Мақлұқ قولخم – жаратылған. Діни термин ретінде барлық жаратылған нәрсе-
лерді қамтиын жалпы атау.
Мақтуғ عوطقم – үзілген, кесілген. Хадис ілімінде табиғиндердің және олар-
дың шәкірттерінің сөздері, істері мен құптаулары «мақтуғ хадис» деп аталады.
Манат ةانم – Исламға дейінгі дәуірде Ясриб (Мәдина қаласының көне атауы)
қаласында мүшріктер табынатын, Араб жазирасында ғана емес, Шамда да құрмет
тұтылған жазмыш пен ажалдың әйел құдайыдың пұты. Жәһилият дәуірінде аус
пен хазраж рулары Қағбамен қатар оның ғибадатханасына да қажылық жасайтын
болған.
Мандуб بودنم – құпталатын амал. Шариғатта орындалуы абзал, орындамаға-
ны үшін сөгіс алмайтын амал. Қара: сүннет, нәпіл.
Мантық. Логика ілімі.
«Муталаға ашылды», демек, «Мантық», «Ғақайыдты» оқып жүріп, «Кафия»,
164
«Шарх Ғабдолланы» өз талабымен халфесіз, хазіретсіз, дәріссіз фәһімлейтін болса,
соған айтса ләзім» (М.Әуезов, Шығ. жин.).
Мансух (мансұқ) خوسنم – күшін жою, үкімі алынып тасталу, күші жойылған
үкім. Шариғатта кейбір үкімдер алғашқыда басқаша болған кейіннен ол үкімдердің
күші жойылып, орнына басқа үкімдер келген. Мансух тек қана Мұхаммед пайғам-
бардың көзі тірісінде ғана болған, ол қайтыс болғаннан кейін мансух болатын үкім
жоқ.
Маратиб әл-жарх уа әт-тағдил رجح نب ظفاحلا دنع ليدعتلاو حرجلا بتارم – жарх және
тағдил дәрежелері. Мухаддис ғалымдар жарх пен тағдил, яғни хадис риуаят еткен
адамның әділдігі мен айыптарын әшкерелейтін сипаттарды әртүрлі топтастырған.
Біз көрнекті мухаддис ғалым Әл-Хафиз ибн Хажардың топтамасын ұсынамыз. Ол
жарх және тағдилдің дәрежелерін төмендегідей топтастырады: 1) ةباحصلا сахабалар.
2) Асырмалы шырайда мадақталған, мақталған және бір сипаты екі рет сөзбе-сөз
немесе мағынасымен қайталанып мадақталған рауи. Мысалы: سانلا قثوأ (уасақ ән-
нас) адамдардың ең сенімдісі, سانلا ظفحأ (әхфаз ән-нас) жаттау қабілет ең жоғары
және ةقث ةقث (сиқа сиқа) сенімді, сенімді немесе ظفاح ةقث (сиқа хафиз) сенімді, жатқа
білетін деген сипаттармен мадақталған рауилер. 3) Бір ғана сипатпен мадақталған
рауи. Мысалы: ةقث (сиқа) сенімді, نقتم (мутқин) шебер, мықты, تبث (сәбит) нық, берік,
لدع (адл) әділ деген сипаттармен сипатталған рауилер. 4) Алдынғы дәрежеден сәл
төмен тұратын рауилер. Бұл топтағы рауилерді قودص (садуқ) сенімді هب سأب لا (лә бә-
сә биһи) оқасы жоқ деген сипаттармен сипаттайды. 5) Бұл топтағы риуаилерді мына
сипаттармен сипаттайды: ظفحلا ءيس قودص (садуқун сәйииул хифз) есте сақтау қабілеті
нашар сенімді рауи, مهي قودص (садуқ иһимму) қателесетін сенімді рауи, ماهوأ هل قودص
(садуқ ләһу әуһам) қателіктері бар сенімді рауи, ئطخي (юхтиу) қателеседі, هرخآب ريغت
(тағайяра) қартайған кезінде есте сақтау қабілеті нашарлап шатаса (алжи) бастаған.
Сол сияқты осы топқа діннен шығып кеткен ағымдарға (мысалы: қадария, жәбрия)
жататын рауилер де кіреді. 6) Бірнеше ғана хадис риуаят еткен рауилер. Оның ха-
дисін қабыл етпеуге себеп жоқ, сол үшін оның хадисін қабыл етілген деп атайды
және екінші бір хадисті қуаттау үшін дәлел ретінде жүреді. 7) Бір рауиден бірнеше
адам хадисті риуаят етсе, бірақ оны сенімді ететіндей дәлел жоқ болса, ол рауи-
ді لاحلا روتسم وأ لاحلا لوهجم (мажһул әл-хәл немесе мастур әл-хәл) «жағдайы белгісіз
рауи» деп атайды. 8) Рауиді сенімді ететіндей себеп жоқ, бірақ оны әлсіз, сенімсіз
ететін дәлел, не үшін әлсіз деп есептегенін ашып айтпаған рауи. Жалпы ондай рауи
«дағиф» (әлсіз) деп аталады. 9) Бір рауиден тек қана бір адам риуаят етсе және оны
сенімді ететін дәлел жоқ болса, оны لوهجم (мажһул) «белгісіз» деп атайды. 10) Еш-
кім сенімді деп есептемеген және әлсіз деген сипаты бар рауи. Бұндай рауиді: كورتم
(матрук) тасталған, керек етілмеген, ثيدحلا كورتم (матрук әл-хадис) хадисі тасталған,
керек етілмеген, ثيدحلا يهاو (уәһи әл-хадис) хадисі өте әлсіз, طقاس (сәқит) құлаған деп
атайды. 11) Бұл дәрежеге өтірікші деп айыпталған рауилер жатады. 12) Өтірікші
және жасанды хадистер риуаят етеді деген сипаттары бар рауилер.
165
Достарыңызбен бөлісу: |