кеш қалып, "Əй,
əттеген-ай! Үйтуім екен, бүйтуім екен" деп, өмір бойы ғафил болып-ақ
отырғаның.
Біреуін орысша "сила притягательная однородного"— дейді. Ол — бір
нəрсені естіп, көріп білдің, хош келді, кəзір соған ұқсағандарды тексересің.
Түгел ұқсаған ба? Яки бір ғана жерден ұқсағандығы бар ма? Əрнешік сол іске
бір келіскен жері бар нəрселердің бəрін ойлап, білгенін тексеріп, білмегенін
сұрап, оқып, бөтеннен хабарланып білмей, тыншытпайды.
Үшіншісі, орысша "впечатлительность сердца"— дейді, яғни жүректі
мақтаншақтық, пайдакүнемдік, жеңілдік, салғырттық — бұл төрт нəрсе бірлəн
кірлетпей таза сақтаса, сонда сырттан ішке барған əр нəрсенің суреті жүректің
айнасына анық рəушан болып түседі. Ондай нəрсе тұла бойыңа жайылады, тез
ұмыттырмайды. Егер де бағанағы төрт нəрсемен жүректі кірлетіп алсаң,
жүректің айнасы бұзылады, я қисық, я күңгірт керсетеді. Енді ондай нəрседен
оңды ұғым болмайды.
Əрнешік тəн қуатыменен сырттан тауып, сыртта сақтайсыз, оның аты
дəулет еді. Оның да неше түрлі кеселі, кесапаты бар нəрселерін білмесең,
сақтай алмаушы едің ғой. Соған ұқсаған іштегі жан қуатыменен жиған
нəрсенің аты ақыл, ғылым еді ғой. Оның да неше түрлі кеселі, кесапаты тиер
нəрселері бар. Оны білмесең, бақпасаң — айрыласың. Жəне əрбір жақсы
нəрсенің өлшеуі бар, елшеуінен асса — жарамайды. Өлшеуін білмек — бір
үлкен керек іс. Ойланбақ жақсы, іске тіпті салынып кеткен кісі ойын байлай
алмай, қияли болып та кеткені болады.
Ішпек, жемек, кимек, күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ,
мансап іздемек, айлалы болмақ, алданбастық — бұл нəрселердің де өлшеуі бар.
Өлшеуінен асырса, боғы шығады.
"Ненің қызығын көп іздесең, соның күйігін бір тартасың" деген бұрынғы
ғалымдар. Баз махфи олмая
211
ол, мен айтқан үш қуаттың ішіңде екеуі, яғни
"сила притягательная однородного" бірлəн "подвижной элемент"— бұл екеуі
қосылып тұра тұрган нəрсе, күллі пайда да бұлардан шығады, уа күллі зарар да
211
айтылмай жасырын қалмасын


бұлардан шығады. Мансап сүйгіштік, мақтаншақтық, ашуланшақтық,
өтірікшілік, осыған ұқсаған əрбір маскүнемдікке тартып, құмар қылып,
ақылдан шығарып жіберетұғын нəрселер осы екеуінен болады. Бұларды
түбегейлеткеңде жақсы нəрселерді түбегейлетіп, жаман нəрселерден, яғни
жоғары айтылмыш секілді адамшылықтан шығарып, құмарпаздыққа салып
жіберетұғын нəрседен бойды ерте тыйып алуға керек.
Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты ақыл еді гой. Бір ақыл қуаты
бірлəн мұны тоқтатып болмайды. Һəм ақыл, һəм қайрат — екі мықты қуат
қосылып тоқтатады. Ол екеуі кімде бар болса, бағанағы екі қуат мұнан салсаң
онан шығатын бір жорға атпенен тең.
Егерде бұл екі қуаттың екеуі де аз болса, яки бірі бар, бірі жоқ болса,
бағанағы екі қуаттар — бір басы қатты асау ат, жүгенсіз тауға ұра ма, тасқа ұра
ма, суға ұра ма, жарға ұра ма — Құдай білсін, əйтеуір жолда көрген есті,
ақылы дұрыс адамдар əлі де сұрамай да қалады. Сенде ерік жоқ. Екі етек
жайылып, екі көзің аспанда, масқара болып кеткенің өлгеніңше.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет