Студентті
ң айтқаны:
«Бала кезімде бізді
ң мектепте бір қатал мұғалім болды. Есіктен
кірмей жатып, бір кемшілігімізді тауып ала
қоятын. «Ал, Пәленшеев,
жа
ңа сен коридорда жүгіріп жүр едің, сабақты қалай білер екенсің,
к
өрейік!» – дейді ызғарланып. Бала байғұс сабақ басталмай жатып
іске ал
ғысыз болып қалғанына қиналып, партадан әзер сүйретіліп
шы
ғады. Мұғалім жаңылысқан жерін іліп алып ұрсып, тұқыртумен
болады.
Ол кісіні
ң тағы бір рақаттанатын жұмысы – кімнің сабақ айту керек
екенін журналдан іздеп табу. Сызданып, к
өзімен лайықты оқушыны
іздеп,
ұзақ үнсіз қалатын. Тышқанмен ойнаған мысықтай, ойша
әрқайсымызды бір алып, бір салып, сынай бағып, уақытты ұзарта
т
үсетін.
Кішкентай ж
үрегіміз қорқыныштан дір-дір етіп, ауыр үкім
еститіндей,
қиын минөтті бастан кешіретінбіз. Оқымай келгендіктен
емес, м
ұғалімнің ызғарынан қорқушы едік.
Сонда бір
қызымыздың айтқан сөзі есімде қалыпты: «Осы мұғалімге
ерегіскеннен
өзім де мұғалім болып, баласы менің қолыма түссе,
«екіден» к
өзін аштырмас едім!» – деген.
Өзін мықты маманмын деп есептейтін ағайымыз сабағын бәрінен
жо
ғары қойып, сол арқылы беделін қанша көтермелегенмен, осы
саба
қты жек көріп кеттік. Мұғалімді жек көру арқылы, біздің
ж
үрегімізде кінәсіз пәнге қарсы тұрақты аллергия қалыптасты».
* * *
Зор мен бор.
Қазақтың бұрынғы шешеңдік сөзінде:
«Ініні зордан, а
ғаны бордан» деген бар екен. Сондай-ақ момын,
жылауы
қ адамды «боркемік» дейді. Жоғарыдағы «бор» дегенім –
к
өнбіс адам, «зор» – зорлықшыл.
Зорлы
қшыл мен көнбістің типін мұғалімдер ұжымында әркім-ақ
бай
қайтын болар. Бірақ зорлықшылмен күресу оңай еместігі тағы
аян. Зорлы
қшыл айналасында көнбістер болмаса, өмір сүре алмайды.
Зор зорлы
ғын өзі сияқты мұғалімдерге де, оқушыларға да жасайды.
Оны мектепте «
қатал мұғалім» деп атайды. Қатал мұғалімді
үстіміздегі ғасырдың бас кезінде өмір сүрген педагог-ғалым К.Г.
Житомирский (1863-1918) жазып, сипатта
ған екен. Кейбір
т
ұжырымына назар аударайық:
Зорлы
қшыл (террорист) мұғалімнің мінезі тастай берік, ішін
алдырмайтын
қатал болады. Сергек, даусы өктем, көібіс мұғалімдерді
моітаіы
қылып қояды, тіпті көнбейтіндердің өзін де бағындыра
біледі. Ба
ғындыру әдістері мынадай:
Кемшілігін тауып, ж
үрттың көзінше өктем дауыспен айқайлап, ұялту.
Класында сол м
ұғалімнің баласы болса, «екі» қойып, соңына түсіп,
а
қыры бейшара қылу.
О
қушыларға ылғи зекіп сөйлеу, ұрсу арқылы қорқыныш тудыру.
О
қушылардың қорқынышы тез арада мектепке тарап, тіпті есік
аузында
ғы күзетшіге дейін, қатал мұғалімнің атын сыбырлап
айтатын болма
қ.
Зорлы
қшыл көбіне өз сабағын біледі, білмей-ақ білетін сияқты
болып к
өріне алады. Оқушылар басқасын қойып, осы сабақты күні-
т
үні оқиды. Тіпті нашар оқушының өзі тырысады. Олай болса,
зорлы
қшыл мықты педагог шығар. Жоқ. Нашар педагог. Жақсы
м
ұғалімнің талабы оқушыға қорқыныш туғызбайды. Жақсы
м
ұғалім сабақ кезінде оқытады, ал Зорлықшыл барлық сабағын
емтихан
ға айналдырады. Үйге тапсырмаға бірнеше тарауды бір-ақ
беруге
қүмар. Оның негізгі әдісі – қорқыту, өш алу.
Зорлы
қшылдың сабағынан кластың жартысы тапсыра алмай жүреді.
Сонды
қтан баланың осыдан басқа сабаққа дайындалуға уақыты
жо
қ. Тіпті ата-анасы, туыстары болып жабылып, репетитор тауып
о
қытып жатса да, көңілінен шыға алмайды. Өзі оқытуға тиісті
саба
ғын репетитордың мойнына жүктеп, оқытушыдан – тексерушіге
айнал
ған. Зорлықшылдың сабағын білу көнбістердің сабағын
білмеуді
ң есебінен орындалады.
* * *
Бірінші клас
қа баласын әкелген ата-аналар қай мұғалімнің жақсы
екенін біле алмай, бір-бірінен пікір с
ұрасып жатты. Көпшілігінің
аузында та
қ-тақ етіп сөйлейтін бір пысық мұғалім мақталады.
– Б
ұл кісі қалай оқытады екен? – деп едік, баласы жоғары кластағы
бір т
әжірибелі әйел:
– О, ол, жа
қсы мұғалім, – деді. – Айқайлап жібергенде, балалар су
сепкендей басылады, білдіріп шы
ғады.
Ж
ұрттың көпшілігінің ықыласы осы мұғалімге қарай ауысты.
Тезірек тізімге ілігіп
қалғысы келіп, жапа-тармағай жазыла бастады.
Өзім неге екенін қайдам, кіп-кішкентай баламды аяп кеттім де,
қарапайым мұғалімге бере салдым.
«Учительская газетадан» о
қыған мына бір әңгіме еске түсті:
Саба
қ үстінде артқы партадағы бір бала козғалып, тыныш
отырмайды. Біресе
қаламы түсіп кетеді, біресе өзі құлап қала
жаздайды. Мазасыз екен, жуы
қ арада сабасына түсе алмайды.
Тексеруге келген кісі: «Б
ұл балаға мұғалімі не істер екен?» – деп,
қызыға күтіп отырады. (Біз болсақ, не істейтініміз белгілі ғой).
Бір аздан со
ң мұғалім сабақ айтып жүріп, артқы партадағы тентектің
қасына келіпті. Тексеруші құлағынан тарта ма екен деп күтіп
отырады. Жо
қ, кластағы оқушылардың назары тақтаға ауған кезде
ала
қанымен баланың басынан сипапты.
Баламны
ң ұстазы осы мұғалім болсашы...
* * *
Бір клас
қа тарих сабағынан жаңадан ағай келіпті. Өңшең апайдың
ішінде а
ғайы болғанға ер балалар қуанған шығар деп: «Ағай жақсы
кісі ме екен? Саба
ғы қызық болды ма?» – деп сұрадым. Бала:
–
Әлі көреміз ғой...– деп күмілжіп қалды. – Қайдам, ағайдың қолы
қатты болады ғой. Құлағыңнан тартса, ауыртатын шығар...
Баланы
ң құлағына көзім түсіп еді, шап беріп ұстап алуға ыңғайлы,
қалқақтау екен. Бір-бірімізді ұққандай үнсіз қалдық.
– М
ұғалімнің жұмысы қиын ғой, – деді бір студент. – Жүйкені
тоздырады.
Расында, кей м
ұғалімдер бастығына айта алмаған ашуын,
отбасында
ғы ренішін, қоғамға наразылығын класқа әкеліп төгеді.
Жасы
үлкен адамның алдында қорғану қабілеті әлсіз балаларымыз
б
әрін көтереді, енді қайтеді. Өзінің жүйкесі тозған мұғалім,
о
қушының жүйкесін ауру қылады. Жүйкесі ауыратын, ішуді тәуір
к
өретін мұғалімді бала оқытуға жолатуға болмайтынын ескеріп
жат
қан жоқпыз.
Еске сала кетейік, Америкада бала
ға «ақымақсың», – деп айтқаны
үшін-ақ жауапқа тартылуы мүмкін.
А.Б. Добровичті
ң «Тәрбиешіге психология және қарым– қатынастың
психотехникасы туралы (Просвещение, 1987) деген кітабыны
ң «Өзіңе
қара» деген тарауында айтыпты:
«
Өзіңді оқушылардың қалай қабылдайтынын білу үшін, бетіңді
қырынан көре алатындай етіп, екі айнаны алдыңа қой да, әдеміленуге
тырыспай, аузы
ңды сөйлегендей қимылдатып, кластағыдай арқаңды
б
үкірейтіп қарашы. Өзіңе-өзің ұнайсың ба? Енді осы түріңді күнде
к
өретін балаларға қалай әсер ететініңді байқаған шығарсың».
* * *
Достарыңызбен бөлісу: |