44. Қырық Төртінші Сөз
Адам баласының ең жаманы — талапсыз. Талап қылушылар да неше түрлі
болады. Һəм талаптың өзі де түрлі-түрлі. Һəм сол талаптардың қайсысының
соңына түссе де, бірінен-бірі өнерлі, тұрлаулырақ келеді. Уа, лəкин адам
баласы я талапты, я талапсыз болсын, əйтеуір "бəрекелдіні" керек
қылмайтұғыны болмайды. Əрнешік, орынсыз ба, орынды ма, "бəрекелді"
деушіні көңіл іздеп тұрады.
Адам баласы өзі қай жолда, қай майдаңда жүрсе, сол майдандағы кісімен
сырлас болады. Аның үшін өзге жолдағылардан "бəрекелдіні" оңды күтпейді.
Маған "бəрекелді" десе, осы өзімменен серіктес, сырлас осылар "бəрекелді"
дер дейді.
Талаптың ішінде адам баласы көбінесе басына кəдір іздеп, сол талапта
болады. Біреуі мал қуып жатыр. Сараңдықпен, арамдықпен, əйтеуір мал
тапсам, "Мал тапқан ердің жазығы жоқ" дейтұғын, "Малдының беті жарық"
дейтұғын мақалға сеніп, халықтың түріне қарай, ит те болса, малдыны сөге
алмайды деп, бұл мал һəм пайда, һəм қасиет болады бойыма дейді. Мұнысы
рас, қазақтың өз қүлқына қарағаңда, бірақ адамдыққа, ақылға қарағанда, қазақ
түгіл, көңіл жиіркендіретұғын іс.
Осыған орай біреу қажеке атанамын, біреу батыреке атанамын, біреулер
білгіш, қу, сұм атанамын деп сол харакетте жүр. Əркайсысы қазаққа бұлдамақ
та болып, басына "осыным бірсыпыра елеу азық болар" деген талаппен қылып
жүр.
Мұнысы қазақтың тамырын ұстап-ұстап қарайды-дағы, "мынаны алып
келіп берсе, қымбат алғандай екен, осы күнде мына бір істің біраз пұлы бар
екен" деп, қазақтың бетінен оқып, ізденген талап болмаса, кітап бетінен оқып
іздеген талап емес.
Аның үшін кітап сөзіменен ізденген талап болса, əуелі көкіректі тазалау
керек дейді, онан соң ғибадат қыл дейді.
Қазақтың бетіне қарап, содан оқыған болса, ол талабыңды қыла бер,
көкіректі дым тазалаймын деме, оны кім көріп жатыр, ішінде қатпар көп
болмаса, құт-берекеге жағымды болмайды дейді. Енді осыған қарап қайдан
оқып, ұмтылған талап екенін білерсің.
|