Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет19/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   162
Шырынбек:
Келмейдi тура шаппай тайсақтағым,
Ағаммен дұрыс шығар айқасқаным.
Бүлдiрiп алам ба деп мен отырсам,
«Бүлдезердей» барасың жайпап бәрiн.
дәу де болса ағам деп жаңа сенi,
Жамбасқа салып тұрып жәй тастадым.
Ағасы алдымды орап көлденеңдеп,
мұның не шөмелеме май шашқаның.
мүштек жасап алам деп Шырынбектен,
тындырып тастадың ғой ойша-ақ бәрiн.
мейіздей жарап-қатқан мына мені,
мүйiздей бергендiгiң қай сасқаның.
дейсiң-ау дүйiм елiм, әйда, давай,
Берiлер жау емес бұл, ойбай, оңай.
өзiм атан жiлiктi бура санды,
Болмасам да көрейiн айлалап-ай.
түйеден түскендейiн сөздерiме,
Қылжиып қалмағайсың, әй жарамай.
тұғырыңнан түсiп қап жүрмегейсiң,
мұзға айдаған түйеден тайғанап-ай.
төрт түлiктiң төресi болғанымен,
түйенiң жығылуы қойдан оңай.
осылай ойларымды жүйелей кеп,
Әзiлге арқамды аса сүйемей көп.
тай мақтадай теңкейген бұл ағамның,
түтесiн шығарайын күйедей жеп.
орынынан тұра алмай қалар ма екен,
Бүйiрден бүйi шаққан түйедей боп.


50
Қазақ өнерінің антологиясы
Ермек:
Балақай, сөйлешi ендi ұртыңды ашып,
Қатты айтсам қаларсың мүмкiн жасып.
Әулиеатаның елiне келген кезде,
Шығарды бұл баланы қутыңдатып.
сиыр деп қайта-қайта қоймадың ғой,
сиыршының атындай сиқың қашып.
Болмасын сенiң сұлу сыртың ғана,
тәубеңiзге түсерсiз мүмкiн бала.
Батамды сұрап жүрген iнiм едiң,
еркелеп онша ендi қутыңдама.
Жiгiт болсаң жасырмай шыныңды айтшы,
Бұл ағаңа жараса ма жыртық жаға.
Бiтiрейiк онда айтысты басыбайлы,
Бiтiр десең қалай көңiл тасымайды.
Iнiсi Шырынбектей аман тұрса,
ермектейiн ағасы жасымайды.
Бiз айтысып жүргенде сен бала едiң,
Ашық тастап жүретiн насыбайды.
Қазақта орыны бар бiр мақал бар,
«насыбай ашық жүрсе сасымайды».
 2002 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет