390
Қазақ өнерінің антологиясы
Ғазиз Файзоллаұлы (т.ж.? – Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қараөткел
ауылы, 1930, Петропавл қаласы) – әнші, ақын, композитор. оның «ғазиз»,
«Шалқыма» әндері халық арасына кең тараған.
Даниал Ахметов (1954 жылы Павлодарда қаласында туған) – саяси қайраткер,
экономика ғылымы доктор (2003).
2003-2007 жылдары – Қазақстан республикасының үкіметін басқарған.
Димаш, Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев (1912-1993) – аса көрнекті мемле-
кет және қоғам қайраткері, үш мәрте социалистік еңбек ері, Қазақ Кср ғылым
академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы. 1960-1986 жылдары –
Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды.
Ерден Сандыбайұлы (1808-1862) – батыр, аға сұлтан, дуанбасы болған адам.
Бағаналының төрт босағасының бірі атанған сандыбай бидің баласы. өз заманын-
да ерденді Арғын Қарауыл орынбай ақын, төкпе ақын Бәлтекейұлы мұқан жырға
қосқан. ерденнің зираты Қаракеңгір өзенінің сол жағасында Жошы хан кесенесінің
маңында тұр.
Ермұхан Бекмаханов (1915, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, төре ауылы –
1966, Алматы) – тарихшы ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1946), профессор,
Қазақ Кср ғА-ның корреспондент мүшесі (1962).
Естай (есмағамбет) Беркімбайұлы (1868, Павлодар облысы, екібастұз ауданы,
Ақкөл ауылы – 1946) – ақын, әнші, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер
қайраткері (1939), Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі.
Жандарбек Бегімбетов (1962-1990) – айтыс ақыны. Алматы облысы, Пан-
филов ауданы, Кіші шыған ауылында туған. 1988 жылы тараз қаласындағы су
шаруашылығы институтын бітірген. 1989 жылы Алматыда республикалық наурыз
айтысына қатысқан.
Достарыңызбен бөлісу: