№2(78)/2015 Серия педагогика



Pdf көрінісі
бет6/185
Дата04.02.2023
өлшемі4,99 Mb.
#65135
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   185
МЕРЕЙТОЙ ИЕСІ 
 
ЮБИЛЕЙНЫЕ ДАТЫ 
Каренов Р.С. Əлем таныған ғұлама ғалым 
(академик Əбілқас Сағыновтың туғанына 100 
жыл толуына орай) ............................................. 317
Каренов Р.С. Выдающийся ученый, ставший 
известным всему научному миру (к 100-летию 
академика Абылкаса Сагинова) ......................... 317
АВТОРЛАР ТУРАЛЫ МƏЛІМЕТТЕР……….. 324
СВЕДЕНИЯ ОБ АВТОРАХ................................. 324



Вестник Карагандинского университета 
ТƏРБИЕЛЕУ ЖƏНЕ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАР МЕН ТЕОРИЯСЫ 
ТЕОРИЯ И ТЕХНОЛОГИИ ОБУЧЕНИЯ И ВОСПИТАНИЯ 
ƏОЖ 372.8107 
И.Б.Үсембаева, Ə.Х.Сарыбаева, К.М.Беркімбаев 
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан
(E-mail: isind85@mail.ru) 
«Электр жəне магнетизм» бөлімінен есеп шығаруда ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану тəсілдері 
Мақалада физиканы оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып, «Электр 
жəне магнетизм» бөлімінен есептерді шығарудың тəсілдері көрсетілген. Есептерді шығару физиканы 
оқып-үйренудің ажырамас бөлігі болып табылады. Студенттердің физикалық заңдарды түсіну 
деңгейін, заңдарды нақты физикалық құбылыстарды талдауға, яғни есептер шығаруда сапалы түрде 
қолдануына қарай бағалайды. Кез келген есептерді шығару үрдісі белгілі бір мақсатқа бағытталады. 
Сол себепті білімгерлердің алдына есеп шығарудың айқын мақсатын қою керек.
Кілт сөздер: физиканы оқыту əдістемесі, қолданбалы бағдарлылық, ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолдану, «Электр жəне магнетизм» бөлімі, физикалық заңдар, есептерді шығару 
технологиясы, физикалық құбылыстар, ақпараттандыру. 
Физика — қолданбалы ғылым екені белгілі. Оның пəні, негізгі мақсаттары мен міндеттері 
практикамен байланысты. Физиканың ғылым ретінде қазіргі таңда қолданылу саласы шексіз: 
ғылымда, техникада, өндірісте, білім саласында жəне т.б. Физика адамзат өмірінің алуан түрлі 
салаларында кеңінен қолданылатындықтан, жоғары оқу орындарында осы ғылымның қолданбалы 
аспектілерін оқытудың маңызды екенін көрсетеді.
Қазіргі кезде физиканы оқыту барысында студенттердің АКТ пайдалану дағдылары мен 
біліктіліктерін меңгерулері білім беру жүйесін ақпараттандыру үдерісінің ажырамас бөлігіне 
айналды. 
«Электр жəне магнетизм» пəні «Физика» мамандықтарында оқитын студенттер үшін базалық 
пəндер қатарына жататындығы белгілі. Бұл пəнде электростатика, электр тогы, магнетизм 
тақырыптары жəне түрлі физикалық процестердің қолданбалы бағдарлылығын əр түрлі сапалы 
есептерді шешу əдістері қарастырылады.
«Электр жəне магнетизм» пəнінің оқу элементтері болашақ физика мұғалімдерін даярлауда 
негізгі ұғымдардың, заңдардың қолданбалы бағдарлылығы тереңдетіліп беріледі. Ал, алынған 
білімдер əр түрлі қолданбалы есептерді шығаруда қолдануға мүмкіндік береді. 
Студенттердің алған ғылыми білімдерінің қолданбалы бағдарлылығын арттыруға қажетті негізгі 
шарттарды көрсетуге болады:
 пəнді оқытудың ғылыми дəрежесін арттыру, физикалық теорияларды оқып үйренуге көңіл 
аударуды күшейту, физикалық құбылыстар мен денелердің қасиеттерін түсіну үшін кеңінен 
пайдалану; 
 студенттерді физика жөніндегі ғылыми зерттеулерде қолданылатын əдістермен (теориялық 
болжам, гипотезасын жасап шығу, бақылау, эксперимент, эксперименттік фактілерді талдау 
жəне олардан шығатын тұжырымдар, тұжырымдарды практикада тексеріп көру) таныстыру; 
 зерттеу элементтерін физиканы оқу үдерісіне, студенттердің оқу қызметінің əр түріне үнемі 
араластырып отыру (оның ішінде есептер шығаруда), физика курсының жекелеген 
тақырыптары мен мəселелерін оқып-үйренуге зерттеушілік тұрғыдан қарауды жүзеге асыру. 


«Электр жəне магнетизм»… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 

Оқытудың қолданбалы бағдарлылығын арттырудың маңызды құралы — зерттеу элементіне 
қатысты есептерді шығару. Есептерді шығарған кезде студенттер есептеулер мен өлшеудің ұтымды 
əдістерін тауып, техникалық қондырғылардың жұмысы қандай жағдайларда неғұрлым тиімді 
болатынын анықтайтын есептердің маңызы ерекше зор екендігін айқындайды [1]. 
Физиканы оқытудың қолданбалы бағдарлылығын арттырудың негізгі бағыттарына мыналар 
жатады: 
 физиканың басқа пəндермен байланысын оның қолданбалылығы арқылы күшейту; 
 есептерді шешу əдістерін практикада қолданылатын əдістермен байланыстыру; 
 студенттердің физикалық модельдерді құру икемділіктерін қалыптастыру; 
 студенттердің процесті бақылау нəтижесінде алған əсерлерін анықтау жəне жаңа материалды 
түсіндіру кезіндегі жалпы нəтижелерді есепке алу; 
 физика сабақтарында жүйелі түрде физиканың қолданбалылығын көрсететін материалдарды
пайдалану. 
Физика сабақтарында АКТ қолданудың əр түрлі тəсілдерін қарастыруға болады. Олардың бірі — 
компьютердің көмегімен физикалық есептерді шығару. Ол бір физикалық шаманың басқа 
шамалардан тəуелділігін көрнекілеуге, физика-техникалық мазмұны бар есептерді терең зерттеуге, 
сонымен қатар оқытудың қолданбалы бағдарлылығының артуына мүмкіндік береді. Компьютерді 
пайдалану тиімділігі əсіресе бір формуламен бастапқы параметрлердің əр түрлі мəндері үшін 
есептеулер жүргізу қажет болған кезде артады (мысалы, график тұрғызу үшін кесте құруда). 
Есеп шығару үдерісі кішігірім зерттеу жұмысына ұқсайды. Нақты ғылыми зерттеудегі сияқты 
нəтижеге жеткізетін əрекет сатылары қандай болу керек екендігі алдын ала белгілі бола бермейді. 
Оларды анықтайтын əмбебап ереже жоқ. Қажет болатын машық тəжірибе жинақтау барысында, ұзақ 
еңбектену нəтижесінде қалыптасады.
Əдістемелік əдебиеттерде физикалық есеп деп, негізінен, физикалық құбылыстарды оқып-білу
түсініктерді қалыптастыру, студенттердің физикалық ойлауын дамыту жəне білімдерін тұрмыста 
қолдану дағдылары мен машықты қалыптастыру мақсатында іріктеліп алынған жаттығуларды 
айтады. 
Екінші жағынан, есеп — нысанның белгілі сипаттары бойынша, оның басқа белгісіз сипаттарын 
анықтау мақсатындағы тапсырма. 
А.В.Усова есептің барлық анықтамаларын талдай отырып, мынадай қорытынды жасайды: 
«Физикалық есеп — физиканың заңдары мен əдістеріне негізделіп, физикалық білім алу мен ақыл-
ойды жетілдіруге бағытталған, оқушылардан ой жəне практикалық іс-əрекетті талап ететін жағдай 
(белгілі фактілердің жиынтығы)» [2]. 
Оқу үдерісінде, əдетте, физикалық есептер онша үлкен қиындықтар тудырмайды, ол жалпы 
алғанда логикалық тұжырымның көмегі арқылы физиканың заңдары мен əдістері негізінде 
математикалық есептеулер мен эксперименттің көмегімен шығарылады. Дегенмен, мұндай сабақты 
əдістемелік тұрғыдан алғанда дұрыс құру жəне өткізу біршама күрделі мəселе болып табылады. 
Есептерді шығару көптеген мақсаттарды көздейді: физикалық құбылыстардың мазмұнын 
түсінуге, ұғымдарды қалыптастыруға студенттердің шығармашылық ойлауын дамыту жəне оларға өз 
білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету, білімдерін, дағдылары мен іскерліктерін қадағалау жəне 
есепке алу. Осы маңызды мақсаттарға қол жеткізу үшін есептің шартын терең түсіну қажет, оған 
жетудің тиімді жолдарының бірі — есеп шығаруда компьютерді пайдаланып, құбылысты модельдеу. 
Компьютерді пайдаланып, есеп шығару процесін шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлуге 
болады: 
 есептің қойылуы; 
 математикалық модель құру; 
 алгоритм құру; 
 компьютерде бағдарламалау; 
 алынған нəтижелерді талдау. 
Əр түрлі есептердің қиындықтарына қарай бұл кезеңдер əр түрлі қолданылуы мүмкін. Кейбір 
жағдайларда жекеленген кезеңдердің орындалуы өте қарапайым болып келсе, олар байқалмай кетуі 
мүмкін. 
Шығарылу жолы қиын жəне күрделі болса, ондай есептердің алгоритмін түзіп, бағдарламасын 
құрып, ЭЕМ арқылы шешу тиімді. Ол үшін, алдымен, есеп бірнеше бөліктерге бөлініп, олардың 


И.Б.Үсембаева, Ə.Х.Сарыбаева, К.М.Беркімбаев 

Вестник Карагандинского университета 
қандай тізбекпен шешілетіндігі анықталады. Яғни, бірінші кезең есептің қойылуы. Бұл кезең есептің 
шарттары мен алынатын нəтижелерін ажыратып көрсетуге арналады. Одан кейінгі, екінші, кезеңде 
формула түрінде жазылатын оның математикалық моделі жасалады. Есеп шығаруда математикалық 
модельді құру үшін алдымен: 
 математикалық модель негізделетін болжамды бөліп алу; 
 алғашқы мəліметтер мен нəтижені анықтап алу; 
 алғашқы мəліметтер мен нəтижені байланыстыратын математикалық қатынастарды 
(формула, теңдеу, теңсіздік жəне т.б.) жазу қажет. Яғни, осы кезеңде оның математикалық моделі 
зерттеліп, бағдарламаланады. Компьютерде қажетті есептеуді жүргізіп, жауабын беру үшін оған 
қажетті нұсқаулар мен əрекеттер тізбегін беру қажет. Мұндай нұсқау есепті шешу алгоритмі деп 
аталады. Алгоритм құру – компьютермен есеп шығарудың үшінші кезеңі болып табылады. Онда 
компьютер алгоритмді адамның қатысынсыз, автоматты түрде орындайды. Бұл процесс арқылы 
математикалық модельдің жəрдемімен есептің жауабы табылатын тəсілдер тағайындалады. Ол үшін 
алгоритм компьютерге түсінікті арнайы белгілі ереже бойынша машина тіліне аударылады. 
Бағдарламалау тілінде жазылған алгоритм тілде, яғни қандай да бір бағдарламалау тілінде жазылуы 
тиіс. Яғни, онда есептің шығарылу алгоритмі бағдарлама деп аталады. Төртінші кезең — 
бағдарламалау процесі. Бұл кезде блок-схема құрылады жəне бағдарлама компьютер тілінде 
жазылатын болады. Бағдарлама жасау процесі арнаулы бланкаларға жазылған команда (нұсқау, 
бұйрық) арқылы орындалады. Бесінші кезең — компьютер тапсырма алғаннан кейін есепті автоматты 
түрде өзі шешеді. Есептеуді компьютерде жүргізе отырып, алынған нəтижені талдау керек. Мұндай 
жағдайда математикалық модельді нақтылау қажеттігі пайда болуы мүмкін. Модельді нақтылап 
болғаннан кейін, алгоритмді қайта құрып, ЭЕМ-мен есептеуді жүргізіп, нəтижені талдайды. Бұл 
процесс алынған нəтиженің талдауы зерттеліп отырған объектіге толық сəйкес келгенше жалғасуы 
мүмкін. 
Физикалық есептер зерттеу сипаттары мен əдістеріне байланысты физиканы оқыту əдістемесінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет