248
сахих және хасан терминдерін бір хадистің сипаты ретінде кей жерлерде бірге қол-
данады. Бұл екі түрлі жағдайда болуы мүмкін: 1) Егерде хадисті бір ғана рауи риу-
аят етіп, «ол рауидің есте сақтау қабілеті мықты ма жоқ па?» деп күмәнданған кез-
де. Яғни оның есте сақтау қабілеті өте мықты болса, оның хадисі сахих хадистер
тобына жатады. Ал егер оның есте сақтау қабілеті әлсіздеу болса, оның риуаят ет-
кен хадисі хасан хадистер тобына жатады. Осы жағдайда бұл хадис хасан хадистен
жоғары және сахих хадистен төмен дәрежеде болады. 2) Кейде хадистің екі иснады
болуы мүмкін. Бір иснадта хадис сахих, ал екінші иснадта хасан. Осыны ескере
отырып хадисті «хасан-сахих» деп атайды. Осы жағдайда бұл хадис тек сахих деген
хадистен дәрежесі жоғары болады.
Хауаана ءاوح – Аллаһ тағала Адаматаның қабырғасынан жаратқан алғашқы
әйел.
«Арғы атам – Адамата, хақ,
пайғамбар,
Айырылып Хауа анадан болыпты зар» (Ш.Құдайбердиев, Шығ).
Достарыңызбен бөлісу: