Мухитдинов на печать indd


Муаззин نذؤم – азаншы, азан шақыратын адам. Муаккада емес сүннет



Pdf көрінісі
бет130/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Муаззин نذؤم – азаншы, азан шақыратын адам.
Муаккада емес сүннет – бекітілмеген сүннет. Қара: сунна ғайр муәккәдә.
Муәккәдә сүннет – бекітілмеген сүннет. Қара: сунна ғайр муәккәдә.
Муәлә ةلاوم – жалғастыру, үзбеу. Дәрет алатын мүшелердің арасын үзбей, бірі-
нен кейін бірін жуу «муәлә» деп аталады.
Муәлләфә әл-қулуб (муәлләфәтул-қулуб) بولقلا ةفلؤم – жүректері Исламмен 
татуласуы көзделгендер. Олар зекет беруге болатын сегіз топтың бірі. Оларды үш 
топқа бөлуге болады: 1) Исламды қабылдауы және өз қауымын дінге шақыруы үміт 
етілген кәпірлер. 2) Исламға және мұсылмандарға тиетін жамандықтарынан сақта-
ну үшін зекеттен үлес берілетін кәпірлер. 3) Ислам дінін жаңадан қабылдаған има-
ны әлсіз мұсылмандар.
Мубах حابم – шариғат тыйым салмаған және бұйырмаған істер. Оны істегені 
үшін сауап алмайды және істемегені үшін жазаланбайды.


174
Мубиқат تاقبوم – шариғат тыйым салған өте үлкен күнәлар. Мысалы, 
Аллаһқа серік қосу, сиқырмен айналысу, нақақтан қан төгу, өсімқорлықпен айналы-
су, жетімнің малын жеу, шайқас алаңын тастап қашу, жалған куәлік беру.
Мубһәм مهبم – белгісіз, екіұшты, көмескі. Хадис ілімінде мәтінде және сә-
надта аты анық айтылмаған адам (ер болсын әйел болсын). Мубһәм рауидің атын 
анықтау арқылы оның сенімді екенін білсек, оның хадисін «сахих» деп, ал сенімсіз 
екенін білсек, оның хадисін «дағиф» деп айтамыз. Қара: муһмәл.
Муғамалат تلاماعم – фиқһ ғылымының адамдар арасындағы сауда-саттық
жалға алу, беру секілді қарым-қатынастарды зерттейтін саласы.
Муғата саудасы ةاطاعم عيب – сауда жасаған кезде «алдым», «бердім» деген 
сияқты сауданың болғандығын білдіретін сөздерді айтпастан, ақшаны беріп, затты 
сатып алу. Ислам шариғатында сауданың бұл түріне рұқсат етіледі.
Муғаттилә ةلطعم – Аллаһтың есім-сипаттарын жоққа шығарушы адасқан топ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет