53
Айтыс VI том
Алаштың ақ жүрегiн шымырлатқан.
нар туған намысты ерiң наурызбайға,
Көкшедей көк сеңгiрiң – тұғыр, мақтан.
Хазiреттi науанның дұғасында,
Бостандыққа ұмтылған үнiң жатқан.
нұрсұлтандай ерiңнiң арқасында,
тәуелсiз – тәубелi атқан бүгiнгi ақ таң.
талқыға
саларымды мен салайын,
Қаршыға қанатындай суыл қаққан.
Армысың, Абылайдың жайлауында
Күн дидарлы көрермен, күлiм қаққан!
Басыңда бақ тұрғанда бiрiгесiң,
Алтын мен мыстай болып кiрiгесiң.
Қапыда ынтымағыңды ыдыратсаң,
Қанжiлiк болған аттай жiгiнесiң.
Жолдасы
Қыдыр болып қадам бассын,
елбасы жетелеген ұлы көшiң.
Бейбiт күннiң бағалап берекесiн,
Ақыныңнан алапат жыр үдесiн.
танауыңды көтерсең бiрақ та елiм,
Көрмей қап, тасқа келiп сүрiнерсiң.
ендi елiме керегi бiрлiк қана,
Алашыма Алланың нұры келсiн.
Хан Кененiң қайғысы ортақ болса –
Қазақ ендi iшiнен iрiмесiн!
далиып
жатқан мынау далама кең,
иелiк еткен қазақ бабам екен.
Кешегi хан Абылай заманында,
Қабанбай қараша елдiң қамалы екен.
Бөгенбайлар бөрiше жортып өтiп,
Жауына жолбарысша шабады екен.
Хан Кененiң тұсында Ағыбайлар,
тарландай тастан таймас тағалы екен.
намысы найзағайдай наурызбайың,
Атасынан асылдай бағалы екен.
сол
батырлар жауына аттанғанда,
Әжелер бойтұмарын тағады екен.
Ақсақалдар әлһамдап бата тiлеп,
иығына сауытын жабады екен.
54
Қазақ өнерінің антологиясы
Қолтығынан көтерiп арғымаққа,
Арулар аттандырып салады екен.
Аруақты
ердiң тойында айтыс болса,
Ақындарға көңiлiң алабөтен.
өйткенi, мұның бәрiн заңдылықпен,
саралаған қазағым саналы екен.
Жауды жеңiп келгенде хас батырды,
Ақын аттан түсiрiп алады екен.
Байқасаң айтыс деген бас киiмдей,
Басыңда тұратұғын бақ түйiндей.
Балпаң-балпаң
баса бер Баян аға,
Жаратқан жанарыңда жасты үйiрмей.
Iнiңе iрiлiкпен сөз арнасаң,
ол дағы адал жүрек ақ сыйың ғой.
мен дағы қолдауымды көрсетемiн,
намысты наурызбайдың жас күнiндей.
Шұрайлы сөз айта алсаң ел риза,
Құдайдың Құранының тәпсiрiндей.
Алашты тағы да бiр сүйсiндiрдiң,
Арқадағы ақындардың дәстүрiндей.
өйткенi, Көкшетаудың қыраны едiң,
Қоймайтын қоян түгiл қасқыр iлмей.
Бұйырса
бәйгеңде озып, жүлдеңдi алдым,
Бекiтем ынтымақпен iргемдi әр күн.
Базаршылап жүрсiң бе деп айтасың,
өмiрiмдi өз бетiмше сүрген жанмын.
Апиын, нашаңызда шатағым жоқ,
Ағызам майын мен де тiлден балдың.
домбырамды қолыма ап ел алдында,
өлеңнен бақыт тауып жүрген жанмын.
Достарыңызбен бөлісу: