Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет159/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162
Хрущев, Никита Сергеевич (1894, Курск губернаторлығы Калиновка селосы – 
1971, мәскеу) – саяси қайраткер. Кеңес одағының батыры (1964), 1953-1964 жылда-
ры КоКП оК бірінші хатшысы болған.
Шәді Жәңгірұлы (1855, оңтүстік Қазақстан облысы, созақ ауданы – 1933, 
өзбекстан, сырдария облысы, Қаратөбе мекені) – ақын. төре әулетінен шыққан. 
Шынболат Ділдебаев (1937, Қарағанды облысы – 1998, сонда) – ақын, термеші. 
Қазақстан республикасының енбек сіңірген мәдениет қызметкері (1991). 
Шынқожа Базарқұлұлы (1706, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы – 
1770, Қырғызстан, нарын облысы) – батыр. орта жүз, найман ішіндегі Қаракерей 
руының тума тармағынан. 
Ыдырыс /араб/ ыдырыс пайғамбар – Құранда аты аталатын пайғамбар. 
тігіншілік кәсіптің қамқоршысы болып есептеледі. 
Ырғызбай Айдосұлы (1744 ж. ш. Ақтөбе облысы, ырғыз өзеннің бойы – 1785, 
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау тауының баурайы) – батыр, 
би. Абылай ханның жақын сырлас достарының бірі болған. Абай Құнанбайұлының 
үшінші атасы. 


393
Айтыс VI том
ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ
Ақшатау – Қызылорда облысы, Арал ауданында орналасқан көл.
Арқалық – орталық Қазақстандағы қала. іргесі 1956 жылы қаланған. 1970-
1988 және 1990-1997 жылдары торғай облысының орталығы болған. 
Аса – Жамбыл облысы талас, сарысу, Жамбыл аудандарының жерімен ағатын 
өзен, таластың сол саласы. 
Баянауыл – сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігіндегі тау. Павлодар 
облысының Баянауыл ауданында орналасқан. ең биік жері – Ақбет тауы (1026 м).
Исфиджаб (сайрам) – оңтүстік Қазақстанның орта ғасырдағы ірі қалаларының 
бірі. 
Қараөткел – Ақмола өңіріндегі сауда бекеті. орта ғасырларда түркістан мен 
сібір хандығы арасында жүрген сауда қарым-қатынастарында Қараөткелдің аты 
аталады. тарихшы Ж.Артықбаевтың айтуынша, Қараөткелде 1851 жылға дейін де-
сауда қайнап жатқан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет