163
фи мазһабы, Мәликке телініп мәлики мазһабы, Шафиғиға телініп шафиғи мазһабы
және Ахмад ибн Ханбалға телініп ханбали мазһабы деп аталады.
Мақам Ибраһим ميهاربإ ماقم – Қағбаның қара тас бұрышынан өткеннен кейін,
Қағбадан шамамен 10 метрдей жерде диаметрі 1 метрге жақын домалақ күмбез ор-
наласқан. Сол жерді «Мақаму Ибраһим» деп атайды. Ол жерде Қағбаны тұрғызу
кезінде Ибраһимнің (аләйһис-сәләм) ізі түскен тас бар. Мүмкіндігі болған адамға
Қағбаны тауап еткеннен кейін осы тастың артында екі ракағат намаз оқығаны абзал.
Мақам махмуд. Әл-Мақам әл-махмуд. Макам Махмұд دومحم ماقم – мақтаулы
орын. Қиямет күні Аллаһ тағаланың Мұхаммед пайғамбарға
адамдардың ақтық
тағдыры шешілер тұста шапағат ету үшін беретін мақтаулы орны.
Макам Махмұд (Мақтауға тұрарлық орын). Ол
жөнінде Құранда ай-
тылған: «Раббыңның сені бір мақтаулы орынға жеткізуінен үміт етіледі» (17:79).
Муфассирлер Макам Махмұд шапағаттың ең жоғары дәрежесін білдіреді деп айт-
қан. Ка’б ибн Мәлік (р.а.) Қиямет күні Алла Өз Сүйіктісін (ﷺ) және оның үмбетін
бір төбенің басына көтереді. Алла Сүйіктісінің (ﷺ) басына тәж кигізіп, оған сөйлеу-
ге рұқсат береді. Ол қалағанын сұрауға мүмкіндік алады. Осы Мақтаулы тұрарлық
орын. Басқа риуаятқа сәйкес, Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Қайта тірілген күні
Алла мені Өзіне шақырады. Мен Алла тағаланың алдына барғанда, Даңқ Тағында
отырған Жәбірейілді (а.с.) көремін. Жәбірейіл айтады: – Алла тағала мені саған жі-
берді. Алла оның сөздерін растайды: – Ол шын айтады, оны Мен жібердім. Содан
кейін былай бұйырады: – Оған шапағат жаса. Мен бірден шапағат жасаймын. Бұл
Макам Махмұд» (http://asyldin.kz/article/view/id/13107.html).
Достарыңызбен бөлісу: