Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет22/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   162
Баянғали:
Iнiмiздiң өлеңi,
Бiрте-бiрте жөнделдi.
тiлеулес ағаң мен едiм,
емiн-еркiн өркендеп,
өссiн деген сендердi.
Жасың кiшi болсаң да,


55
Айтыс VI том
Асқар таудай ағаңыз,
сенi өзiне тең көрдi.
Қоян түгiлi қасқырды,
Құтқармайтын ағаңыз,
сендей жақсы бауырға,
салмайды ғой шеңгелдi.
Көп тарих ел басынан өткен едi,
Жақсылар өткен iстi ескередi.
Ақжолтай Ағыбайын ұмытқан соң,
Қазақтың жолы болмай кеткен едi.
Аруақты бабаларын еске алған соң,
елiмнiң орындалды көксегенi.
Айналайын, қарағым,
мен де бiраз шабайын.
Кенесары, наурызбай,
Ақжолтайым Ағыбай –
есiме мен де алайын.
Бодан қылған елiңдi,
Басып алған жерiңдi,
Ақ патшамен алысып,
дауылпазын қақтырып,
дабылдың отын жақтырып.
Алты құлаш ақ найза,
Алты қырдан асыра,
Ақыра сiлтеп лақтырып.
Алашқа болған дұшпанның,
Ажалды сәтiн таптырып.
зiркiлдете аттырып,
Алауыз болған ағайын,
Барлығын да жат қылып.
Азаттық үшiн алысқан,
Аламанды шат қылып.
дауыл мен желдi серiк қып,
Көшпелi жұртқа тақ құрып.
тағына халқы тақ тұрып,
дүрiлдеп өткен Кенекең,
Алаштың азат дәуренiн,
отар боп қалған отанға,
мәңгi армандай шақ қылып.


56
Қазақ өнерінің антологиясы
Аңсаған бабаларың елдiгiңдi,
Кейбiреу көре алмайды бiрлiгiңдi.
Iнiмiз, әлгiнде айтып кеткендейiн,
Бiрлiкпен жасай бершi тiрлiгiңдi.
Азғырғанның тiлiне ерiп кетсең,
Қазағым, кiнәлайсың ендi кiмдi?
Азаттық ата жолы жалғаса ма?
Бiреулер балағыңа жармаса ма?
Қан кешiп аталарың армандаған,
елiмнiң осы күнгi азаттығын,
Кiм кәне, айырбастайды колбасаға?
мұңшылдық апиынын iшкендеймiз,
зарлаудың жарысына түскендеймiз.
Кiнәлап сынаймыз кеп бәрiн даттап,
Бiрақ та өзiмiз түк iстемеймiз.
Әлемге танытуға қазақ атын,
Көтерiп елiмiздiң ғажап атын.
Қазақтың еркiндiгiн нығайтуға,
сен өзiң не бiтiрдiң азаматым?
елiң жүдеп жатқанда тоқ жүрсiң бе?
тойғаныңа мәз-мейрам боп жүрсiң бе?
Қолда барын купон мен қулар құртқан,
Жұмыссызға көз қырын сап жүрсiң бе?
Болмаса, ұрылармен әмпей болған,
ұлықтардай жұртыңды жеп жүрсiң бе?
Халқына пайдасы жоқ шенеунiктей,
Қауқиып азаматпын деп жүрсiң бе?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет