Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет27/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   162
Дәулеткерей:
сөз қылдың мырзатай мен өмірбекті,
олар рас жақсылықты өмірлі етті.
сондай алтын құрсақ қой біздің қазақ,
тудырған жақсы-жайсаң небір бекті.
мұхамеджан ағасы толғағанда,
тұмсығыңнан сорғалап терің кетті.
менің енді жіберші тізгінімді,
терің жаппай тұрғанда кеңірдекті.
Ағама сөйлемеспін қарсы келіп,
тобыңа сән бергендей әнші көрік,
Арқадан мен оралсам қамшы болып, 
Жүректерге себілем тамшы болып.
ендеше мұхамеджан сен екеуміз,
екі ордаға жүрейік жаршы болып.
ер жігіт жиырма бесте шоқ болады,
отызда орда бұзар от болады.
ұланы боп отанды күзетсеңіз,
елімнің уайымы жоқ болады.
Халифадай ғұламадан үлгі алсаңыз,
Басыңызға батпандай бақ қонады.
Қажы болған ол-дағы жаман емес,
Қорқатының жалғыз-ақ хақ болады.
молда болған ол-дағы үлкен сауап,
Аңқау елде тамағың тоқ болады.


68
Қазақ өнерінің антологиясы
Қазму-да ғалым болсаң тіпті жақсы,
Құрығанда көйлегің көк болады.
Айып па алты жерден айлық алсаң,
Қонышыңнан баса алсаң дөп болады.
Қазағым «бейнет түбі – зейнет» деген,
Қартайғанда пенсияң көп болады.
Шамданбаңыз, әзілмен шымшып та алсам,
Қадалып қаларым бар бір сұқтансам.
өзіңізге жұп болып шыққаннан соң,
Жүндей иір ініңді ұршық болсаң.
Әрине, артық кетсем кешірерсіз,
Жарамас жақсы өлеңді іркіп қалсам.
Бесті тістер құнан да ауырмайды,
Жарасар ұрсып та алсаң, сілкіп те алсаң.
елмен бірге сүйініп отырармын,
Бұлтты жарып, биік ұш бүркіт болсаң.
Хақ жолын жаратқанның сүйіп жүрмін,
мұхажан, пенделіктен биік жүргін.
өткенде орал барып театрда, 
Шариғат жайында бір жиын қылдың.
Астанада музАкадемияда,
зікір салған жастарға тыйым қылдың. 
игілікті іс қылып ел аралап,
Әрине, жалпақ елді сүйіндірдің.
Бірақ та Қожа Ахмет бабамыздың,
Жолын жоққа шығарып қиын қылдың.
оның дұрыс ел аруаққа табынбасын,
Баршаны бір Аллаға сыйындырғын.
сенен де артық білетін діндарлар бар,
неге сонша асығыс түйін қылдың?
дәл сондай сен шалағай шешімдермен,
мұхаметжан біздерді күйіндірдің.
Шариғаттың шығармай шып-шырғасын,
демейсің азаматтар тік тұрмасын.
дінтанушы көбейіп ел ішінде,
молдалық пен мамандықты жұп қылғасын.


69
Айтыс VI том
исламды танытпақ боп тапырақтап,
Баспаңдар әтеш айқай, қытқылға шын.
Әркім өз беттерінше әңгіме айтып,
ұлтымның уақытын ұттырмасын.
Қазақты қай ұшпаққа шығарады,
сәлдемен сәндегендер сырт тұлғасын?
исламды қырық түрлі уағыздап,
Қатырып қойдыңдар ғой жұрттың басын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет