Жариялан
ған еңбектердің талқылаудан өтуі:
1. «Жаным сада
ға» кітабы бойынша Алматы мектептері
м
ұғалімдерімен 1995-96 жылдары бірнеше рет кездесу кештері өтті.
2. Алматы
қаласы М.Әуезов ауданындағы Ахмет Ясауи атындағы
мектепте 1997-98 о
қу жылында «Ежелгі әдебиет – ата мұрамыз, асыл
қазынамыз» атты онкүндік өтті. Біздің бағдарламадағы «Ежелгі
әдебиет» оқулығы бойынша факультатив сабағы жүреді.
3. 1995-96 жылдары Шымкент,
Қызылорда қалаларында өткен Қазақ
мектептеріні
ң мәселеріне арналған конференцияларда баяндамалар
жасалынды, секция м
әжілістерінде талқыланды.
4. Орталы
қ мұғалімдер институтында республика мұғалімдері үшін
(
қазақ әдебиеті) авторлық курс өткізілді. 25– 28. 03. 1998.
5. Астана
қаласындағы қазақ әдебиеті мен тілі пәнінің мұғалімдері
үшін авторлық курс оқылды. 28.06. – 02.07.1999.
6. Айдаралиева А.
Қазақ лицейіне қамқорлық керек – «Заман
жаршысы» (
Қаскелең), 1994, 3 желтоқсан.
7. Тымболатова А. Т
әлімді туынды – «Заман Қазақстан», 1997, 25
к
өкек.
8. Ежелгі
әдебиет, – «Қазақ әдебиеті», 1997, 25 ақпан.
9. Пірімбетова М. Ежелгі
әдебиет – тың оқулық – «Алматы ақшамы»,
1996, 4
қазан.
10. Тегінбай
қызы Н. Сізді сағынып жүреміз, Алма апай. – «Алматы
а
қшамы», 1996, 4 қазан.
11.
Қалыбай Ж. Арбаған бізді бір сиқыр. – «Егемен Қазақстан», 1997,
13 мамыр.
Т
ҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Бізге
қандай оқу керек?
Б
ұл сұрақ қазақ халқының өткен ғасырдағы тарихында да сан рет
к
өтеріліп отырды. Ұлттың дәстүрлі тәрбиесіне қысым түсе бастаған
ша
қтарда күн тәртібіне қойылды. Біреу біліп, біреу біле бермейтін
ж
әдидтік оқу жүйесінің өзі отаршыл үкіметтің орыстандыру
саясатына
қарсылық ретінде, қазақтың ұлттық сипатын сақтай
отырып
өркениетке қосылу мұратын көздеген оқу болатын.
Патшалы
қ отаршылдықты кеңестік тоталитаризм ауыстыра бастаған
кезде б
ұл саясаттың ұлттық ерекшеліктерді жоюға
ба
ғытталғандығын сезген қазақ зиялылары осы мәселені тағы да
к
өтерді. Мұхтар Әуезовтің жапон оқу үлгісінің бізге жақындығын,
онда
ұлттық дәстүрге айрықша мән берілетіндігін талдаған
ма
қаласы, сондай-ақ Мағжанның, Жүсіпбектің педагогикалық
е
ңбектері, А.Байтұрсыновтың оқулықтар жазуы халқымыздың
та
ғдыры үшін оқу мәселесінің қаншалықты өткір болғандығын
а
ңғартады. Мектеп қандай болса, тәрбие сондай болатынын
к
өрегендікпен білген еді.
Өкінішке қарай, ұлттық мектеп мәселесі әлі шешілген жоқ. Саяси
т
әуелсіздігімізді алғанмен, рухани тәуелсіздікке жету оңай емес.
О
ған қазақ баласы жаппай қазақ мектебінде оқитын күнге жеткенде
ғана үміт артуымызға болады. Осы ұлы мақсат үшін күрес бүгін де,
ерте
ң де тоқталмауы тиіс.
Қазіргі қоғамда әр түрлі ахуал қалыптасып отырғаны мәлім. Оның
негізгі себебі мектепті
ң бүкіл тыныс-тіршілігі халықтық, ұлттық
рух
қа негізделмегендігінен дер едік. Парижде қазақ күйін
к
үмбірлеткен күйші-журналист Сержан Шәкіратовтың бір сөзі еске
т
үседі: «Мен қазақ мектебінде оқыдым. Бірақ ол мектеп мені қазақ
қылып шығара алмады».
Әрине, негізгі мәселе оқулықта екені анық. Бұрын орысшадан
аударма болып келген о
қулықтарымыздың мазмұны жаңа буынға
арналып жа
ңара бастауы қуанарлық жай. Алайда, оқулық көлемін
қанша қампайтқанмен, ұлттық тәрбиені толық қамти алмайды. Ол
қосымша бағдарламалармен толығуы тиіс. Бастауыштан бастап ертегі
а
ңыздар, ұлттық әдеп, қазақ елінің арғы-бергі тарихынан қызықты
о
қиғалар, ұлт тұлғалары, ежелгі әдебиет, ислам мәдениетінен
ма
ғлұматтар содан алынуы тиіс. Ұл тәрбиесі мен қыз тәрбиесінің
ерекшеліктерін ескере отырып, бастауыштан мектеп бітіргенге дейін
халы
қ тәрбиесінің негізінде жүргізу. Қыздарды отбасына бағыттау.
Шешендік
өнер тарихын айтып берумен шектелмей, сөйлеу өнеріне
да
ғдыландыру (аузына сөз салу), қазақ өнерінің тарихын білумен
бірге, оны бой
ға сіңіру т.б. Мектептің бағыт-бағдары, мазмұны түгел
қазақ рухында болуы қажет.
Бізге бас
қалардың тәрбиесі өзімізден артық көрінетін бір
кемба
ғалдық әдет бар. Басқа елдің тәжірибесін тұтастай енгізу
жа
қсылыққа әкелмейді. Оның ішінде ұлттық құндылықтарға
қабысатынын ғана пайдалануымыз керектігін ескере бермейміз.
Қандай бір озық дүние болса да, өз елінің мүддесі тұрғысынан
жасалады. Сырттан ендірген жат м
үдделердің қажеттілікке айнала
алмайтыны сонды
қтан. Тамырсыз гүл өспейді.
Бір еврей ма
қалында «Дін құрыса – тіл ұстайды, тіл құрыса – үн
ұстайды, үн құрыса – діл ұстайды. Ал дін, тіл, діл – үшеуі біріксе, ол
халы
қты оқ та ала алмайды» дейді екен.
Қазақ деген халықтың жақсы қасиетін танытатын – ұлттық мектебі.
Мектеп – адамды
қалыптастырушы, адамның жанын жасаушы орта.
«
Өмірдегі өзгерістің ешқайсысы санадағы өзгерістен маңызды
болмайды», – деген Л. Толстой. «Білім –
құрал, бірақ мақсат емес», –
дейді ж
әне. Білім деген сөздің аясына тұтастай «үлкен тәрбиені»
сыйыстыратын болса
қ, ақпарат жиынтығын меңгеру – білімнің көп
компоненттеріні
ң бірі ғана. Әсіресе бодандық қамытын киіп келген,
рухымыз таптал
ған, дәстүрден қол үзуге бет алған біздің
балаларымызды
ң тәрбиесінде ақпаратты жақсы білуден өзге де көңіл
аудартатын м
әселелері баршылық. Ол – ұлттық сананы
қалыптастыру, ұлттық жақсы қасиеттерін сіңіру. Ол өткенді ғана
а
ңсау, тұйықталу емес, өзіндегі бар дүниені дамыта отырып, әлемдік
өркениетке ұмтылыс деп түсінуіміз керек.
Республика Президенті Н.Назарбаев БА
Қ өкілдерімен болған
с
ұхбатында: «Тәуелсіз Қазақстан деген біздің бәріміздің ұлттық
идеямыз болу керек», – деп еді.
Ұлттық идеяның баянды болу ұлттық
идеология
ға байланысты екені мәлім. Ұлттық идеология жасалатын
болса, оны
ң мықты қазықтарының бірі ұлттық мектеп болуға тиісті.
Ұлттық мәдениет Кісілікке тәрбиелейді. Мәдениет, бір жағынан,
материалды, екінші жа
ғынан, рухани, сонымен бірге федералды әрі
локалды. Б
ұл терминдерді қарапайым ұғымға қарай ұйыстырар
болса
қ, рухани мәдениеттің деңгейі, сонымен бірге адамзаттық,
әлемдік деңгейі бар. Соның ішінде аймақтық, тіпті мектепшілік және
жеке адам де
ңгейі де көрінеді. Жұмысты ұйымдастыра білу
м
әдениетінен өзін-өзі қадірлей білу мәдениетіне дейін – бәрі де
м
әдениет. Би, ән, сөйлеу, жазу, білім жинау, киіну, тамақтану
м
әдениеті, қарым-қатынас, ұлт пен ұлттық арақатынасы, тіл
м
әдениеті т.б. Нағыз азамат осы мәдениеттерден хабардар болып,
ме
ңгеруі қажет. Бірақ бәрінің іргетасы, алдымен ұлттық мәдениетті
игеруде жатыр.
Ұрпақтар сабақтастығын сіңіріп алмай, әлемге қарай
шы
ғу адамның өзін– өзі жоғалтуға әкеледі. Оның аяғы ұлттың
жо
ғалуына ұласпақ. Қазақ баласы әлем сахнасына «қазақ
құбылысы» болып шығуы керек.
Өзіңді қор, өзге ұлтты зор тұту – жасықтық, кембағалдық сезім. Өз
м
әдениетіңді менсінбей, өзге ұлт мәдениетінің алдында бас ию. Үш
ғасырға жуық бодандық біздің жан дүниемізге осындай
кемба
ғалдық сезімін орнатты. Күнге тайсалмай қарайтын түркі
ұрпағы бұйығы, бүгежек болуы жөн бе? Тәуелсіздік алған соң бәрі
орнына келер десе
ң, жоқ, жан дүние тез өзгере қоймайды екен. Өз
дегенін жасауда. Б
үгін «ағылшыншылдық» қосылды. Өз ұлтының
д
әстүрлі жетістіктеріне мақтаныш сезімі қалыптаспаған жерде
осылай жал
ғаса бермек.
Кемба
ғалдықтан құтылудың жолы біреу-ақ – әрбір қазақ баласы ұлт
м
әдениетін түбегейлі меңгеріп, ұлттық құндылықтар негізінде оқуы
керек.
Еуропа
өркениетінің ортасында отырып, айналасын Франция,
Германия, Голландия сия
қты іргелі елдер қоршаған кішкентай
Люксембургты
ң көшелерінде: «Біз өзіміз қандай болсақ, солай болып
қалғымыз келеді!» – деп жазып қойған (Ш.Айтматов). Жапонияға
бар
ған кісі онда Еуропада бар нәрсенің бәрі бар, бірақ ешкімге
ұқсамайтын ел болып қалғанын көріп, қайран қалады (Р. Ғамзатов).
Міне,
үлгі керек болса.
Қорыта келе, қазақ мектебіне өзінің ұлттық моделін жасаудан
абыройлы іс жо
қ екенін уақыт көрсетіп отыр.
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕП МОДЕЛІН ЖАСАУ МӘСЕЛЕСІНЕ КӨЗҚАРАС
Бізге
қазір батыстың «гүлденген» өмірі келіп жетті де, әсіресе жастар
санасында батысты
қ утопия пайда болды. Бірақ ақиқаттың бәрі
батыста ма? К
үні кеше «ақиқатты» орыстан іздеп келген жоқ па едік?
Ая
ғы не болды? Осы мәселені көтерген қазақ зиялылары кезінде
қуғынға ұшырады.
Батыс пен шы
ғыстың ежелден өзіне ғана тән өмір сүру салты бар.
«Парагматикалы
қ батыс», «дана шығыс» дейді. Рухани азып-тозуға
к
өбірек ұшыраған батыс шығысқа қызыға қарайды.
Қазақ өмір тіршілігі сан ғасырлық түркілік, шығыстық дүниетаным
аясында
қалыптасады. Тәрбие мектебі болып табылатын қазақ мақал-
м
әтелдері мен аңыз-әңгімелеріндегі дүниелік тәжірибе бүгінгі
батысты
қ ұғымдармен көп жағдайда кереғар: Қазақ айтады: «Жаным
– арымны
ң садағасы», «Дүние – қолдың кірі». Ал батыста арыңды
сатса
ң да, дүние табу ұят емес. Негізгі құндылық – ақша. Ақшадан
бас
қа дос жоқ.
Абайды
ң «Есектің артын жусаң да, мал тап» дегені капитализммен
к
өрші қонудың ықпалы болатын. Қазақ «Ат қоссаң ауылыңмен»,
«
Өле жегенше, бөле же» десе, батыс жүрегіңе сұқ саусағын қадап:
«Б
ұл – сенің мәселең. Онда менің шаруам жоқ!» – дейді. Адамды
жал
ғыздыққа, ешкімге сенбеуге, мейірімсіздікке үйретеді. Тіпті әке
мен бала арасында
ғы қатынастардың өзі суық қалыптасып, ер мен
әйел сүйіспеншілігін, таза сезімді сыртқы мүдделер қақтығысына
дейін арзандатады. Осыдан кейін «
өмір – қасқырлар ортасы, адам
өмірге қасқыр болып кіру керек» деген ой қалыптасады.
Қазақи дүниетанымның өзегі – адамшылық. «Пышақты кісіге салмас
б
ұрын өзіңе салып байқа», «Дүниенің қызығы – сіз бен біз»
ұғымдарымен өскен адамнан кісілік иісі аңқып тұрады. «Туған елім
болмаса, тумай-а
қ қойсын күн мен ай», «Кісі елінде сұлтан болғанша,
өз еліңде ұлтан бол», – деп, еліне деген іңкәрлік сезімін
қалыптастырады.
Халы
қтық тәрбие өз дәстүрін дінмен бекіте отырып, адам
қалыптастырудың қайталанбас мектебін жасаған. Сұлтанмахмұт
Торай
ғыров қазақи пәлсапаны құрайтын он бір мақалды келтіре
отырып: «Бай
қасаң қазақтықтың өзінде бар, Дүниенің генийлігі,
пай
ғамбары», – деген.
Бізді
ң батысқа қошаметшілдігіміз орысқа қошаметшілдіктің екінші
бір
қыры екені даусыз. Осы бетімізбен кете берсек, біз тағы да рухани
м
үдделер дағдарысына ұшырауымыз мүмкін. Хомейнидің 11.10.1987
жылы М.С. Горбачевке жаз
ған хатында: «Сізді марксистік қиялдың
б
ұлдыр ғимаратын бұза отырып, батыс пен ұлы шайтанның
т
ұтқынына түсіп қалмауға табанды түрде шақырамын... Үстем де
алпауыт мемлекеттерді
ң алдында Иранды қол жетпейтін жартасқа
айналдыр
ған дін, сірә, халық үшін апиын ба? (Қазақ елі. 1997, 7
қараша)», – деуінде үлкен мән бар екені даусыз. Бұл елдің іс-әрекетін
батыс
қа жұтылып кетпеудің, ұлттық мүддесін сақтап қалудың
өзіндік бір жолы ретінде қарасақ, жоғарыдағы сөздердің мағынасы
әбден түсінікті болады.
К
үннен-күнге әлемді жаулап келе жатқан американдық өмір салты
әдепкіде қай елді, қай адамды болмасын, қызықтыратыны рас. Көрші
қытай елі әуелі «батысқа еліктеу» теориясын алға шығарып, одан
кейін «
қайта ойлану», сонында «түпкі тамырға оралуды» дұрыс деп
тауыпты. Ал Жапонияны жо
ғары өркениетке көтерген алғышарт –
өзіндік ұлттық болмысы мен намысын сақтай отырып әлемге шығу
екені аян. Б
үгінгі күнде Франция сияқты елдердің өзі де
американды
қ үлгіге аса сақтықпен қарайды.
Жат
қа еліктеу – өзін-өзін қор санау. Бұл ұлттық сана жетілмеген елде
болатын к
өрініс (Еліктеуге берілу салдарынан рухани тәуелділік
қамытын кию мен экономикалық-мәдени байланыстардың жөні әр
б
өлек). Өзінің ұлттық құндылықтарынан болашағы жоқ деген
т
үсінікті қалыптасуы – адамның жан дүниесін аздыратын қатердің
бірі. Оны
ң жастар арасында, бала сенімінде ұялауына жол беріп
қоюға болмайды. Осы тұрғыдан алғанда, тәуелсіз еліміздің ұлттық
мектебі
қандай болу керек деген мәселе толғақтылығымен
ерекшеленеді. Жастар арасында Т
әттімбеттің кім екенін білмей,
Майкл Джексон
ға құлдық ұру, Қорқыттың философиясын ұқпай
жатып, Фрейдке та
ңғалу, тасқа жазылған ата сөзін оқымай тұрып,
Куликово шай
қасын білгішсіну ауруы бар. Оның өзі ауыл баласы мен
қала баласы болып бөлінуіне, бірін-бірі менсінбеуге әкеледі. Қазіргі
ұрпақ құндылықтың қайда екенін біле алмай, адасу дәуірін қайта
бастан кешіп отыр.
Т
әуелсіздік алған алғашқы жылдарда шетел мектебін ашқысы
келгендер лап
қойды. Олардың әрқайсысының артында өз
мемлекеттеріні
ң мүддесі тұрды. Тіпті діни мүдделер тартысы да
ж
үріп жатты. Қазақ балаларын конкурстан өткізіп, қаймақтарын
та
ңдап алып, өз тілдерінде оқытып жатыр.
Қай тіл жетекші болса, баланың жаны сол тілде сөйлейді. Өз туған
еліні
ң құндылықтарын меңгеріп алмаған, 5-6-сыныптарға жаңа
келген баланы
ң жаны ол мектептерде қалай қалыптасады? «Қазақ
ж
әне ... » деп ат қойып алған шетел мектептері мен лицейлерінің оқу
ба
ғдарламасын сырт көзге дұрыс сияқты болғанымен, шын мәнінде
қазақ тілі – әдебиеті, тарихы сабақтары бірінші қатардағы маңызды
п
әндер санатында назар аударылмайды. Шетел мектебін бітірген
балаларды
ң ағылшын тілінде сөйлегенін қайтерсің, Әуезовтің бір де
бір шы
ғармасын талдап бере алмайды. Бұл көңіл аударуға тұрмайтын
құбылыстар ма?
Енді бір орыстілді мектептерде: «Біз
үш тілді бірден оқытып
жатырмыз», – дейді. Онысы – орыс, а
ғылшын, қазақ тілдері. Бұл
жерде жетекші тіл орыс тілі бол
ғандықтан, қазақ тілі ана тіл ретінде
қабылданбайды, ойлау тілі, жан тілі бола алмайды. Бала тілінің
қалыптасуы үшін ана тілі мәйек болып табылмайды. Рухани жан
д
үние мәйегі қай тіл болса, бала сонікі екенін ескерсек, өзге тілді
мектепте о
қыған баланың қазақ тілі – шет тілін меңгеру сияқты
әрекет болып қалады.
Елімізде 3,5 мы
ңдай қазақ мектебі, 2,5 мыңдай аралас мектеп бар.
Бірі математиканы, екіншісі – химия-биология,
үшіншісі -– қазақ тілі
–
әдебиеті, енді бірі музыканы тереңдетіп оқытып, ағылшын тілі мен
компьютерге ы
қылас аударылуда. Ұлттық тамырларға да көңіл
аударатын сия
қты. Бірақ ол бала тәрбиесіндегі тұтас бір кешенді
ж
үйеге бағынған түрде емес, жеке үзік түрінде жүргізілуде,
жекелеген мектеп,
ұстаздардың өз күшімен жасалып жатқан дүние
деуге болады.
Ұлттық мектептің ішкі мазмұны мен түрі, өзіндік
философиясын аны
қтап алмай, оны өмірге ендірмей отыруымыз
болаша
ққа қиянат.
Бізді
ң ойымызша, ұлттық мектептің моделін жасау барысында
қоғамдық пікірде қалыптасқан екі түрлі көзқарасты есепке алған
ж
өн. Бірі – дәстүршілдік, екіншісі – маргиналдық. Дәстүршілдікті
қолданушылар кейде жаңа заман ағымын есепке алғысы келмейді, ал
маргиналды
қ көзқарастағылар дәстүрге заман дамуына кедергі
болатын фактор ретінде
ғана қарайды. Дұрысы дәстүрдің
б
ұрынғысы мен бүгінгісін саралай ала отырып, жаңа заманға қарай
ба
ғыт түзеу болса керек. Ұлттық мектептің үлгісін жасау ұлттық сана
мен
қазақи кісілікті жан дүние қалыптастыру арқылы әлемдік
өркениетке кірудің тұтас жүйесін жасау деп білеміз. Әлемдік
өркениет бұл ғасырда мәдениеттердің бір-біріне кірігуі арқылы ғана
емес,
әр халық мәдениетінің өз болмысын сақтап қалуға ынта-
ы
қыласымен белгіленуі тиіс. Әр халықтың өзін іздеуі мен тануы –
оны
ң өркениетті елдер арасында тең дәрежеде болуының кепілі.
Ойды
қорыта кетсек, ұлттық мектебіміздің философиясы дәстүрлі
т
үркілік өркениет пен қазақ әлемі негізінде жасалып, әлемдік
өркениетпен сұхбат қарым-қатынасында болуы қажет.
Мектепте баланы
ң тарыдай болып кірген күнінен – таудай болып
шы
ққанға дейінгі аралығында жан дүниесінің ұлттық рухта
қалыптасып, әлемге ізгілік көзқарасының орнығуы үшін, қазақ
м
әдениетінің қатпарларына үңіліп, ол туралы тұтас, кешенді ұғым
т
үзілуін басты мақсат ету ләзім. Мысалы, Қазақстан тарихынан бала
жаныны
ң ерлікке ұмтылғыш талаптарын қанағаттандыратын
к
өріністер бақшада – бастауышта әңгіме түрінде беріліп, орта және
жо
ғары сыныптарда жүйелі негізі қаланады. Тарихымызды 5-
сыныптан бастау
өте кеш қалу деп түсінеміз. Сондай-ақ түркі
әлеміне ортақ ежелгі әдеби мұраларды балабақшадан сіңіру. Тұмар
патшайым, М
өденің, Білге қаған, Құлтегін, Оғыздың ерліктері – қай
жаста
ғы баланың болсын ұғымына сыятын дүниелер. Жоғары
сыныптарда
Қорқыт пен Баласағұни, Ясауи ойшылдығының
негіздері мен д
үниетанымы талданады. Жыраулық поэзияны оқытуға
ке
ң орын беріледі.
Қазақ өнерінің жұлдыздары, кешегісі мен бүгінгісі әр буында
о
қытылады. Олардың үні үзбей бала құлағында естіліп тұрады.
Ма
қсаты – ұлттық-эстетикалық талғам қалыптастыру, санаға сіңіру,
ж
үрекке жеткізу. Жүрекке сіңгенді жат дүниенің көбігі өшіре
алмайды.
Діни сенім рухани сананы
ң негізін қалайды. Ислам дүниетанымы мен
тарихы,
әлемдік мәдениетке қосқан үлесі «Ислам мәдениеті» сабағы
ар
қылы оқытылады. Бата беру, құран оқи білуді кішкентайдан
үйретуді тек ата-анаға ысырып қою аздық етеді. (Ата-анасыз 80 мың
бала барын ескерейік). Оны
әдеп – имандылық сабақтарына қосқан
абзал.
Қызды тәрбиелеу – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Халықты тану үшін
қызын көр. Қыз баланың қылығы мен әдебін қазіргі жоғарғы
талаптар де
ңгейінен мәдениет деңгейіне көтеру арқылы үйретсе,
т
ұрпайы еліктеуге орын қалмас еді.
«
Әдеп» сабағы барлық сыныптарда жүрсе. Оның әр сыныптағы
ма
қсаты бар. Бастауышта «Әдеп әліппесі», 5-7– сыныпта «Қазақтың
д
әстүрлі әдебі» оқытылып, жоғары сыныптарда ұл-қыз әдебі бөлек
өтуі тиіс. Себебі тек ұлға немесе қызға ғана тән мәселелердің басын
ашып айту керек-а
қ. Мысалы, қыздар үшін мына сияқты
м
әселелердің маңызын кім жоққа шығарады:
Сезім
құпиясы. Жақсы көру. Ұнатып қалғанның бәрі махаббат па?
Мектептегі жігіт. Адам
өміріндегі әр уақыттың өз мақсаты бар.
Қыздың күші – нәзіктігінде. Мінез. Бой күту сырлары. Жастықтың
өз бояуы. Қылықтың сиқырлы күші. Табиғылықтың тартымдылығы.
Қыз қадірі неден? Қыз бойындағы түрлі өзгерістер. Жұқпалы
аурулар. Лас сезімдерден
қорғау т.б. (Бағдарламада берілген).
Сонымен бірге «Отбасында
ғы қарым-қатынас мәдениеті», «Мектеп
жасына дейінгі баланы
ң жан дүниесі мен тәрбиесі», «Еуропа және
шы
ғыс этикеті» сабақтарының мақсаты болашақ өмірге қажетті
да
ғдыларға дайындау болып табылмақ.
Өз ана тілінің сырын меңгеріп үлгірмеген балаға өзге тілді
қосақтауға болмайды. Орыс тілінің өзін 1-сыныптан қосарлау
ке
ңестік жүйенің айла-шарғысы болатын.
Баланы жасытпай о
қуға мән беріліп, мектеп өмірінде орын алған
әміршілдік қарым-қатынасқа орын қалдырмайтын іс– тәсілдерді
жина
қтау, бағаны жаза ретінде қолданбау амалдары (мысалы,
рейтингті пайдалану),
өз пәні бойынша ақпаратты жақсы айтып
беруші м
ұғалімнен гөрі, баланы рухтандырушы ұстаздың еңбегін
ба
ғалау мектептің беделін көтереді.
Ұлттық мектептің қарым-қатынас атрибуттары да маңызды мәселе.
«Сенім» ба
ғдарламасының мақсаты: баланың ұлттық санасы мен
болмысын
қалыптастыру негізінде өркениетке шығару. Жасытпай
о
қыту, кембағалдықтан құтқару. Мәдениеттерді меңгерту. Сенімді
азамат ету.
Іске асыруды
ң алғышарттары: Шәкіртпен кісілік-демократиялық
қарым-қатынас орнату. Шәкірттің ынта– ықыласын оятып-дамыту
ар
қылы оқыту. Адамшылық қарым– қатынасқа итермелейтін
тетіктерді іске
қосу. Бағдарламада бұл тетіктер мүмкіндгінше
қарастырылған.
«Сенім»
ұғымының мақсаты: Шәкірт мүмкіндігіне сену, шәкірттің
өз мүмкіндігіне сенуі.
Ш
әкірт моделі:
–
ұлттық санасы мен болмысы қалыптасқан,
м
әдениеттерді меңгерген;
–
өзіне сенімді. Еңбектенуге үйренген, білім іздеудің жолын игерген;
–
өзін ортада ұстай біледі, пікірін еркін айта алады;
– адам
ға құрмет сезімінде тәрбиеленген, адамдардың тұрмысында әр
т
үрлі екенін мойындайтын және сыйлайтын адам.
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Баламен те
ң сөйлесу қажет. Қарым-қатынаста «Сіз» деу, қандай қиын
жа
ғдайда да арына тимеу, адамдығын таптамау, кешіріммен қарау.
– Сіз
үй тапсырмасын орындай алдыңыз ба?
Бала
ға «Сіз» деу – кісілік, сыйластықтың белгісі. Оның жұрт
алдында
ғы беделін бағалау.
Та
ғы бір қажетті сөздер: «мырза», «бикеш», «бике». Дәстүрлі
т
әрбиемізде кішкентай балаға да «мырза» деп сөйлеген. Осы әдемі
салтымызды жандандырудан неге
үркеміз? Кеңес заманында салт-
д
әстүрдегі ғасырлар бойы қалыптасқан қатынас ұғымдардың
с
үйкімсіз стеоротипі қалыптасты. Мысалы, «бикеш» сөзі туралы
осыны айту
ға болады.
Б
ұл сөздердің мектеп өміріне енуі ешқандай қолайсыздық
тудырмайтынын аш
қан мектебімізде тәжірибеден өткіздік.
Әсіресе ұстаздар тарапынан дұрыс түсіністікпен қолданған жағдайда
тез-а
қ үйреніп кетуге болады. Мысалы:
– Марат мырза (С
әуле бикеш), сіз үй тапсырмасын орындай алдыңыз
ба?
Ш
әкірт жас ұстазға:
– И
ә, Күлпәш бике, тапсырманы орындадым.
Жасамыс
ұстазға:
– И
ә, Шапиға бибі (немесе ханым), тапсырманы орындадым.
Қарым-қатынасты шәкірттердің жан дүниесіне қарай бағыттау
қажет. Адамшылық – мектеп өмірінің өзегі. Бұл жайлар «Жиырма
то
қтамда» (төртінші қосымша) жинақталған. «Сенім»
ба
ғдарламасымен жұмыс істейтін мектептегі ұстаз «Жиырма
то
қтамды» талдап, дамып-жетіліп отырғаны дұрыс. Мектеп
басшылы
ғы мен ұстаздар арасында адамгершілік қатынас, түсіністік
жасалады.
Ұзақ уақыт көрген қорлық адамды қатыгез қылады. Бала ұстазын
досым деп
қабылдайтындай болуы қажет. Мейірім шуағына көбірек
шомылсын.
Адам – баласын
өз жан дүниесінен жасап шығарады. Ақылды болса –
парасатты бала
өседі. Сараңнан – ызақор, жалқаудан – бұзық, зордан
жалта
қ шығады. Мектеп те ата-ана сияқты, оның тәрбиесі ақылды,
мейірімді болсын.
М
ұғалімнің түпкі мұраты: баланың рухани өсуіне басшылық жасау.
Рухани
өсіру дегеніміз -
– кісілік
қасиетін дамыту;
– шы
ғармашылық қабілетін дамыту;
– д
үниетанымын кеңейту т.б.
М
ұғалімге қажетті қасиеттер:
– жылылы
қ;
– т
үсінгіштік;
– сезімталды
қ;
– баланы шабыттандыра білу;
– бала
ға адам ретінде қадірлі болу;
– саба
ғының қызықты әрі пайдалы болуы;
– шы
ғармашылық ізденісі.
М
ұғалімнің жұмыс нәтижесі
Ш
әкірттің:
–
өзін еркін сезінуі;
– саба
ққа қызығуы;
– білімі;
– адамшылы
қ қарым-қатынасы;
– м
әдениеттілігімен бағаланады.
М
ұғалім еңбегінің саралануы
Әр тоқсан сайын шәкірттерге сауалдамалар беріліп, қорытындыланып
отырады. (Екінші
қосымшаны қараңыз.)
М
ұғалімді қызметке қабылдау кезінде ауызша және жазбаша
сауалдамалар
қолданылады. (Үшінші қосымшаны қараңыз.)
Мектепке
қабылданған мұғалімге жиырма тоқтамнан тұратын
н
ұсқау беріледі. (Төртінші қосымшаны қараңыз.)
М
ұғалімде күнтізбе жоспары және шығармашылық ізденіс дәптері
болуы
қажет. Жаттанды сабақ жоспарының трафереті міндет емес.
С
ӘЛЕМДЕСУ
Ұлттық мектептің келбеті сәлемдесуден бастап көрінеді. Қай бір
тарихи к
өркем шығармаларды қарасаңыз да, халықтық аңыз– әңгіме
шежірелеріне к
өзіңіз түссе де, бұрынғы қазақтың екі қолын
кеудесіне
қойып амандасқанын аңғарасыз. Бұл салт әлгі күнге
са
қталған, бірақ мектепке дәстүр болып енбей қалған. Шәкірт пен
ұстаз, шәкірт пен шәкірт былай амандасуы керек.
Ұлдар (мырзалар):
– Ассалаумалейкім. О
ң қолын көкірегінің жүрек тұсына қояды.
Ал алыстан келген, к
өптен көріспеген кісімен, жасы да, жолы да
үлкен қадірлі қонақпен екі қолын кеудесіне айқастырып амандасуға
болады.
Қыздар (бикештер):
– Есенсіз бе? (С
әлеметсіз бе?) Оң қолын жүрек тұсын ишарат етіп,
с
әл жоғары қояды.
Ұлдар қыздарға:
– С
әлеметсіз бе?
– Есенсіз бе?
Ж
үрек басып амандасудың мәнісі: Адамдар бір-бірін шынайы
ізгілікке ша
қырады. Жан дүниесін нұрландырып, шуақ шашады.
ҮЗІЛІС
Үзілістің өзі баланың ұлттық мәдениетке енуіне көмектесуі керек.
Музыка п
әнін үйрететін ұстаз арнайы «Үзіліс» бағдарламасын
жасайды. Онда баланы
ң естіген сазын есте сақтау, үйрену мерзімін
ойлай отырып,
қазақ ән-күйлерін үзіліс сайын, қоңырау орнына,
беріп отырады. Шарылда
ған қоңырау шошытады. Жайлап айтыла
баста
ған ән мен күй жанға жылы тиеді. Бірнеше рет қайталанғаннан
кейін балаларды
ң ыңылдап үйрене бастағаны аңғарылады.
Осылайша
құлағында қалып, көкірегіне сіңе береді. Мектептегі
ш
әкірт көптеген әнді біліп– айтып немесе күйді айырып тарта білетін
болуы керек.
Музыка,
әйтеуір, оқыту емес, үйрену мақсатын алға қояды.
САБА
ҚТАҒЫ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРГЕ ТҮСІНІК
Баланы
ң ұлттық болмысы ұлт мәдениетін терең біліп өсуіне
байланысты
қалыптасады. Мәдениет өнерге ғана қатысты емес.
Оны
ң аясы кең. Адамзат өркениетке мәдениетті дамыту арқылы
жетті.
Қазақ халқының да сан ғасырлық мәдениет тәжірбиесі оны
ұлт ретінде қалыптастырады.
Бізді
ң бағдарламамыз жалпы ортақ білім базасының мазмұнына
қосымша сабақтарды енгізуді ұсынады. Сонымен бірге халық
т
әрбиесінде болған, бірақ қазіргі қалыптасқан жүйеде кездесе
бермейтін «д
әстүрлі емес» әдіс-тәсілдерді қолдануды қажет деп
есептейді. Ол
әдіс-тәсілдер баланың өзіне деген сенімін арттыруға
игі
әсерін тигізеді. Баланың «Мен»-ін сыйлау, құрметпен қарау –
басты назарда.
Тере
ңдетілген сабақтардың уақыт жағынан сыйымдылығын жан-
жа
қты ойластырып шешуге болады. Мысалы:
бастауышта
ғы сабақтардың 30 минуттан өткізу мүмкіндігін
қарастыру. Толық жүктемеге жеткізу. Факультатив түрінде
ұйымдастыру. «Дене мәдениеті» (дене шынықтыру) пәнін үйірме
т
үрінде түстен кейінге шығару т.б.
Е
ң негізгісі – сабақта жанға жайлы орта жасау. Шаршатпау. Сабақ
қызық әрі пайдалы болуы қажет. Осы екі шарттың бірі орындалмаса,
саба
қтың толық мәні болмағаны.
БА
ҒДАРЛАМА БОЙЫНША ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Хат жазысу. Ш
әкірт пен ұстаз, шәкірт пен шәкірт арасында терең
байланыс орнату
ға, түсіністікке, достық қарым-қатынасқа
т
әрбиелейді. Баланың креативті-шығармашылық мүмкіндіктерін
ашады. Б
ұл – бұрынғы қазақ өмірінде адамның адамға деген сезімін,
са
ғынышын, сыйластығын, парасатын жариялаудың бір формасы
ретінде ке
ңінен орын алған дәстүр болғанымен, қазіргі жастар
ортасында
ұмытып бара жатқан өнер.
Практикалы
қ-бейнелеу. Әсіресе әдебиет сабақтарында көркем
м
әтінді сахналандырып отыру. Бұл әдіс сандық түсініктен сапалы
т
үсінікке әкеледі. Көркемөнерге, шығармашылыққа тәрбиелейді.
К
өркем бейнелер арқылы оқыту бала қиялын дамытады. Жан сезіміне
әсер етіп, рухтандырады. Бұл сабақтарға: пән мұғалімі, драма
жетекшісі, музыка,
қол өнері мен бейнелеу өнері мұғалімдері бірдей
қатысады.
Музыка – мектеп
өмірінде негізгі мәнге ие. Үзіліс, практикалық-
бейнелеу саба
қтары, жалпы сабақтар музыкамен тығыз байланыста
болады. Баланы
ң ашылуына көмектеседі.
Мектеп бала шы
ғармашылығын дәріптейді. Шәкірттің өлеңі, сурет,
қөлөнері т.б. шығармашылығы көп алдына күнделікті шығарылып
отырады.
С
өйлеу және қарым-қатынас мәдениетін үйрену. Пікірталастар,
баяндамалар жасау, реферат, ша
ғын ғылыми жұмыстар қорғау –
негізгі м
әнге ие. «Сөйлеу мәдениеті» сабағы осы мақсатқа қызмет
етеді. Баланы
ң аузына сөз салуға мән беріледі. Әдеп сабағы да осы
ма
қсатқа қызмет етеді.
Шы
ғармашылық және «Би мәдениеті» кештерінде бала тек көрермен
ретінде
қалмауы қажет. Өзін ортада қымсынбай, еркін ұстап,
үйренуіне қолайлы орта жасалады.
Киіну м
әдениетін қалыптастыру. Талғаммен киіне білу – адамның
өзіне сенімді болуының кепілі. Әдеп сабағында бұған көбірек мән
берілуі
қажет.
Дене м
әдениеті, ырғақ, би мәдениеті сабақтары баланың денесін
игере алмаудан ту
ған сенімсіздігін жояды.
Бала ж
әне табиғат. Жекелеген сабақтардың табиғат ортасында өтуі
жоспарланады. Бір к
үні түгелімен табиғат аясында өтетін «Көшпелі
саба
қтар» болады. Мектеп ауласы – тек үзілісте уақыт өткізетін орын
ғана емес, баланың табиғатпен етене араласуына қызмет ететін орын.
Аула – ша
ғын өсімдік және хайуанат әлемінің рөлін атқарады.
Топты
қ басқару. Онда әр түрлі жастағы шәкірт қызығуы,
психологиялы
қ сыйымдылығы, мінез ерекшеліктеріне қарай бөлініп,
а
ға-інілік қарым-қатынаспен жұмыс істейді. Бұл ұялшақ, әлсіз
балалар
ға өзін сенімді сезінуіне көмектеседі. Басқарып үйренуге,
ма
ңындағы жасы кішілермен санасуға, үлкенге – құрмет, кішіге –
ізет м
әдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі. Топтағы балалар
белгілі бір мерзімде орын ауыстырып отырады. Субъективті
қатынастарға көп мән беріледі.
Мектеп – т
әрбиелі отбасының моделі. Мектеп ішінде тәрбиелі
отбасында
ғы қатынастар моделі жасалады. Отбасының тәжірибелі
басшысы бар. Отбасы сол басшылы
ққа жүгінеді. Сыйластықты,
жылы
ұя. Ұяның әр мүшесі өз жұмысын біледі. Әрқайсысы
отбасыны
ң тыныштығын сақтауға мүдделі болады.
Бала е
ңбегінің бағалануы. Бала еңбегін бағалауға рейтинг жүйесі
қолданылады. Ол демократиялық қатынастар орнатуға қызмет етеді.
Ма
қсаты: бірінші орында баланың еңбектенуі тұратындығында.
Тынымсыз е
ңбек қабілетті дамытады. Рейтингі жүйесі бойынша:
1) саба
ққа қатысуы; 2) даярлығы; 3) үй тапсырмасын орындауы; 4)
өзіндік жұмысы; 5) ынтасы; 6) сабақтағы жауабы, ескерілуі.
«Екі» деген ба
ға болмайды (Бірінші қосымшаға назар аударыңыз)
ТЕРЕ
ҢДЕТІЛГЕН САБАҚТАРҒА ТҮСІНІК
Достарыңызбен бөлісу: |