Құлтума Сармұратұлы (1860, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы – 1915,
сонда) – ақын, әнші, композитор. Біржан сал, Ақан серілердің әншілік дәстүрін
жалғастырушы.
Ләззат Асанова (1970, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылы –
1986, Алматы) – Желтоқсан көтерілісінің (1986) құрбаны.
Майкөт Сандыбайұлы (1824, Жамбыл облысы, сарысу ауданы, Шабақты
өзенінің бойы, Бестоғай алабы – 1902, сарыарқа) – ақын. Қаратау өңірі, сыр бой-
ына, Жетісуға, сарыарқаға аты шыққан. ол Құлыншақ, молда мұса, майлықожа,
сүйінбай, Бақтыбай, түбек, мәделіқожа, Бөлтірік, Құлмамбет, Қазанғап, т.б.
ақындармен айтысқа түскен. Жамбыл: «Қаздай қалқып ерінбей, өлең тердім жа-
сымнан, майкөт ақын, Құлмамбет, орын берді қасынан», – деп майкөтті үлгі
тұтқан. Әулиеатаға іздеп барып, майкөттен «Көрұғлы» дастанын үйренген.
Мәделі Жүсіпқожаұлы (1816-1888) – ақын, батыр. оңтүстік Қазақстан облы-
сы, Шардара ауданы (бұрынғы Қызылқұм), Қожатоғай ауылында туған.
Мөде, Тумәнұлы Мүде қаған (ж. ж. с. д. 228-174) – ғұн империясының негізін
қалаушы. ғұн империясы билігінің тізгінін 35 жыл уысында ұстаған.
Мырзатай Жолдасбеков (1937 жылы, Жамбыл облысы, талас ауданы, Ақтөбе
ауылында туған) – мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, филология ғылымының
докторы (1993), профессор (1993).
Айтыс өнерінің дамуына қолдау көрсетіп келе жатқан азаматтардың бірі.
Мұстафа Өзтүрік (Кәбенұлы Әбдірахман) (1954, түркия, Қайсері қаласы,
мұсаходжалы ауылы, – 1995, Алматы) – спортшы, таэквондодан қара белбеу 6 дан
иегері, Қр таеквондо (WTF) федерациясының негізін қалаушы.
Нияз Барқыұлы, Сайдалы Нияз (т.ж.? – қ.б.ж.?) – XVIII ғасырда өмір сүрген
белгілі би, батыр. тегі – орта жүз Арғыннның ішіндегі Қуандықтан тарайтын
сайдалы-Барқы руынан.
Нысанбай Жаманқұлұлы (1822, сыр бойы – 1883, Қызылорда облысы,
Жалағаш ауданы, Аққошқар мекені) – ақын, жырау. Кенесары Қасымұлы бастаған
ұлт-азаттық көтерілістің жыршысы. тарихи тақырыптағы «Кенесары-наурызбай»
дастанын жазған.
Достарыңызбен бөлісу: |