Айтыс VI том


Түре – ер-әйел екі-екіден жұптасып, төрт кісінің қара өлеңмен айтысатын,  қысқа да тез бір-бір ауыз өлеңмен жауаптасатын айтыс түрі. Уран



Pdf көрінісі
бет154/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   162
Түре ер-әйел екі-екіден жұптасып, төрт кісінің қара өлеңмен айтысатын, 
қысқа да тез бір-бір ауыз өлеңмен жауаптасатын айтыс түрі.
Уран /грек/ – радиоактивті қасиеттері бар ақ түсті қымбат металл. 
Халал /араб/ – рұқсат етілген әрекет, пайдалануға тыйым салынбаған тағам, зат.
Шандыр – тіс өтпейтін тарамыс ет.
Шөгір – шидің, қамыстың, бұтаның тұқылы, үшкір түбірі.
Шірне өсімдіктің бойында, жемісінде түзілетін тәтті зат.
Эрмитаж – ірі көркемсурет және тарихи-мәдени мұражай.


389
Айтыс VI том
ТАРИХИ 
ЕСІМДЕР
Ақселеу Сейдімбек (1942, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Байдалы би 
ауылы – 2009, Астана) – жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымының 
докторы (1998), профессор (2003).
Алтай Халифа (1917, ҚХр, Шығыс түркістан – 2003, Алматы) – дін қайраткері, 
жазушы, аудармашы. 1991 жылы ол аударған Құран Кәрімнің қазақша мағынасы мен 
түсінігі Фахд баспаханасында (сауд Арабия) басылып, 800 мың данамен таратылды. 
Алшынбай Тіленшіұлы (1783 – ө.ж.?) – Арғын ішінде Қаракесек. Қаз дауысты 
Қазыбектің шөбересі. 1826-1846 жылдары Айбике-Шаншар болысын басқарған. 
Алшынбайдан: Қақабай, Бану, Бәпи, Шәпи, Қосық, Жанығұл, Жүсіп тарайды. 
Абайдың бәйбішесі ділдә – Жүсіптің қызы. 
ел аузында Абайдың ділдәні алған соң, Алшынбайға сәлем бере барып, Шұбар 
айғырдың үйірін сұрағанда, мұны бере алмай, «батамды алсын» деген ұлы атасына 
«ондай батасын сатқан шал өзімде де бар» деген өкпелі сөзі қалған.
Асқар Ақаев (1944, Қырғызстан, Кемин ауданы, Қызыл байрақ ауылы) – са-
яси қайраткер, Қырғызстан республикасының тұңғыш Президенті (1990-2009). 
техника ғылымының докторы, профессор. Қырғыз республикасының ғылым 
Академиясының академигі (1984).
Әбілхан Қастеев (1904, Алматы облысы, Жаркент өңірі – 1973, Алматы) – 
қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін 
салушылардың бірі. Қазақстанның халық суретшісі (1944). 
Әлкей Марғұлан (1904, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы – 1985, Алма-
ты) – әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, ұлттық археология мектебiнiң 
негiзiн салушы. Бүкiлодақтық география қоғамының толық мүшесi (1933), фило-
логия ғылымының докторы (1945), академик (1958).
Әнет баба (1628-1723) – “Жеті жарғыны” құрастыруға қатысқан атақты 7 
бидің бірі. руы тобықты. Қазақтың қабырғалы билері төле, Қазыбек, Әйтекелерге, 
«көмекей әулие» атанған Бұқар жырауға батасын берген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет