249
Хижр رجحلا – Қағбаның қара тас тұрған бұрышынан кейін орналасқан доғал
пішіндегі жартылай тұрғызылған қабырға. Хижрдің іші Қағбаға жатады.
Хикмет ةمكحلا – даналық, құпия сыр.
Хилаф. Қайшы, қарсы, пікір қайшылығы. XIX
ғасырға дейін қазақ әдеби
тілінде қолданыста болған сөз. Кеңес үкіметі тұсында актив қордан түсіп қалған
діни сөздердің қатарына жатады. Қазіргі кезде діни әдебиеттерде және ауызекі ай-
тылатын уағыз-насихаттарда жиі қолданылып жүр.
«Указной
молланың хилаф ісін,
Әлбетте, оязной ахун тексерсін» (М.Дулатов, Шығ.).
Достарыңызбен бөлісу: