162
М
М.ж. – милади жыл санағы, яғни христиан эрасы бойынша деген сөздің
қысқартылған үлгісі. Ол Иса пайғамбардың туған күнінен басталады. Біздің еліміз-
де осы жыл санағы қолданылады.
Мағази кітаптары. Мұхаммед пайғамбардың жорықтары туралы тарихи де-
ректерді жинақтаған кітаптар.
Пайғамбардың өмірбаяны мен қатысқан соғыстарына арналған әрі хадис не-
гізі ілімінің қағидаларына сай жүйеге келтірілген бұл кітаптар кейінгі кездерде жа-
рық көрген үлкен тарихи кітаптардың бстамасы болып табылады (Қ.Құрманбаев,
Хадис ілімі).
Мағдан ندعم – Аллаһ тағаланың жер қойнауында жаратқан қазба байлығы.
Бұл термин зекет тарауында қолданылады.
Мағрифатулла. Аллаһты тану.«Ол – Алла тағаланың заты, ешбір сипатқа
мұқтаж емес, біздің ақылымыз мұқтаж, жоғарғы жазылмыш сипаттар бірлән
тағрифлап танымаққа керек. Егерде ол сипаттар бірлән тағрифламасақ, бізге мағри-
фатулла қиын болады. Біз Алла тағаланы өзінің білінгені қадар ғана білеміз, бол-
маса түгел білмекке мүмкін емес. Заты түгіл, хикметіне ешбір хакім ақыл ерістіре
алмайды» (Абай, Тол. жин.).
Мағруф فورعم – шариғат пен ақыл-парасат жақсы әрі пайдалы деп санаған
нәрселердің бәрі. ركنملا نع يهنلاو فورعملاب رملأا (әл-әмру бил-мағруф уа ән-нәһи ъа-
нил-мункар) – жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю.
Достарыңызбен бөлісу: